Регламенті Жалпы ережелер «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»



Дата16.06.2016
өлшемі357.88 Kb.
#139718
түріРегламент
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің 2014 жылғы
      14 наурыздағы№ 60 қаулысымен
      бекітілді
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру осы регламенттің 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну немемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталу негізі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мыналарды ұсыну болып табылады:
      субсидиялауға жататын іс жүзіндегі көлемдерге:
      құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынып, осы регламенттің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтінімдер;
      мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар;
      банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама;
      Республикалық асыл тұқымдық орталыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымдық зауытқа, етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродукторға 10 желтоқсаннан кешіктірмей шығындарын толық өтеу үшін:
      1) республикалық асыл тұқымдық орталық:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі-Министрлік) келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекция ұрығын, жабдықты, техниканы салып алуға шығындарды растайтын құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы;
      асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрығын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарын алуға, сақтауға және пайдалануға шығындарды растайтын құжаттардың бір данасы (оларды жүзеге асыру шамасына қарай);
      2) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымдық зауыт:
      асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, күтіп-бағуға, тренингке және айғырлардың ұрығын (оларды жүзеге асыру шамасына қарай) сақтауға шығындарды растайтын құжаттардың бір данасы;
      3) етті құс өсіру бойынша асыл тұқымдық репродуктор:
      балапандарды (оларды жүзеге асыру шамасына қарай)сатып алуға шығындарды растайтын құжаттардың (шарттар, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы.
      Көрсетілетін қызметті беруші олар бойынша негіздемелер пайда болған сәттен бастап 1 жылдан артық емес уақыт өткен өтінімдерді қарауға қабылдайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына мынадай рәсімдер (іс-әрекеттер) кіреді:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерікөрсетілетін қызметті алушының өтінімдері мен құжаттар топтамасын қабылдайды,күн және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді. Осы регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бөлімдеріне (бұдан әрі - бөлім) өтініммен құжаттар топтамасын жібереді – он бес минут;
      2) бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес өтінім алған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасын және көрсетілетін қызметті алушыны өлшемдер мен талаптарына, шарттарына сәйкестігін тексереді. Мына жағдайларда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына барады:
      жеке бағыт бойынша субсидия алуға өтінім бергенде;
      өткен жылдың субсидиясын алу үшін өтініммен салыстырғанда мәлімделген субсидиялау деңгейін арттырғанда;
      жеке бағыт бойынша мәлімделген көлем өткен айдағы өтінімнен жиырма пайыздан артық асқанда. Бөлім екі жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес өлшемдер мен талаптар сәйкес келмеген жағдайда, бөлім ұсынылған өтінімдер мен құжаттар топтамасын қайтару себебін көрсетіп, дереу қайтарады. Көрсетілген қызметті алушы түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта беруге құқылы.
      Өтінімді қабылдамау негіздері болмаған жағдайда, бөлім екі жұмыс күн ішінде көрсетілген қызметті алушы өтінімде ұсынған деректерді тексереді: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайттарындағызаңды тұлғалардың дерекқорында,мал басын тіркеу туралы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (бұдан әрі – АШЖБ) жүйесінде АШЖБ және шаруашылықтың мал басы санын тексеру актісімен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың бірыңғай ақпараттық қорында (бұдан әрі – АТЖ) мал басының санын салыстырады.
      Асыл тұқымды және селекциялық төлін, құс өнімін сатып алу, селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүзеге асыру, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы тиісті аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін жиынтық актіні жасайды. Бөлім бес жұмыс күн ішінде Басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта ұсынады, ал мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себептерін көрсетіп, өтінімді қайтарады. Бекітілген жиынтық акт өтінім болған жағдайда екі аптада кемінде бір рет «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) ұсынады;
      3) Басқарма қызметкері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін тіркеу журналына тіркеп, үш жұмыс күн ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілер көрсетілетін қызметті алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес көрсетілген өлшемдер мен талаптарға, шарттарға сәйкес келуінқарайды. Сәйкес келмеген жағдайда Басқарма оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, аудан, облыстық маңызы бар қала ұсынылған жиынтық актілерді бөлімге пысықтауға қайтарады. Үш жұмыс күн ішінде Басқармаауданның, облыстық маңызы бар қаланыңжиынтық актілерінасыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі жөніндегі облыс комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына жібереді;
      4) Комиссия отырыс қорытындысы бойынша тиесілі субсидиялар көлемін көрсетіп, облыс бойынша жиынтық акт жасайды. Комиссия төрағасыүш жұмыс күн ішінде комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді;
      5) басқарма қызметкері аумақтық қазынашылық бөлімшеге үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем есепшоттары тізбесін ұсынады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі, мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуы негізі болады:
      1) өтінімді құжаттар топтамасымен қабылдау, өтінім мен құжаттар топтамасын бөлімге (кеңсе қызметкеріне) тапсыру туралы тіркеу;
      2)ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін, өтініммен құжаттар топтамасын пысықтауға (бөлім қызметкеріне) қайтару;
      3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін журналда (басқарма) тіркеу туралы белгілеу немесе ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісінпысықтауға (басқарма қызметкеріне) қайтару;
      4) облыс бойынша жиынтық актіні бекіту және оны Басқармаға тапсыру (Комиссия);
      5) төлем есепшоттарының тізілімі және оны аумақтық қазынашылық бөлімшесіне (басқарма қызметкері) тапсыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) бөлім қызметкері;
      3)басқарма қызметкері;
      4) Комиссия;
      5) аумақтық қазынашылық бөлімше.
      8.Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімі мен құжаттар топтамасын қабылдау, өтінім мен құжаттар топтамасын бөлімге жолдау, талон беру (кеңсе қызметкері) – отыз минут;
      2) өтінім мен құжаттар топтамасын тіркеу, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес құжаттар топтамасын өлшемдер мен талаптарына, шарттарына сәйкестігін тексеру, ал заңды тұлғалардың (бөлім қызметкері) дерекқорында көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру – бес жұмыс күн;
      3) өлшемдер мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімді құжаттар топтамасымен бірге қайтару (бөлім қызметкері) – екі жұмыс күн;
      4) бюджеттік субсидияларды алушылардың аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін жиынтық актін жасап, басқармаға ұсыну (бөлім қызметкері) - екі аптада кемінде бір рет;
      5) аудан, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актін тіркеу, оларды қарау, оны Комиссияға жіберу (басқарма қызметкері) – үш жұмыс күн, жиынтық акті сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға қайтару – үш жұмыс күн, облыс бойынша жиынтық акт жасап, оны Комиссия төрағасына ұсыну;
      6) облыс бойынша жиынтық актті бекіту (Комиссия төрағасы) – үш жұмыс күн;
      7) аумақтық қазынашылық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем есепшоттар тізбесін ұсыну (басқарма) - үш жұмыс күн.
      Әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өтуінсүйемелдейтін блок-схемасы көрсетілген рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сипаттамасы осы регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетінқызмет регламентіне
      1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін облыстың, аудандардың және облыстық маңзы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары



Уәкілетті органдардың атауы

Заңды

мекенжайы



Байланыс
телефоны

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Петропавл қаласы, ҚазақстанКонституциясы көшесі,

58


8-7152-46-36-35

Петропавл қаласының әкімдігі

Петропавл қаласы, ҚазақстанКонституциясы көшесі, 23

8 -7152-46-92-31,

46-23-93


Мамлют ауданы Мамлют қаласының әкімдігі

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, АбайҚұнанбаев көшесі, 10-1

8-715-41-21-1-03

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкімдігі

М. Жұмабаевауданы, Булаев қаласы, Пушкин көшесі,16

8-715-31- 2-14-46

Тайынша ауданыТайынша қаласының әкімдігі

Тайынша ауданыТайынша қаласы, Центральный көшесі, 2

8-715-36-22-6-05

Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының әкімдігі

Шал ақынауданы

Сергеевка қаласы



Победа көшесі, 9

8-715-34-2-19-21

Айыртау ауданының әкімдігі

Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
44

8 (71533) 2-11-02,
2-16-66, факс: 2-11-02,
2-16-66

Ақжар ауданының әкімдігі

Ақжар ауданы, Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 15

8 (71546) 2-14-41,
2-12-67, факс:
2-11-24,2-17-98

Аққайың ауданының әкімдігі

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 50

8 (71532) 2-12-64,
факс: 2-12-77,2-11-75

Есіл ауданының әкімдігі

Есіл ауданы,Явленка ауылы,
Ленин көшесі, 20

8 (71543) 2-15-01,
2-11-67, факс: 2-15-01,
2-11-65

Жамбыл ауданының әкімдігі

Жамбыл ауданы, Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 10

тел.: 8 (71544) 2-12-32,
2-12-06, факс: 2-12-33,
2-15-62

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі

М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Юбилейная көшесі, 56

8 (71531) 2-15-57,
2-00-10, факс: 2-01-26,
2-13-88

Қызылжар ауданының әкімдігі

Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Гагарин көшесі, 11

8 (71538) 2-12-01,
2-11-70, факс: 2-12-01,
2-29-06

Мамлют ауданының әкімдігі

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы,
С. Мұқанов көшесі, 12

8 (71541) 2-15-90,
2-19-75, факс: 2-17-88,
2-19-75

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишимское ауылы,
Абылайхан көшесі, 28

8 (71535) 2-13-07,
2-16-36, факс: 2-11-48,
2-13-71

Тайынша ауданының әкімдігі

Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
ҚазақстанКонституциясы көшесі,197

8 (71536) 2-16-65,
2-14-70, факс: 2-16-65,
2-11-54

Тимирязев ауданының әкімдігі

Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
1

8 (71537) 2-00-03,
2-15-33, факс 2-00-03,
2-14-74

Уәлиханов ауданының әкімдігі

Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
85

8 (71542) 2-12-44,
2-18-21, факс: 2-17-84,
2-12-71

Шал ақын ауданының әкімдігі

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы,
Победа көшесі, 35

8 (71534) 2-12-41,
2-03-84, факс: 2-12-48,
2-07-16

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»


      мемлекеттік көрсетілетінқызмет регламентіне
      2-қосымша
_________________________облысы
_________________________ ауданы
__________________________бөлімі
Субсидиялар алуға арналған өтінім
      Сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық
төліне; асыл тұқымды етті және жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапандарға; асыл тұқымды жұмыртқаға; асыл тұқымды төлге (қойлар, жылқылар, шошқалар, түйелер, маралдар (бұғылар) (қажеттісін қалдырыңыз).
      1. Көрсетілетін қызметті алушы:
____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
      (жеке/заңды тұлға үшін)
      3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) ________________
      5. 20__ жылы асыл тұқымды өнімнің (материалдың) нақты сатып
алынғаны:
      1) түрі:
____________________________________________________________________
      (ірі қара мал/қой/жылқы/шошқа/түйе/марал/бұғы/тәуліктік
      балапандар/асыл тұқымды жұмыртқа/асыл тұқымды аталық бұқалар ұрығы/эмбриондар)
      2) тұқым (кросс), өнімділік бағыты
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      3) саны, жас-жыныстық тобы, жасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (бас, дана, доза – цифрмен және жазумен)
      4) облыс, шығарылған ел _______________________________________
____________________________________________________________________
      5) сатушы _____________________________________________________
      Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында
қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының атынан:
____________________________________________________________________
      (басшысының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
Бөлім бастығы__________________________________________________
             (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
_______________________ облысы ____________________ ауданы
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      3-қосымша
_________________________облысы
_________________________ ауданы
__________________________бөлімі
Субсидиялар алуға арналған өтінім
      Аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарға
      1. Көрсетілетін қызметті алушы: _______________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
      (жеке/заңды тұлға үшін)
      3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы: __________________
____________________________________________________________________
      4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) ________________
      5. Түрі: ірі қара мал/қой
____________________________________________________________________
      (асыл тұқымды/тауарлы – ірі қара мал мен қойлар үшін; етті/сүтті
      бағыттағы - ірі қара мал үшін)
      6. Селекциялық және асыл тұқымдық қатыстырылған ірі қара малдың
және қойлардың аналық басы бар: _____ бас
      7. Қолда бар тұқымдық бұқалар: ____________________________ бас
      8. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалар ұрығы/эмбрионы сатып
алынды/алынды _____________________________________________ доза/дана
      Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының атынан:
____________________________________________________________________
      (басшысының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
Бөлім бастығы__________________________________________________
      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
_______________________ облысы ____________________ ауданы
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      4-қосымша
Субсидиялар алуға арналған өтінім
      Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы
табында шағылыстыруға пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы
тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға
      1. Елді мекен _________________________________________________
      2. Бұқаның иесі _______________________________________________
      (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты
      (болған кезде) заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
      3. Бұқа иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
      4. Ағымдағы жылдың жайылымдық маусымының басында жалпы табында
асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін аналық ірі қара мал
басы бар: _______________________________________________________ бас
      5. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалары бар:
      ___________________________________________________________ бас
      Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында
қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Елді мекен тұрғындарының атынан:
____________________________________________________________________
      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
Бөлім бастығы__________________________________________________
      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)
_______________________ облысы ____________________ ауданы
М.О.
20__ жылғы «___» _______________
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      5-қосымша
Аудан және облыстық маңызы бар қала бөлімдерінің тізбесі



Рет



Атауы

Заңды мекенжайы,
электрондық почта адресі

Телефон нөмірлері

1.

Солтүстік Қазақстан облысы "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституцисы көшесі, 23.
pred.gor@sko.kz

8(7152)

46-92-31,

46-23-93


2.

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы,
Д. Сыздықов көшесі, 4.
аirtauosh@mail.ru

8 (71533)

2-19-71


3.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы,
Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 13.
celhoz_2009@mail.ru

8 (71546)
2-12-87,
2-12-67

4.

«Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы,
Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 37.
akksh@mail.ru

8 (71532)
2-11-75, 2-16-54

5.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы,
Явленка ауылы,
Ленин көшесі, 10.
esilsh@mail.ru

8 (71543)
2-11-67,
2-18-09

6.

«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы,
Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 6.
dsh14@mail.kz

8 (71544)
2-15-62

7.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Юбилейная көшесі, 56.
mzh-osh@sko.kz

8 (71531)
2-19-33,

2-00-10


8.

«Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Гагарин көшесі, 11.
Kyzylzhar-selhoz@sko.kz

8 (71538)
2-15-49

9.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы,
Мамлют қаласы,
А. Құнанбаев көшесі, 5.
maml-osh@mail.ru

8 (71541)
2-19-75

10.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ғ. Мүсірепов ат. аудан,
Новоишимка ауылы,
Абылай хан көшесі, 28.
Osh-gm@sko.kz

8 (71535)
2-23-26

11.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 197.
osh.tainsha@sko.kz

8 (71536)
2-14-70

12.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі, 1.
timiryazevo-osh@mail.ru

8 (71537)
2-15-33

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы,
Жамбыл көшесі, 76.
botagoz_h@mail.ru

8 (71542)
2-20-34

14.

«Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шал ақынауданы,
Сергеевка қаласы,
Победа көшесі, 35.
dshshlk@mail.ru

8 (71534)
2-03-84

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»


      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      6-қосымша



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет