Регламенті Жалпы ережелер «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау»



жүктеу 156.04 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі156.04 Kb.


Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 279/10 қаулысымен

бекітілді



«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергенде, Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарының толықтығын тексереді, құжаттарды облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлерге және тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау жөніндегі аттестациялық комиссияның (бұдан әрі – аттестациялық комиссия) қарауына жолдайды, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 2 (екі) жұмыс күні;

4) аттестациялық комиссия, жергілікті жерге барып, өтініш берушіні тексереді жүргізеді, тексеру нәтижелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру актісін жасайды және хаттама түрінде шешім ресімдейді – 2 (екі) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігі қаулысының жобасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және келіседі – 15 (оң бес) жұмыс күні;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қояды және қаулысының жобасын немесе дәлелді бас тартуды жауапты орындаушыға жолдайды – 30 (отыз) минут;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады – 20 (жиырма) минут.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік беру.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) аттестациялық комиссия.

9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсетумен халыққа қызмет көрсету орталығына ( бұдан әрі - ХҚО) жүгіну тәртібін сипаттау:

Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;

2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының Халыққа қызмет көрсету орталығы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 2-процесс – ХҚО операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және
БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;

6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

11. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесін сипаттау:



1) 6-процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;

2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі (өңдеуі);

3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.

12. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрде көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-
ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берген стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖОда қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.







«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi

көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша



Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен

құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

Бірлік атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Аттестациялық комиссия

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Жауапты орындаушыны анықтау, бұрышама қою


Ұсынылған құжаттарының толықтығын тексеру

Жергілікті жерге бару, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкесітігі деңгейін анықтау, тексеру

актісін құрастыру



Облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау және келісу, немесе дәлелді бас тарту

Аттестаттау туралы куәлікке қол қою немесе дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Бұрыштама қою үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды

Өтінішті және қоса берілген құжаттарды жауапты орындаушыға береді

Құжаттар топтамасын аттестациялық комиссияның қарауына жолдау

Аттестациялық комиссия мүшелерінің дауыс беруі және отырыс хаттамасы түріндегі шешімді ресімдеу

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Жобаға қол қояды

Жауапты орындаушыға жолдайды

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру

құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді

5

Орындау мерзімі

20 (жиырма) минут

30 (отыз) минут

2 (екі) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

15 (он бес) жұмыс күні

30 (отыз) минут

20 (жиырма) минут

Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – 20 (жиырма) жұмыс күні

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi

көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


блок-схема: сохраненные данные 97блок-схема: сохраненные данные 96
Портал

блок-схема: сохраненные данные 98


прямая со стрелкой 100соединительная линия уступом 99

прямая со стрелкой 102прямая со стрелкой 101



Э

Ү

П овал 103



ромб 104
3-процесс

5-процесс

4-процесс

6-процесс

7-процесс

1-процесс

2-процесс
прямая со стрелкой 120 прямая со стрелкой 119 соединительная линия уступом 112 прямая со стрелкой 113 прямая со стрелкой 114 прямая со стрелкой 115 прямая со стрелкой 116 прямая со стрелкой 117 полилиния 111 ромб 106 ромб 108 овал 118 овал 25 овал 26 прямая со стрелкой 27

прямая со стрелкой 124

соединительная линия уступом 5соединительная линия уступом 6соединительная линия уступом 20соединительная линия уступом 21соединительная линия уступом 22соединительная линия уступом 23
овал 126прямая со стрелкой 128овал 127овал 19
прямая со стрелкой 130 полилиния 131 прямая со стрелкой 129





полилиния 50

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша




«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы




rectangle 98


rectangle 97


rectangle 116










rectangle 98

















line 216rectangle 98line 216line 216


line 216
Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Аяқталған хабарлама



Қарапайым аяқталған оқиғалар



Қате

блок-схема: сохраненные данные 134

Ақпараттық жүйе



Процесс

ромб 136


Шарт





Басқару ағымы




Хабарламалар ағымы





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет