Регламенті Жалпы ережелер «Дәрігердің қабылдауына жазылу»



Дата03.07.2016
өлшемі99.75 Kb.
#173725
түріРегламент
Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 мамыр

№ 160/5 қаулысымен

бекітілді




«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті беруші дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап;

2) порталға электрондық нысанда жүгінген кезде – «жеке кабинетте» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.



Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін жеке тұлғаға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау кезде көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Порталда электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау кезде кестеге сәйкес дәрігердің бос

уақытын таңдау мүмкіндігі беріледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап өтініш қабылданады және тіркеледі (2 минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау және бекітілген халық тіркеліміне сәйкес (бұдан әрі - БХТ) осы көрсетілетін қызметті берушіде тіркеуде болуын тексеру (5 минуттан аспайды);



көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру (3 минуттан аспайды).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін кестеге сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;



2) порталға электрондық нысанда жүгінген кезде – «жеке кабинетте» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау кезде көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдау мүмкіндігі беріледі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

медициналық тіркеуші.

8. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, дәрігердің қабылдауына жазылу кезінде рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

10. Электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.

11. Порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берудің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында тіркелуді (бұдан әрі – ЭҮП) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің көмегімен іске асырады (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін іске асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-те авторизациялау үдерісі;

3) 1-шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы;

6) 4-процесс – бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінен (бұдан әрі - БҰДСЖ) медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – МҰ) тіркелу мәртебесіне сұрау салу;

7) 2-шарт – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін МҰ-ға көрсетілетін қызметті алушының тіркелуін тексеру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қандай да бір МҰ-ға тіркелмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экран шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);

10) 7-процесс – БҰДСЖ-дан электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу;


11) 8-процесс – МҰ-ның торабына көрсетілетін қызметті алушының өтінімін БҰДСЖ-ға жіберуі;

12) 9-процесс – МҰ-дан (медициналық ұйым, дәрігердің ТАЖ, бөлімшесі, кабинет нөмірі, қабылдау уақыты/күні) қызмет алу үшін ақпаратты ПЭҮ-де қалыптастыру қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2 -қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

порталға электрондық форматта жүгінген кезде – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған дәрігердің қабылдауына жазылу туралы анықтама беру.

Порталда электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау кезде кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдау мүмкіндігі беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау





Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс-қимылы

1

2

3

4

5

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Медициналық тіркеуші

Медициналық тіркеуші

Медициналық тіркеуші

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қыз-метті алушының өтінішін қабылдау, тіркеу

Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызмет берушіде тіркеуде болуын тексеру

Көрсетілетін қызметті алушыға дәрігерді таңдау мүмкіндігін беру

4

Аяқтау нысаны (дәрігердің қабыл-дауына жазылу)

Өтінішті дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау

Қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, дәлелді жауап беру

5

Орындау мерзімдері

2 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

3 минуттан аспайды

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша



Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет

көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

диаграмма


Шартты белгілер:




- бастапқы хабарлама

- аяқтаушы хабарлама


- аяқтаушы қарапайым оқиға

- қате


- ақпараттық жүйе

- процесс


- шарт
- басқару ағыны



- хабарлама ағыны

- соңғы тұтынушыға ұсынылатын

электрондық құжат





«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне


3-қосымша


«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің

анықтамалығы




Шартты белгілер:

autoshape 101

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



rectangle 75

-autoshape 85 көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің іс-қимылының және (немесе) ҚФБ атауы;


- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге іс-қимылға (әрекетке) өту.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет