Регламенті Жалпы ережелер «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#139047
түріРегламент
  1   2   3   4


rectangle 134


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «15» шілдедегі

№ 251 қаулысымен

бекітілді



«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11051 тіркелген) бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес облыстың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚКО);

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жер-кадастрлық жоспары мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын (бұдан әрі – уақытша жер пайдалану шарты) қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттардың болуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

ХҚКО-ның инспекторы көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және оны көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады – 1 (бір) жұмыс күні немесе Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 2 (екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуге қабылдайды, ХҚКО жолдаған тізілімге сәйкес қарайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады – 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және орындау үшін уәкілетті органды анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы:

жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен (бұдан әрі – ахуалдық схема) жер учаскесін таңдау актісін дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – «ЖерҒӨО» РМК) мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды – 12 (он екі) жұмыс күні;

оң шешім қабылданған жағдайда – жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні;

теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ХҚКО-ға ахуалдық схемасымен бірге жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және «ЖерҒӨО» РМК ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;

ХҚКО-ның инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және «ЖерҒӨО» РМК-ге көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын тапсыруды жүзеге асырады, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні.

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

«ЖерҒӨО» РМК жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) жұмыс күні;

жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды, жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы ХҚКО-ға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

ХҚКО-ның инспекторы құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады – 2 (екі) жұмыс күні.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жергілікті атқарушы органның жер-кадастрлық жоспар мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚКО-ға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:

1) құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

1-процесс – ХҚКО-ның инспекторы көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімі көрсетілетін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;



1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуге қабылдайды, ХҚКО жолдаған тізілімге сәйкес қарастырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады;

3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және орындау үшін уәкілетті органды анықтайды;

4-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;

5-процесс – жауапты орындаушы:

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін дайындайды;

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – «ЖерҒӨО» РМК) мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды;

оң шешім қабылданған жағдайда – жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады;

теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады;

6-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

7-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ХҚКО-ға ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және «ЖерҒӨО» РМК ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

8-процесс – ХҚКО-ның инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және «ЖерҒӨО» РМК-ге көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртекті) тапсыруды жүзеге асырады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісі мен жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді келіскен кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

9-процесс – «ЖерҒӨО» РМК жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

10-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды;

11-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды;

12-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды;

13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды және жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

14-процесс – жауапты орындаушы ХҚКО-ға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада өтініш иесіне қол қойғызу үшін жолдайды;

15-процесс – ХҚКО-ның инспекторы құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады.

ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);



1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту;

4-процесс – қызмет ақысын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеу, осы ақпараттың порталға түсуі;



2-шарт – ақпараттық жүйеде қызметті көрсету үшін төлем жүргізу фактісін тексеру;

5-процесс – порталда қызметті көрсету үшін төлемнің жоқтығына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;



6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) порталда тексеру;



7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

9-процесс – порталда сұрауды тіркеу және өңдеу;

4-шарт –көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін аумақтық бөлімшенің тексеруі;



10-процесс – қорытынды негізінде порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сынпайдалану арқылы қалыптастырылады.

ХҚКО және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес диаграммаларда келтірілген.

11.Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша



«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының тізбесі




р/с

Облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің атауы

Заңды мекен-жайы

Байланыс телефон

Электрондық пошта мекен-жайы

1

2

3

4

5

1

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58

8715-2-46-42-70

akimat@sko.kz

Айыртау ауданы

2

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 44

8715-33-2-26-46



airtay-akimat@sko.kz




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, М. Янко көшесі, 19

8715-33-2-18-57

volodar.so@mail.ru




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Арыкбалык ауылы, Центральная көшесі, 17

8715-33-4-11-41

santonovskiy@mail.ru




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антонов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, Ленин көшесі, 39

8715-33-2-61-17

santonovskiy@mail.ru




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Кирилловка ауылы, Ленин көшесі, 38

8715-33-2-41-82







«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, 2

8715-33-5-47-86

okrug.syrymbet@mail.ru




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Казанка ауылы

8715-33-2-31-48

kazanskiy-so@mail.ru




«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Нижнебурлук ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Нижний –Бурлук ауылы, Центральная көшесі 34

8715-33-4-84-44

nizhniyburluk.so@mail.ru





«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет