Регламенті Жалпы ережелер к ө рсетілетін қ ызметті берушіні ң атауы: Қ аза қ



жүктеу 154.68 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі154.68 Kb.


Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

9-қосымша

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты жіберу не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға өзінің бұрыштамаларын қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне (бұдан әрі – БҚД) беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

3) БҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді айқындауы және оған құжаттарды орындауға беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

БҚД уәкілетті қызметкерінің құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттар алынған күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде;

БҚД уәкілетті қызметкерінің құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда оларды стандарт талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы, банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымды (бұдан әрі – ұсыным), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру


(беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулының жобасы) дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) келісуге жіберуі – күнтізбелік 33 (отыз үш) күн ішінде;

5) ҚҚД-ның құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарауы, қаулының жобасын келісуі, келісілген қаулының жобасын БҚД-ға қайтаруы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

6) БҚД уәкілетті қызметкерінің қаулының жобасын қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қарауға жіберуі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды және қаулының жобасын қарауы, қаулының жобасын келісуі, мәселені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының отырысына енгізуге қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қоюы, құжаттарды БҚД-ға қайтаруы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

8) БҚД уәкілетті қызметкерінің қаулының жобасын қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаментіне (бұдан әрі – ҰЖБД) жіберуі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

9) ҰЖБД-ның қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) қарауына енгізуге дайындауы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

10) Басқарманың қаулыны қабылдауы және оны Басқарма хатшысының тіркеуі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

11) БҚД уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін пошта бойынша жіберуі немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі – мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімінің шегінде, қабылданған қаулы БҚД-ға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-
қимыл тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және органының тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) БҚД басшылығы;

4) БҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД;

6) ҰЖБД;


7) Басқарма.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштамалар қою, құжаттарды БҚД-ға беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

3. БҚД басшылығы

Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді айқындау және құжаттарды оған орындауға беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


1. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

4. БҚД уәкілетті

қызметкері

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беру

(күнтізбелік 12 күн ішінде);


құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, оларды стандарт талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау, ұсынымды және қаулының жобасын дайындау, құжаттарды ҚҚД-ға келісуге жіберу

(күнтізбелік 33 күн ішінде).




прямая соединительная линия 2298прямая соединительная линия 2299прямая соединительная линия 2300

овал 2293

прямая соединительная линия 2294прямая соединительная линия 2297

прямая соединительная линия 2796
5. ҚҚД

Басқарма қаулысының жобасын келісу

(күнтізбелік 14 күн ішінде)

прямая соединительная линия 2797

блок-схеманың жалғасы



6. БҚД уәкілетті қызметкері
Қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қарауға жіберу

(күнтізбелік 2 күн ішінде)


Қаулының жобасын ҰЖБД-ға жіберу

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін пошта бойынша жіберу немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беру

(қабылданған қаулы БҚД-ға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 4 күн ішінде – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде)







7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

Қаулының жобасын келісу,

мәселені Басқармаға енгізуге қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қою

(күнтізбелік 5 күн ішінде)






прямая соединительная линия 2282прямая соединительная линия 2291

8. ҰЖБД

Қаулының жобасын Басқармаға енгізу үшін дайындау (күнтізбелік 14 күн ішінде)





прямая соединительная линия 2295




9. Басқарма

Қаулының жобасын қарау. Қаулыны қабылдау және оны Басқарма хатшысының тіркеуі

(күнтізбелік 2 күн ішінде)





прямая соединительная линия 2283


овал 2799

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


прямоугольник 2223



ромб 2296ромб 2301


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 22931-рәсім

прямая соединительная линия 2245
3-рәсім

4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер

прямая соединительная линия 2243 Хабарлар ағыны

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабар


группа 2216

Аяқтайтын хабар


загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат


Ақпараттық жүйе

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



















































бизнес-процестер анықтамалығының жалғасы















©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет