Регламенті Жалпы ережелер Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Дата07.07.2016
өлшемі124.22 Kb.
#182966
түріРегламент
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

3-қосымша

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті


1. Жалпы ережелер


  1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жер бойынша, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: микроқаржылық ұйымға оны микроқаржылық ұйымдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу туралы хабарлау не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға арналған негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімі қызметкерінің немесе жауапты адамының (бұдан әрі – АФ-тың хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының (басшының орынбасарына) қарауына беруі – өтініш түскен күні;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының (бұдан әрі – АФ басшысы) (басшы орынбасарының) құжаттарды қарауы, бұрыштама қоюы – өтініш түскен күні;

3) АФ-тың мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесі (бұдан әрі – АФ жауапты бөлімшесі) басшысының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді белгілеуі – өтініш түскен күні;

4) құжаттардың толық болуын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындау, АФ басшысының өтінішті қараудан бас тартуға қол қоюы, АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің құжаттарды стандарттың тараптарына сәйкес келуі бойынша қарауы, микроқаржылық ұйымды тізілімге енгізу туралы бұйрықтың (бұдан әрі – бұйрық), микроқаржылық ұйымға оны тізілімге енгізу туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) жобаларын не бас тартуды дайындауы, АФ жауапты бөлімшесінің басшысына келісуге


жіберуі – құжаттарды орындауға алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

5) АФ жауапты бөлімшесі басшысының бұйрықтың, хабарламаның жобаларын не бас тартуды келісуі, АФ маман-заң кеңесшісіне құқықтық сараптамаға жіберуі – құжаттарды келісуге алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

6) АФ маман – заң кеңесшісінің түскен құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарауы және бұйрықтың, хабарламаның не бас тартудың жобаларын келісуі – құжаттарды келісуге алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

7) АФ жауапты бөлімшесі басшысының АФ маман – заң кеңесшісімен келісілген бұйрықтың, хабарламаның не бас тартудың жобаларын уәкілетті қызметкерге беруі – АФ маман-заң кеңесшісінен құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) АФ бөлімшесі уәкілетті қызметкерінің бұйрықты, хабарламаны не бас тартуды бланкіде ресімдеуі – құжаттарды орындауға алған сәттен бастап
1 (бір) жұмыс күні ішінде;

9) АФ басшысының бланкідегі бұйрыққа, хабарламаға не бас тартуға қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

10) АФ бөлімшесі уәкілетті қызметкерінің микроқаржылық ұйымды тізілімге енгізуі, микроқаржылық ұйымды тізілімге енгізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау комитетіне
(бұдан әрі – БҚД) жіберу, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің нәтижесі дайын болғаны туралы хабарлау (телефон арқылы), көрсетілетін қызметті алушыға не оның сенім білдірілген адамына (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхаттың негізінде) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) АФ-тың хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері;

2) АФ басшысы;

3) АФ жауапты бөлімшесінің басшысы;

4) АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкері;

5) АФ маман-заң кеңесшісі.

7. Мемлекеттік қызметті АФ-та көрсеткен кезде әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызметтер портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызметті АФ-та көрсеткен кезде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау


 
АФ жауапты бөлімшесінің басшысы

АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкері

АФ-тың хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері

АФ басшысы

АФ маман-заң кеңесшісі
   



4. Құжаттардың толық болуын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қараудан бас тарту дайындау, АФ басшысының өтінішті қараудан бас тартуға қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беру (құжаттарды алған күннен бастап


күнтізбелік 14 күн ішінде);

құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің құжаттарды стандарттың тараптарына сәйкес келуі бойынша қарауы, бұйрықтың, хабарламаның жобаларын не бас тартуды дайындауы, АФ жауапты бөлімшесінің басшысына келісуге жіберу (құжаттарды орындауға алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде).








6. Түскен құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау және бұйрықтың, хабарламаның не бас тартудың жобаларын келісу (құжаттарды келісуге алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде)




2. Құжаттарды қарау, бұрыштама қою

(өтініш түскен күні)




3. Құжаттарды қарау, олар бойынша уәкілетті қызметкерді белгілеу

(өтініш түскен күні)







1 Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарауы үшін АФ басшысына беру

(өтініш түскен күні)






line 205








Көрсетілетін қызметті алушы





5. Бұйрықтың, хабарламаның жобаларын не бас тартуды келісу, оны АФ маман-заң кеңесшісіне құқықтық сараптамаға жіберу

(құжаттарды келісуге алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде)




line 239


line 207line 212

блок-схеманың жалғасы



АФ жауапты бөлімшесінің басшысы

АФ жауапты бөлімшесінің уәкілетті қызметкері

АФ басшысы

Көрсетілетін қызметті алушы




9. Бланкідегі бұйрыққа, хабарламаға не бас тартуға қол қою (2 жұмыс күні ішінде)


8. Бұйрықты, хабарламаны не бас тартуды бланкіде ресімдеу (құжаттарды орындауға алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде)
10. Микроқаржылық ұйымды тізілімге енгізу, микроқаржылық ұйымды тізілімге енгізу туралы ақпаратты интернет-ресурсқа орналастыру үшін БҚД-ға жіберу, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің нәтижесі дайын болғаны туралы хабарлау (телефон арқылы), көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға не оның сенім білдірілген адамына жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

(мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде 2 жұмыс күні ішінде)




7. АФ маман – заң кеңесшісімен келісілген бұйрықтың, хабарламаның не бас тартудың жобаларын уәкілетті қызметкерге беру (АФ маман-заң кеңесшісінен құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде)








«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


прямоугольник 2223



ромб 2296ромб 2301


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 22931-рәсім

прямая соединительная линия 2245
3-рәсім

4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер

прямая соединительная линия 2243 Хабарлар ағыны

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабар


группа 2216

Аяқтайтын хабар



загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат


Ақпараттық жүйе

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы












































бизнес-процестер анықтамалығының жалғасы
























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет