Регламенті Жалпы ережелер Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Дата07.07.2016
өлшемі141.57 Kb.
түріРегламент
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

48-қосымша

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің»


веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»


2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлеледі жауапты (бұдан әрі – бас тарту) беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қабылдау бөлмесіне беруі – өтініш келіп түскен күні;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұрыштама қоюы және құжаттарды қарауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне (бұдан әрі – БҚД) жіберуі – өтініш келіп түскен күні;

3) БҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді айқындауы және оған құжаттарды орындауға беруі – өтініш келіп түскен күні;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда БҚД уәкілетті қызметкерінің өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына бас тартуға қол қойдыруы, көрсетілетін қызметті алушыға бас тартуды беруі – құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ұсынылған құжаттар стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда, алынған құжаттарды қарауы:

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен кезде, БҚД уәкілетті қызметкерінің лицензия телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына лицензияның телнұсқасын не бас тартуға қол қойдыруы, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде құжаттардың стандарттың


9-тармағына сәйкес келуін қарауы, лицензия беру туралы, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың жобасын келісу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) құжаттарды жіберуі: лицензия беру кезінде күнтізбелік
4 (төрт) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш келіп түскен күні;

5) бұйрықтың не бас тартудың жобасын ҚҚД-ның келісуі: лицензия беру кезінде күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) СНСҚД-ның уәкілетті қызметкерінің ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға ұсынуы: лицензия беру кезінде күнтізбелік
1 (бір) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алған күні;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас таруға қол қоюы: лицензия беру кезінде күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі: мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде лицензия беру кезінде күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қайта ресімделген лицензияға қол қойылған күні.

Лицензияны қайта ресімдеу рәсімі, лицензияның телнұсқасын дайындау және құжаттардың толық болмауына байланысты өтінішті қараудан бас тартуды дайындау тәртібі мерзімдерін сағатпен көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын әрбір бөлімшесі бөлігінде көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығында белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде лицезия
30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімделеді.

Көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу рәсімінің тәртібі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген лицензияны беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;



2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығы;

3) БҚД басшылығы;

4) БҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем жасау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төленгені жөніндегі ақпарат порталға келіп түседі;

6) 2-талап –мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін ақы төленгенін порталда тексеру;

7) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

8) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

9) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

10) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

11) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

12) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

13) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

БҚД басшылығы

БҚД уәкілетті қызметкері

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы


    



2. Құжаттар топтамасын қарау, бұрыштама қою, құжаттарды БҚД-ға жіберу

(өтініш түскен күні)




3. Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді белгілеу және құжаттарды оның орындауына беру

(өтініш түскен күні)




4. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басышылығының қол қоюы, өтінішті қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде);

ұсынылған құжаттар стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда, алынған құжаттарды қарау:

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш түскен кезде лицензияның телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындау, лицензияның телнұсқасына не бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығының қол қоюы, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде).







1. Келіп түскен хат-хабарды тіркеу және құжатттарды Ұлттық Банк басшылығының қабылдау бөлмелеріне беру

(өтініш түскен күні)

















8.Заместитель руководителя филиала, курирующий работу отдела

Подписание оригинала РС. Передача пакета документов в ОСПБ



Көрсетілетін қызметті алушы


блок-схеманың жалғасы



БҚД уәкілетті қызметкері

ҚҚД

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы


5. Лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйке келуін қарау, бұйрықтың не бас тартудың жобасын дайындау, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу үшін ҚҚД-ға жіберу (лицензия беру кезінде күнтізбелік 4 күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш келіп түскен күні)






6. Бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу

(лицензия беру кезінде күнтізбелік 4 күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)




8. Бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас тартуға қол қоюы

(лицензияны беру кезінде күнтізбелік 2 күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)










7. ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Ұлттық Банктің басшылығына қол қоюға ұсыну

(лицензияны беру кезінде күнтізбелік 1 күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алған күні)












9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

(лицензия беру кезінде күнтізбелік 2 күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қайта ресімделген лицензияға қол қойылған күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде





Көрсетілетін қызметті алушы



«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсетуге қосылған ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық әрекет етуінің диаграммасы





прямоугольник 2223


прямоугольник 2222

прямая соединительная линия 2224прямая соединительная линия 2225прямая соединительная линия 2226


ромб 2296


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім
ромб 2289
4-рәсім

1-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 2290прямая соединительная линия 2292прямая соединительная линия 2293прямая соединительная линия 22971-рәсім

прямая соединительная линия 2245
2-рәсім
прямая соединительная линия 2299 прямая соединительная линия 2300 ромб 2301 прямая соединительная линия 2302
3-рәсім
прямая соединительная линия 2213
4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы


Шартты белгілер

прямая соединительная линия 2243 Хабарламалар ағымы

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабарлама


группа 2216

Аяқтайтын хабарлама


загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

ЭҮТШ Электрондық үкіметтің төлем шлюзы


прямоугольник 2223

Ақпараттық жүйе

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы






































бизнес-процестердің анықтамалығының жалғасы











autoshape 12754autoshape 12756
Каталог: cont
cont -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
cont -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
cont -> Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары (филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және бсн алу бойынша жадынама
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> «Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
cont -> Справка тоо «Қазақ энциклопедиясы» включен в Перечень объектов организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации
cont -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет