Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



Дата13.06.2016
өлшемі102.75 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 10 » желтоқсандағы

№ 336 қаулысымен бекітілген

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама (бұдан әрі - анықтама).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді бастауға көрсетілетін қызмет алушының (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш ұсынуы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесінің болуы негіз болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:


1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының ұсынылған құжаттарды тексеруі. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі-АЖ) қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алу. Орындалу ұзақтығы - 15 минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ААЖ) авторландыруы. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

3-іс-қимыл – ААЖ - да сұраным нысанын толтыру. Орындалу ұзақтығы - 7 минут;

4-іс-қимыл – сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

5-іс-қимыл – сұранымды өңдеу. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

6-іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

7-іс-қимыл – анықтаманы беру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) минут.



6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттарды қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi ААЖ-да авторландыру болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi сұраным нысанын толтыру және жіберу болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің АЖ-да сәйкестендіру мәліметтерін тексеруді аяқтау болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi сұранымды өңдеу болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру болып табылады, ол 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:



1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі -АЖ) қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу. Орындалу ұзақтығы - 15 минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының АЖ-да жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және парольді енгізуі (авторландыру процесі). Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, сұраным нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу, сканерленген құжаттарды қоса тіркеу). Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранымның толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, қоса тіркелген сканерленген құжаттарға) көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 7 минут;

4-іс-қимыл – сәйкестендіру деректердің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және көрсетілетін қызметті берушінің АЖ-да қайтарылған (күші жойылған) ЭЦҚ тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін анықтама түрінде қалыптастыруы. Құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптасады. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қолына анықтама түрінде беруі. Орындалу ұзақтығы - 1 минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға жүгінуге және стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға құқылы.

ХҚО-мен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсімінің (іс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынумен ХҚО-ға жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексеруді ХҚО қызметкері жүргізеді. Орындалу ұзақтығы - 15 минут;

1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы стандарттың 2 қосымшасына сәйкес қолхат береді;

2-іс-қимыл – ХҚО қызметкері Халыққа қызмет көрсету орталығының біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ХҚО АЖ) авторландыру процесі. Логин және пароль немесе ЭЦҚ арқылы тіркелген оператор туралы деректердің түпнұсқалығын ХҚО АЖ-да тексеру. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, АЖ-де қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу. Орындалу ұзақтығы - 1 минут;

3-іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұраным нысанын шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды қоса тіркеу). Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

4-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұраным нысанына ХҚО-ғы қызметкерінің ЭЦҚ көмегімен қол қоюы (енгізілген деректерге, қоса тіркелген сканерленген құжаттарға). Сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сұранымда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және ХҚО АЖ-да қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

5-іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеуі. Орындалу ұзақтығы - 6 минут;

6-іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін анықтама түрінде қағаз жеткізгіште қалыптастыруы. Электрондық құжат ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-ын қолданумен қалыптасады. Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

7-іс-қимыл – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына немесе электрондық поштаға жіберу арқылы беруі. Орындалу ұзақтығы - 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні (ХҚО-да құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Көрсетілетін қызметті берушінің сұранымын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшілер немесе лауазымды тұлғалар:

ХҚО-ның қызметкері.

10. Ауылдық округ әкімімен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (іс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ауылдық округ әкіміне жүгінеді және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, АЖ-де қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу. Орындалу ұзақтығы - 15 минут;

2-іс-қимыл – ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдайды, бұрыштама қояды және ауылдық округ маманына береді. Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

3-іс-қимыл – ауылдық округ маманы өтінішті қарайды, көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға хабарламалар беру журналының тізімінде болуын тексереді. Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

4-іс-қимыл – ауылдық округ маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы - 2 минут;

5-іс-қимыл – ауылдық округ маманы нәтижесіне ауылдық округ әкімінің қолын қойдырады. Орындалу ұзақтығы - 3 минут;

6-іс-қимыл – ауылдық округ маманы анықтаманы береді. Орындалу ұзақтығы - 2 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 15 минут.



11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Каталог: files -> standart 01
standart 01 -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
standart 01 -> «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standart 01 -> Регламентi Жалпы ережелер «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
standart 01 -> Мемлекеттік қызмет төЛҚҰжаты
standart 01 -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
standart 01 -> Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
standart 01 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
standart 01 -> «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»
standart 01 -> Мемлекеттік қызметтің ТӨЛҚҰжаты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет