Регламенті Жалпы ережелер «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»



Дата13.06.2016
өлшемі188.97 Kb.
#131282
түріРегламент
ЖОБА

Қазақстан Республикасы


Байланыс және ақпарат

агенттігінің

2014 жылғы « »
№ бұйрығына   
2-қосымша

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) оның ішінде «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) не мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуды алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2) өтінішті Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысы қарау;

3) өтінішті Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысы;

4) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл және
ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.

Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді:

1) Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжат көшірмесі түрінде қоса беріледі;

2) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы (сұранысқа құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тіркеледі);

3) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – (сұранысқа құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тіркеледі);

4) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) (сұранысқа құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тіркеледі);

5) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі (сұранысқа құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тіркеледі);

6) өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар – (сұранысқа құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тіркеледі);

7) стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтер нысаны;

Көрсетілетін қызметті алушы оны электронды цифирлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды

Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасы басшысының қарауына береді;

2) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3) Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы сұрау салуды портал арқылы алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарың) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

12. Осы Регламенттің 3-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, бланкі шаблондары келтірілген.

«Теле-, радиоарналарды тарату

жөніндегі қызметпен айналысу

үшін лицензия беру, лицензияны

қайта ресімдеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет

Регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер
(іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттау
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы



Процедураның (әрекеттің) №

1

2

3

4

ҚФБ-нің атауы

Қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының

басшысы


Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Әрекеттің атауы және олардың сипаттамасы

лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады

құжаттар тіркеуіне келіседі және Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді

лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді

лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру құжаттарын қарастырады және оған қол қояды

Аяқталудың нысаны

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді

Орындау мерзімі мен басқарманың жауапты орындаушысы қамтылған қарары бар құжаттар

Тіркеу тізіліміне жазба, лицензияны ресімдеу, қайта ресімдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресімдеу

Лицензияға, қайта ресімдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою, электрондық лицензия беру

Орындау мерзімі

1 жұмыс күн

1 жұмыс күн

12 жұмыс күн

1 жұмыс күн

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.




Кеңсе

Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының басшысы

Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысы

УО басшысы

1. Лицензия беруге, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтініш және қажетті құжаттар тізбесін қабылдау, бұл ретте, өтініштің төменгі оң жақ бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тілде тіркеу мөратаңбасы қойылады.

2. тіркеуді келіседі және Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының сарапшысына нұсқама жібереді

3. Куәлікті беру немесе куәліктің телнұсқасын беруден бас тарту қорытындыны ресімдейді.

4. Лицензия беруден, қайта ресімдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыға қол қояды

6. Лицензия беруден, қайта ресімдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жібереді



5. Лицензия беруден, қайта ресімдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны кеңсеге жібереді.


      3-кесте. Портал арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы




1

Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

2

ҚФБ атауы

Алушы

портал

Алушы

ЖТ МДҚ, «АИС СУ» АЖ

ЭҮТШ

портал

алушы

портал

алушы

портал

портал

портал

3

Іс-әрекет атауы (процес, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы

Алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекіту

Алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал деректерін қалыптастырады және қызметті таңдайды;

соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады

Қызмет төлемақысын жасау

Төлемақының жоқтығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы

Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ көмегімен сауалды куәландыру (қол қою)

Электрондық құжатты өтінішті (алушының сұрау салуын және сұрау салуды ) өңдеу

Алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Әрекеттің сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды бағыттандыру

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Сұрау салуды бағыттандыру

Өтініштің нөмірін бере отырып сұрау салуды тіркеу.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Электрондық лицензия

5

Орындау мерзімі

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

20 сек

1,5 мин

20 сек

10–15 сек

10–15 сек

1,5 мин

1,5 мин

20 сек

15 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекет нөмірі

2–алушы деректерінде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде



4

-

6 – төлемақысын жасамағанда;
7 – төлемақысын жасағанда



8 – ЭЦҚ-да қателік болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда

-

-

11 - алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі

-


«Теле-, радиоарналарды тарату

жөніндегі қызметпен айналысу үшін

лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Регламентіне 2-қосымша     
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;

6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;

7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;

8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9) 7-процесс көрсетілген қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

5) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталдағы 1деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 2 диаграммасы

Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізу;

2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының соттылығы туралы деректерін тексеру;

5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады;

6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз түрінде құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

8) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген қоса берілген құжаттарды сәйкестігін тексеру (өңдеу);

9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін алу.

Шартты белгілері:

«Теле-, радиоарналарды тарату

жөніндегі қызметпен айналысу үшін

лицензия беру, лицензияны



қайта ресімдеу»
мемлекеттік қызметінің
Регламентіне 3-қосымша

Кіріс және шығыс нысандары Шығыс құжаттары Дәлелді бас тарту

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[ЖТ атауы]
[ҰО Атауы], Сіздің (Өтініш күні) күнгі (өтініш нөмірі) қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тарту себебі].
[Қол қоюшының лауазымы]                       [Қол қоюшының Т.А.Ә.]

Лицензия нысаны

МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[заңды тұлғаның толық атауы, деректері
жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты] берілді.
[«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес
қызметі түрінің атауы (қолданысы) айналысуғаға [Лицензиялаудың ерекше шарттары]
Басшы [лицензияның берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен аты-жөні]
(Уәкілетті тұлға)
Лицензияны берген күні [күні]
Лицензияның нөмірі [нөмірі]
Қала [қаласы]
[Қол қоюшының лауазымы]                        [Қол қоюшының ТАӘ]


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет