Регламенті Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтаманы беру»



Дата17.07.2016
өлшемі96.43 Kb.
түріРегламент




Екібастұз қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 тамыздағы

№969/8 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН



«Ветеринариялық анықтаманы беру»


мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі осы регламенттің (бұдан әрі – регламент) 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері аппараттарының (бұдан әрі - ЖАО) ветеринариялық дәрiгерiмен (бұдан әрі – ветдәрігер) ұсынылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына  өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» № 464 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi – ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) (бұдан әрі – анықтама) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi —тұтынушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;

2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек ретімен жүзеге асырылады.

2
9. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі


10. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:

1) жануарға ветеринариялық паспорт;

2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;

3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген күні көрсетіледі.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі негіз болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет үдерісіндегі
әрекет (өзара әрекеттілік) тәртібі
      13. Құжаттарды қабылдау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО ветдәрігерлерімен жүргізіледі.

14. Мемлекеттік қызмет тұтынушысының өтініші ветдәрігермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепте алу журналында тіркеледі, онда мемлекеттік қызметті тұтынушымен алған мерзімі көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО ветеринариялық дәрігерлері.


      16. Осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістердің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің  (үдерістердің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
3
17. Осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін


лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
      18. Лауазымды адамдар мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапты.

«Ветеринариялық анықтаманы беру»


мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органдардың тізбесі

р/қ



ЖАО атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Екібастұздың 50-жылдығы көшесі, 10

(87187) 754238

2.

«Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шідерті поселкесі, Ленин көшесі, 20

(87187) 398552

(87187) 398298



3.

«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солнечный поселкесі, Конституция даңғылы, 1

(87187) 279447

4.

«Екібастұз қаласы Төрт-Құдық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Төрт-Құдық ауылы,

Ленин көшесі, 10



(87184) 391510

5.

«Екібастұз қаласы Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Әлкей Марғұлан атындағы село, Ә. Марғұлан

көшесі, 1



(87187) 395373

6.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл ауылы, Строительная көшесі, 18

(87187) 742083

7.

«Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сарықамыс ауылы,

(87187) 742769

8.

«Екібастұз қаласы Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 33

(87187) 743306

5

9.

«Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Төртүй ауылы, Школьная көшесі, 12

(87187) 743306

10.

«Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бәйет ауылы, Ғ. Тоқтар көшесі, 1 а үй

(87187) 743513, 743511

11.

«Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шиқылдақ ауылы, Школьная көшесі

(87187) 745075

12.

«Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қоянды ауылы, Ленин көшесі, 56

(87187) 741237

13.

«Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Құлакөл ауылы, Орталық көшесі, 116

(87187) 744765

14.

«Екібастұз қаласы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарасу ауылы

(871842) 96735

15.

«Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Құдайкөл ауылы

(87187) 744350

«Ветеринариялық анықтаманы беру»


мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

1.

әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

ЖАО ветеринариялық дәрігері

ЖАО ветеринариялық дәрігері

ЖАО ветеринариялық дәрігері

3.

Әрекет атауы (үдерістің, процедураның, операцияның) және олардың сипаттамасы

Осы регламенттің 10-тармағында көрсетілген тұтынушымен тапсырылған құжаттарды тексеру және қабылдау

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты толтыру

Анықтамаларды беру журналында тіркеу. Дайын құжатты тапсыруға дайындау немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды

4.

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімі)

Құжаттарды қабылдау

Ветеринариялық анықтамаға не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Құжатты не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру

5.

Орындау мерзімі

30 минуттан аспайды

жүгінген күн ішінде

30 минуттан аспайды






«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша


ЖАО жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет ұсыну сұлбасы:


Тұтынушы







ЖАО ветеринариялық дәрігері:

Осы регламенттің 10-тармағында көрсетілген тұтынушымен тапсырылған құжаттарды тексеру және қабылдау

(30 минуттан аспайды)

ЖАО ветеринариялық дәрігері:

Анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

(30 минуттан аспайды)








ЖАО ветеринариялық дәрігері:

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты толтыру және



қол қою

(жүгінген күн ішінде)



Каталог: upload -> files -> Reglam uslug
Reglam uslug -> Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру” мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Reglam uslug -> Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің
Reglam uslug -> Регламенті Жалпы ережелер Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
Reglam uslug -> Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік қызметінің регламенті
Reglam uslug -> Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1637/26
Reglam uslug -> Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Reglam uslug -> Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру” мемлекеттiк қызмет Регламенті
Reglam uslug -> Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою” мемлекеттік қызмет регламенті
Reglam uslug -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну” мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Reglam uslug -> Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет