Регламенті Негізгі ұғымдар Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады



жүктеу 114.02 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі114.02 Kb.




ЖОБА
Қарағанды облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___»_______

№ _____қаулысымен

бекітілген



«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының

болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету

регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) басқарма – «Қарағанды облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) қорытынды – «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;

3) құрылымдық-функционалдық бірліктер – әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын басқарманың құрылымдық бөлімшесі, өзге де органдар және ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ);

4) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ, тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;

5) орындаушы – міндетіне сараптама өткізу мен әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жататын басқарманың лауазымды тұлғасы;

6) регламент – «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;

7) сараптама комиссиясы – облыстың жергілікті атқарушы органы құратын мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі комиссия;

8) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға.

2. Жалпы ережелер
2. Осы «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы басқарманың атауы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
6. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының ресми порталында: www.karkultura.kz орналастырылады.

8. Осы регламентте көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

9. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1-кезең - басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - ҚҚҚ) тұтынушының құжаттары қоса берілген өтініші мен заттарын тіркеу;

2-кезең - басқарма басшысының сараптаманы өткізетін орындаушыны, орынды және уақытты айқындауы;

3-кезең - орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы;

4-кезең - сараптама комиссиясының уақытша әкетілген мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асыруы;

5-кезең - орындаушының қорытындыларды басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ, қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
11. Тұтынушы мемлекеттік қызметі алу үшін басқармаға құжаттар мен заттарды ұсынады, оны басқарманың ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды.

Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртабанында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ ресімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың ҚҚҚ тіркеу мөртабасы (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.

12. Тұтынушы басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтінішті;

2) жеке тұлға үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;

заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен талаптары туралы шартының көшірмесі;

4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің мөлшері 10х15 сантиметр фотосуреті;

5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

6) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды ұсынады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бес жұмыс күні;

2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды;

3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 10 минут;

4) қорытындыны алған кезде күту уақыты – 10 минуттан аспайды.

14. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

15. Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады.

Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары болады.

17. Тіркелген, тиісті түрде рәсімделген құжаттар мен заттар басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.

Сараптаманы өткізу орны мен уақыты басқарма басшысымен белгіленеді.

Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша екі данада қорытынды рәсімделеді, оның әрқайсысына комиссия төрағасы қол қойып, заттармен бірге орындаушыға беріледі.

Орындаушы қорытынды мен заттарды алған соң, қорытындыны басқарманың мөрімен бекітіп, оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.

Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ, қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетілген мәдени құндылықтың түпнұсқалылығы туралы қорытынды не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Қорытынды жазбаша түрде қағаз тасығышта рәсімделеді.

Қорытынды мен заттардың тұтынушыға берілуі берілген қорытындылар журналында тіркеледі.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның саны мен сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

19. Осы регламентке 3-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы көрсетілген.

20. Осы регламентке 4-қосымшада әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі көрсетілген.



5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі
21. Басқарманың басшысы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар).

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сапалығына және белгіленген мерзімде мемлекеттiк қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.


«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
      

«Қарағанды облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы мен жұмыс кестесі




Р/с №

Атауы

Мекен-жайы

Телефон №

Электронды поштаның мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

6

1.

«Қарағанды облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32, 3-бөлме

8 (7212) 41-14-68,
41-14-80

karmadeniet@yandex.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

«Әкетілетін және әкелінетін

заттың мәдени құндылығының болуы

туралы қорытынды беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын

құрылымдық-функционалды бөлімшесіның саны мен сипаттамасы






Саны

Сипаттамасы

1

1

«Қарағанды облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Әкетілетін және әкелінетін

заттың мәдени құндылығының болуы

туралы қорытынды беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып,

әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және

өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі үдерістердің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Басқарма

(басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкері)



Басқарма

(басқарма басшысы)



Басқарма

(басқарманың орындаушысы)



Басқарма

(басқарманың сараптама комиссиясы)



Басқарма

(басқарманың орындаушысы)



Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тұтынушының заттары мен қажетті құжаттарын тіркейді және қабылдайды

Басқарма бастығы сараптаманың өткізу орнын, уақытын және орындаушыны айқындайды

Басқарма орындаушысы сараптама комиссиясына құжаттар мен заттарды жібереді

Сараптама комиссиясы уақытша әкетілген мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асырады

Басқарманың орындаушысы қорытындыларды басқарманың мөрімен бекітеді, қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға береді

1

2

3

4

5

6

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

1-кезең

Құжаттар мен заттарды тіркеу



2-кезең

Сараптама өткізудің уақытын, орнын белгілеу



3-кезең

Сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыру



4-кезең

Уақытша әкетілетін мәдени құндылыққа сараптама жүргізу



5-кезең

Қорытындыны және заттарды беру



Орындау мерзімдері

(жұмыс күні)



1

1

1

1

1

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

1

2

3

4

5

«Әкетілетін және әкелінетін

заттың мәдени құндылығының болуы

туралы қорытынды беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

4-қосымша


Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі


1. Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкері

Тұтынушының заттары мен қажетті құжаттарын тіркеу және қабылдау




2. Басқарма басшысы

Сараптаманың өткізу орнын, уақытын және орындаушыны айқындау



3. Басқарманың орындаушысы

Орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы



4. Басқарманың сараптама комиссиясы

сараптама комиссиясы уақытша әкетілген мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асыруы



5. Басқарманың орындаушысы

орындаушының қорытындыларды басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет