Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу»



Дата09.06.2016
өлшемі63.38 Kb.
#123939
түріРегламент
Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2012 жылғы 13 маусымдағы № 186 бұйрығына

2-қосымша



«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша

мемлекеттік қызмет көрсету

Регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы
9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған дара сипаты бар, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі.

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылы тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;

ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, кілттерді өндіруді, құрастыруды, таратуды немесе басқаруды іске асыратын құрал.

қорытынды – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) немесе оның аумақтық бөлімшесі берген АКҚҚ-ны кеден одағының кедендік аумағына әкелу мүмкіндігі немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкету мүмкіндігі жөніндегі шарттарды белгілейтін құжат;

құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.

2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) тауарларды АКҚҚ-ға жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды түрінде беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығымен бекітілген «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны – автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, ««Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 116 Жарлығы мен «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелері қатысады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған. Тұтынушы тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша қорытынды беруге қатысты өтінішін қарау барысы туралы толық ақпаратты осы өтінішті қабылдаған лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшесіне өтіну арқылы алады.

9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны мемлкеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға олардың өтініштері бойынша тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы болып табылады.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі кызметкерінің аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицезиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні белгіленген талон беріледі (бұдан әрі – талон). Талон нысаны Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

14. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру Стандарттың 9-тармағымен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тұтынушы ұсынған құжаттардың топтамасын тексеру және қабылдау;

2) өтінішті өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

3) тұтынушыға Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон беру;

4) тұтынушының өтінішін қарау;

5) мәлімделген тауардың техникалық сипаттамасын АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан зерттеу;

6) қорытынды дайындау;

7) дайындалған қорытындының сапасын тексеру;

8) қорытындыны техникалық өңдеу (құжаттың бірнеше парағын біріктіру);

9) уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы және лицензиялау органының мөрін басу;

10) қорытындыны өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында тіркеу;

11) тұтынушыға қорытындыны қол қою арқылы беру.

Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиар-органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы тауар үлгісін ұсынады. Осындай жағдайда ұсынылған тауар үлгісіне АКҚҚ-қа жатқызу тұрғысынан қосымша техникалық зерттеу жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша тауардың үлгісін ұсынбау негіз болып табылады.

Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.

ҚФБ-нің әрбір әкімшілік іс-қимылды орындау мерзімі көрсетіле отырып, әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін тәсім осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

16. Өтініш үлгісі ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға Стандарттың 13-тармағымен белгіленген ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.

17. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ – лицензиялау органының ( бұдан әрі – ЛО) қызметкерлері қатысады:

1) қорытындыға қол қоятын бөлімше бастығы (бастықтың орынбасары);

2) техникалық зерттеуді жүргізетін қызметкерлер;



3) қужаттарды қабылдауды, тіркеуді және беруді жүзеге асыратын қызметкерлер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет