Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 108.62 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі108.62 Kb.




ЖОБА
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020

жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде

микрокредиттер беру»мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983, «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 мамырдағы № 434 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2014 жылғы «____» ___________

№______ қаулысымен

бекітілген


«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік шарт болып табылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсыну негiз болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау және стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбе сәйкестікке тексеру, өтінішті кіріс құжаттамаларының журналына тіркеу. Орындалу ұзақтығы - 20 минуттан аспайды;

2 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қалыптастыру және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне (бұдан әрі – кәсіпкерлік бөлімі) және шағын қаржылық ұйымға (бұдан әрі - ШҚҰ) қарау үшін жолдау. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;

3 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) өтінішін қарау. Кәсіпкерлік бөлімі көрсетілетін қызмет берушіге Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - бағдарлама) қосу туралы тұжырымды (бұдан әрі - тұжырым) жолдайды. ШҚҰ көрсетілетін қызметті алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы шешімді (бұдан әрі - шешім) көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;

4 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім жөнінде және Бағдарламаға қосылғаны туралы жазбаша хабарлайды. Орындалу ұзақтығы – 2 күнтізбелік күн;

5 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушыны тегін оқуға, сертификат алуға жолдауы, бизнес-жоспарды дайындауға және бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал етуі. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;

6 іс-қимыл – ШҚҰның жобасын қарау және бағалау, шағын несиелеу туралы соңғы шешімді ұсыну, шешімде көрсетілетін қызмет берушіге жолдау. Орындалу ұзақтығы – 4 күнтізбелік күн;

7 іс-қимыл – ШҚҰның көрсетілетін қызметті алушыға шағын несиені аударуы және ол туралы көрсетілетін қызмет берушіге хабарлайды. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;

8 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға ШҚҰның шешімі туралы хабарлады. Әлеуметтік шарт жасасу. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 15 күнтізбелік күн ішінде.

7. Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.



Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi кәсіпкерлік бөліміне және ШҚҰ-ға көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакеті жолданған болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi кәсіпкерлік бөлімі мен ШҚҰ-дан алынған тұжырым және шешім болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің қабылданған шешімі туралы хабарламасы болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының оқытудан өтуі және бизнес-жоспарды әзірлеуі болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi бағалау және ШҚҰның несиелеу туралы шешімі болып табылады, ол 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi шағын несиені аудару болып табылады, ол 8-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 8-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi әлеуметтік шарт жасасу болып табылады.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
8. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерінің) тiзбесi:

уәкілетті тұлға - көрсетілетін қызмет беруші басшысы;

көрсетілетін қызмет берушінің маманы;

уәкілетті тұлға – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

уәкілетті тұлға - ШҚҰ басшысы;

кәсіпкерлік бөлімі несие алуға ниет білдіргендерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін конкурстық негізде таңдап алған консалтингтік компания (бұдан әрі – консалтингтік компания).

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсімдердің (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау және тексеру, өтінішін кіріс құжаттамаларының журналына тіркеу. Орындалу ұзақтығы - 20 минут;

2 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қалыптастыру және кәсіпкерлік бөлімі мен ШҚҰ-ға қарау үшін жолдау. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;

3 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) өтінішін қарау. Көрсетілетін қызмет берушіге кәсіпкерлік бөлімінің ұсынылып отырған жобаның өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы тұжырым және шешімді жолдауы; ШҚҰдан үміткерлерді несиелеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім (бұдан әрі - шешім) жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;

4 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарлама жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 2 күнтізбелік күн;

5 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыны кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуға, сертификат алуға, бизнес-жоспарды әзірлеуге оған ықпал ету үшін консалтингтік компанияға жолдайды жолданады. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;

6 іс-қимыл – ШҚҰ бизнес жобаны бағалайды, шағын несиелеу мүмкіндігі туралы соңғы шешім шығарады және оны көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 4 күнтізбелік күн;

7 іс-қимыл – ШҚҰ көрсетілетін қызметті алушыға микрокредитті аударады және ол туралы көрсетілетін қызмет берушге хабарлайды. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;

8 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушыға ШҚҰ шешімі туралы хабарлауы. Әлеуметтік шарт жасасу. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн.

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдары реттілігінің толық сипаттауы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимылы тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттауы көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында осы реглементке 2 қосымшаға сәйкес көрсетілген.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша 1

К
Көрсетілетін қызметті алушы
өрсетілетін қызмет берушінің микрокредит беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекеттесу блок-схемасы


Көрсетілетін қызмет

алушыны оқуға жолдау

Микрокредит беру туралы шешім қабылдау

Көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызмет алушымен хабардар етілуі



Тұжырым және шешім

Құжаттарды жолдау

Кәсіпкерлік бөлімі

Келу

ШҚҰ

Бағдарламаға қосу туралы шешім қабылдау

Көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ету



Консалтингтік ұйым

ШҚҰ

Жобаны қарау және бағалау



Көрсетілетін қызмет беруші

Көрсетілетін қызмет беруші

Көрсетілетін қызметті алушы





ШҚҰ

Көрсетілетін қызметті алушыға кредитті аударады






Көрсетілетін қызмет беруші

Әлеуметтік шарт жасау

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша 2


«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процессінің анықтамасы






Стандарттың 9-т. көрсетілген тізімге сәйкес құжаттар қабылдау

(20 минут)



autoshape 94






Құжаттарды кәсіпкерлік бөліміне және ШҚҰға жолдау

(1 күнтізбелік күн)



Кәсіпкерлік бөлімі және ШҚҰ құжаттарды қарауы

(3 күнтізбелік күн)








ШҚҰ шешімі туралы хабарлама және әлеуметтік шарт жасасу (1 күнтізбелік күн)


autoshape 104
Көрсетілетін қызмет көрсетушінің көрсетілетін қызмет алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етуі

(2 күнтізбелік күн)



Оқуға жолдау

(1 күнтізбелік күн)



ШҚҰ көрсетілетін қызмет алушыға микрокредит аударады және ол туралы көрсетілетін қызмет берушіні хабардар етеді

(3 күнтізбелік күн)




Обаны қарау және соңғы шешімді қабылдау

(4 күнтізбелік күн)


Шартты белгілер:






- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің басталуы және аяқталуы




- көрсетілетін қызмет алушының рәсімінің (әрекетінің) атауы немесе ҚҚБ




- келесі рәсімге (әрекетке) ауысу


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет