Реляциялық ДҚЖ тілдік ортасы


SQL тілінің тарихы, стандарты мен



бет2/2
Дата29.02.2024
өлшемі42.9 Kb.
#493390
түріОтчет
1   2
5 lek

SQL тілінің тарихы, стандарты мен қолданылуы
SQL тілі тек сұраныстар жасауға арналғандығымен қоса əлдеқайда терең түсініктерді де қамти алады. Деректерді таңдау қазірдің өзінде де SQL-дің маңызды функциясы болып табылады. Қазіргі жағдайда тіл барлық функционалды мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін қолданылады жəне қолданушыға ДҚБЖ–нен атап айтқанда мыналарды ұсына алады:

      • Деректерді ұйымдастыру. SQL деректерді ұсыну құрылымын жəне деректер қорының элементтері арасындағы қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.

      • Деректерді таңдау. SQL қолданушыға немесе қосалқы программаларға деректер қорынан деректерді алуға жəне оларды қолдануға мүмкіндік береді.

      • Деректерді іздеу. SQL қолданушыға немесе қосалқы программаларға деректер қорын өзгертуге: жаңа деректерді қосуға, бар деректерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.

      • Деректерге қатынауды басyару. SQL көмегімен қолданушының деректерді өзгерту, таңдап алу жəне оларды рұқсатсыз кіріп қолданудан қорғау мүмкіндіктерін шектейді.

      • Деректерді ортақ пайдалану. SQL параллель жұмыс істеуші қолданушылардың деректерді бірге ортақ қолдануын ұйымдастырады.

      • Деректердіy тұтастығы. SQL келісімсіз өзгеруден немесе жүйенің қабылдамауынан қорғай отырып деректер қорының тұтастығын қамтамасыз етеді.

SQL деректер қорының ішкі тілі болып табылады, оған деректер қорын басқаруға арналған қырыққа жуық нұсқаулары кіреді. SQL нұсқаулары негізгі тілге орнатылады жəне деректер қорына қатынауға мүмкіндік береді. Əсіресе С++, Pascal немесе Java тілдерімен салыстырғанда, SQL əлсіз құрылымдалған тіл. Қазіргі кезеңде SQL реляциялық деректер қорымен жұмыс істейтін жалғыз стандартты тіл болып табылады.
SQL тілінің келесідей жетістіктері бар:

      • нақты ДҚБЖ–нен тəуелсіздік;

      • платформа аралық тасымал;

      • стандарттардың болуы;

      • IBM (ДҚБЖ DB2) жəне Microsoft (ДҚБЖ SQL Server, ODBC протоколы жəне ADO технологиясы) компанияларының мақұлдауы жəне қолдауы;

      • реляциялық негіз;

      • жоғары деңгейлі құрылым;

      • арнайы интерактивті сұраныстарды орындауға мүмкіндік;

      • деректер қорына программалық рұқсат етуді қамтамасыздандыру;

      • деректерді əртүрлі ұсынудың мүмкіндіктері;

      • деректер қорымен жұмыс істеуге арналған тіл ретінде толықтығы;

      • деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;

      • клиент-сервер архитектурасын қолдау;

      • бірлескен қосымшаларды қолдау;

      • объектілі-бағытталған технологияларды қолдау жəне олардың кеңейтілуі;

      • Интернеттегі деректерге қатынасу мүмкіндігі;

      • Java (JDBC протоколы) тілімен интеграция;

      • өнеркəсіптік инфрақұрылым.

Қазіргі кезде SQL тілі деректерді басқаратын əмбебап программалық құралы, ол əртүрлі типтегі көптеген ДҚБЖ-мен қолдау тауып келеді жəне түсіну үшін ыңғайлы болады. Ол көптеген əртүрлі функцияларды орындайды:

      • Интерактивті сұраныстар тілі. Қолданушылар деректерді таңдау жəне оны экранда көру үшін SQL командаларын интерактивті программаларда қолданып сұраныстар жасайды. Бұл арнайы сұраныстарды орындау үшін ыңғайлы жағдай.

      • Деректер қорының программалау тілі. Деректер қорына қатынасу үшін программисттер SQL программаларын қолданады. Бұл əдістеме қолданушының өзі жазған программаларымен қатар деректер қорының қызметші программаларында (есеп берулер генераторлары) қолданылады.

      • Деректер қорын басқару тілі. Жұмыс станциясында немесе серверде тұрған деректер қорының администраторы SQL-ді деректер қорының құрылымын анықтау үшін жəне деректерге рұқсат алуды басқару үшін қолданады.

      • Клиент-сервер қосымшалар құру тілі. Дербес компьютерлерге арналған программаларда SQL жергілікті желі бойымен деректер қорының серверімен байланыстын ұйымдастыру құралы ретінде қолданылады. Онда ортақ қолданылған деректер сақталынады. Корпоративті деңгейдегі қосымшаларда клиент-сервер архитектурасы аса қолданылымды.

      • Интернеттегі деректерге қатынасу тілі. Web-серверлерде SQL корпоративті деректер қорына қатынасуға мүмкіндік беретін стандартты тіл ретінде қолданылады.

      • Деректер қорын тарату тілі. Таратылған деректер қоры басқару жүйелерінде SQL бірнеше өзара байланысты есептеу жүйелері арасында деректерді таратуға көмектеседі. SQL арқылы əрбір жүйенің программалық қамтамасыз етілуі басқа жүйелермен байланысып, оларға сұраныстар жібере отырып деректерге қатынасады.

      • Деректер қорының шлюздер тілі. Əртүрлі ДҚБЖ бар есептеу желілерінде бір типтегі ДҚБЖ-мен басқа типтегі ДҚЖБ-ны байланыстыратын шлюздік бағдарламаларында SQL жиі қолданылады [1, б. 30].

Сонымен, SQL тілі қолданушыларға реляциялық деректер қорында бар болатын ақпараттарға қатынасу, оларды өңдеу, сақтау, қолдану, ұсыну жəне жинақтауды қамтамасыз ететін пайдалы құрал.
SQL тілінің тарихы, стандарты мен қолданылуы
SQL-ді тіл ретінде қабылдаудың алғаш қадамы болып осы тілдің стандарттарының шығуы болып табылады. SQL стандартын Америка ұлттық стандарттар институты (American National Standards Institute - ANSI) мен стандарттар бойынша Халықаралық ұйымы (International Standards Organization - ISO) ресми бекіткен болатын.
Кез-келген стандарттарды қолданумен қатар SQL-дің көптеген артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де бар. Стандарттар, нақты бір арнаға сəйкес өндірістік дамуды бағыттайды. Олар SQL тіліне негізделген принциптердің болуы, оның түрлі нақтылықтармен сəйкес жүзеге асуы, деректер қорымен программалық қамсыздандырудың толығымен өтуін, деректер қорының администраторларының жұмысының əмбебаптылығын көрсетеді. Стандарттар нақты жүзеге асудың функционалды мүмкіндіктерін шектейді.
Барлық нақты тілдердің бір–бірінен айырмашылықтары бар, олар деректер қорының серверіне байланысты жетілдіріліп отырады. Əрбір өндірушіге өз өнімін қазіргі ANSI стандартының қолданушылардың жұмыс істеуіне ыңғайлы болғаны пайдалы. SQL тілін жетілдіру немесе кеңейту - қосымша командалар мен опциялар болып табылады.
Ақпараттық қызмет көрсету нарығының дамуына байланысты программалық қамтамасыз ететін өндірушілер əлдеқайда интеллектуалды, яғни көлемді программалық кешендерді шығара бастады. Көптеген ұйымдар жəне жеке қолданушылар өздерінің ЭЕМ-дарына алған өнімдерін орналастыра алмады. Ақпараттармен алмасу жəне ақпараттарды тарату үшін пайдаланыла бастады, ал жалпыланған программалар мен деректер арнайы файлдық серверлерде орнатыла бастады.
ДҚБЖ файлдық серверлерімен жұмыс жасаушылардың арқасында көптеген қолданушылар бір деректер қорына қатынау мүмкіндіктеріне ие болды. Көптеген ұйымдар басқарудың əртүрлі аутоматтандырылған жүйелерін өңдеуді қысқартуда. Алайда, программалардан немесе терминалдардан сұраныстарды өңдеу сол жүйелерде орындалады. Сондықтан қарапайым сұранысты орындау кезінде де файлдық серверден оқу немесе оларға толық файылдарды жазу керек. Бұл жағдайларда конфликті жағдайға немесе желінің қайта жүктелуіне əкеліп соғады. Осындай жетіспеушіліктерді жою үшін клиент-сервер технологиясы ұсынылды. Бірақ сервермен қатынас жасау үшін тағы да SQL тілі таңдалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет