ҚРӘМ №2941 12. 07. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен



Дата23.02.2016
өлшемі122.27 Kb.
ҚРӘМ № 2941 12.07.2004ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 12 маусым № 155


Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы

өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА №164 28.05.2005ж.(т.235)

2.ҚҚА №415 26.11.2005ж.(т.415)



3.ҚҚА №173 от 25.06.07ж. (т.579)
“Бағалы қағаздар рыногы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына, 3-бабы 2-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногы қызмет етуінің айқындық дәрежесі мен тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кастодианның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және кастодиандарға жіберсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға Б. Жәмішев




Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы
12 маусым № 155 қаулысымен бекітілді



Кастодианның есеп беру

Ережесі
Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодианның есеп беру тәртібі мен нысанын белгілейді.


  1. Кастодиан тоқсан сайын, есеп беретін тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мынадай есептерді:

  1. осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша, кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздар туралы есепті;

  2. осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша бағалы қағаздар рыногында жасалған ұйымдастырылмаған кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы есепті;

3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес кастодианның клиенттер саны туралы есепті береді.

2-тармақ алынып тасталсын.

3. Есептер қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде беріледі.

      Есептер кастодианның басшысы қол қойған, еркін түрде жасалған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.



Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.

4.Есептерге кастодианның басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.

Есептің барлық парағы нөмірленеді, парақтардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.

Түзетілген және тазартылған есептер қайтарылады.

5.Берілген есептерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, кастодиан үш күннің ішінде өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып, уәкілетті органға есептің түзетілген нұсқасын береді.

6.Уәкілетті орган кастодианнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрай алады.

7.Есептерді уақытында бермегені, бермегені немесе күмәнды мәліметтерді бергені үшін кастодиан және оның лауазымдық тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

8.Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.


Кастодианның есеп беру ережесінің

1-қосымшасы

Есепті кезең соңындағы номиналды ұстаушыларында

[кастодиан атауы] бар бағалы қағаздар туралы есеп






Бағалы қағаздың бірегейлендіру нөмірі

Эмитенттің атауы

Депозитарийдің, кастодиантың, тіркеушіннің немесе номиналды ұстауды кастодиан жүзеге асыратын ұйымның атауы

Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан клиентерінің шотындағы бағалы қағаздардың саны (дана) және бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны

барлығы

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлардың (зейнетақы активтер)

Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың (инвестициялық қорының активтері)

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер
(меншіктенушілер)

Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың (меншіктенушілер)

Қазақстан Республикасының брокерлер-дилерлердің (банктер емес меншіктенушілер)

Қазақстан Республикасының қаржы нарығының өзге лицензиатардың (меншіктенушілер)

Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушыларының

Қазақстан Республикасының резидент емес номиналды ұстаушыларының

Қазақстан Республикасының резидент өзге заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының резидент емес өзге заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының резидент өзге жекетұлғалардың

Қазақстан Республикасының резидент емес өзге жеке тұлғалардың

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

Бағалы қағаздардың (дана)

Бағалы қағаздар ұстаушылардың (дана)

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы [қолы] Аты-жөні (болған кезде)

Бас бухгалтер [қолы] Аты-жөні (болған кезде) мөр орны

Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Аты-жөні (болған кезде)

Кастодианның есеп беру ережесінің

2-қосымшасы



бастап ___________________ дейінгі кезеңдегі ұйымдастырылмаған

бағалы қағаздар рыногында [кастодианның атауы] номиналды ұстаушыларда

бағалы қағаздармен жасалған операциялар туралы есеп







Операцияны тіркеу күні1

Бағалы қағаздың бірегейлендіру нөмірі2

Эмитенттің атауы3

Бағалы қағаздардың саны (дана)4

Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)5

Мәміле көлемі (теңге)6

Сатушы7

Сатып алушы7

Орналастыру8

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

итого

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы [қолы] Аты-жөні (болған кезде)

Бас бухгалтер [қолы] Аты-жөні (болған кезде) мөр орны

Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Аты-жөні (болған кезде)

Ескертулер:

Осы есепте сатып алу-сату мәміле негізінде бағалы қағаздарды аудару бойынша операцияларды көрсету қажет.

1 Күні/айы/жылы/ форматында тіркеу күні көрсетіледі.

2 Бағалы қағаздың берілген бірегейлендіру нөмірі көрсетіледі.

3 Бағалы қағаздармен бірге мәміле жасасқан эмитенттің атауы көрсетіледі.

4 Мәміле жасалған бағалы қағаздардың саны (данамен) көрсетіледі.

5 Үтірден кейін төрт белгіге дейін мәміле бағасы (теңгеде) көрсетіледі.

Шетел валютасында мәміле жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәміле жасалған күніне белгілеген теңгеде ресми бағамы көрсетіледі. Басқа күнде мәміле жасалған мәміле бойынша есептесуді жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептесуді жүзеге асырған күніне белгілеген теңгеде ресми бағамы көрсетіледі.



6 Үтірден кейін екі белгіге дейін мәміле көлемі (теңгеде) көрсетіледі.

6-1. Егер клиент операцияларды ақшаны пайдаланбастан жүзеге асырған жағдайда, 5 және 6-бағандар толтырылмайды.

7 Мәміле жасалған есебінде және мүддесінде клиенттердің коды көрсетіледі. Бағалы қағаздарды сатып алу – сату бойынша мәмілені жасаған кезде клиентті «Сатушы» не «Сатып алушы» ретінде теңестіру қажет.

Сатушылардың және бағалы қағаздарды сатып алушылардың коды:






Толық атауы

Бес таңбалы код

1.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы

Сауда-саттықты ұйымдастырушы иемденген бес таңбалы код

2.

Эмитент

ISS__

3.

Заңды тұлға

JUR__

4.

Жеке тұлға

FIZ__

5.

Инвестициялық қор

INVFD

6.

Жинақтаушы зейнетақы қоры, меншікті активтер

PF

7.

Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтері

PF_AS



8 Мынадай белгілер қолданылады:

"1" – бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру;



"2" – бағалы қағаздардың қайталама айналысы.



Кастодианның есеп беру
ережесіне 3-қосымша



 

_________ бастап ________ дейінгі кезеңде кастодиан (кастодианның атауы) клиенттерінің саны туралы есеп

 

 




Клиенттің атауы

Резидент-тіктің белгісі


Клиенттер саны

Уәкілетті органның лицензиясына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсетіп, қаржы рыногы лицензиаттарының саны


Басқа заңды тұлғалар саны

Басқа жеке тұлғалар саны






















Басшы

(қолы)

тегі, аты, бар болса - әкесінің аты



Бас бухгалтер

(қолы)

тегі, аты, бар болса - әкесінің аты


Мөр орны







Орындаушы

(қолы,

телефон нөмірі)

тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Каталог: attachments -> cont
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> ҚРӘМ №5362 19. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
cont -> ҚРӘМ №5165 07. 03. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді
cont -> Лицензияның қолданысы ерікті түрде қайтаруына байланысты 01. 01. 2009 ж бастап тоқтатылған ұйымдардың тізімі
cont -> ҚРӘМ №5542 10. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
cont -> ҚРӘМ №3422 04. 02. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> Ерікті медициналық сақтандыру туралы
cont -> Сұрақ: Мен жас маманмын. Алатын айлығым 20 мың теңге көлемінде. Осы айлықпен мен екінші санаттағы банкілер арқылы ипотекалық несие ала алмаймын. Жастар еліміздің болашағы деп үнемі айтылады, алайда шынайы қамқорлық жеткіліксіз


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет