ҚРӘМ №3124 04. 10. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен



жүктеу 206.7 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі206.7 Kb.
ҚРӘМ № 3124 04.10.2004ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 21 тамыз № 259
Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 40 28.03.2008ж.

2.ҚҚА № 171 29.10.2008ж.

3.ҚҚА № 188 05.08.2009ж.

4.ҚҚА № 49 29.03.2010ж.
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” Заңды тұлғалардың бірлестігіне, “Активтерді басқарушылар қауымдастығы” Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.

4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.



Төраға Б. Жәмішев






Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының

“Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 тамыз № 259 қаулысымен бекітілген



Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі


Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі және «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына» сәйкес әзірленді және Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу мен айқындау әдістемесін және тәртібін белгілейді.
1-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есеп алуды ұйымдастыру
1. Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы қызмет етуін олар қамтамасыз ететін әрбір инвестициялық қор бойынша жеке есепті жүргізеді.

2. Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы мыналарды сақтай отырып қордың активтерін есепке алады:

1) инвестициялық қор активтерінің құрылымы:

инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлеміне алынған активтер;

алынған кіріс, оның ішінде қаржы құралдары бойынша дивидендтер, сыйақылар түріндегі түсімдер, сондай-ақ инвестициялық қордың активтерімен мәмілелерден болған кірістер;

есептелген кіріс, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы, қор активтерін қайта бағалаудан болған құнының өсімі бөлігінде есепке алу жүйесінде көрсетіледі;

2) инвестициялық қор активтерінің есебінен өтелетін және қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін тұлғаларға төленетін шығыстар:

инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлеміне алынған активтер;

инвестициялық кіріс есебінен өтелетін шығыстарға бөлінеді;

3) инвестициялық қор активтерінің есепке алынуы кәсіпкерлер мен ұйымдар үшін белгіленген бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің принциптері мен негізгі сапалы сипаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Инвестициялық қордың активтерін есепке алу шоттары бойынша талдау есебін жүзеге асырған кезде:

1) валюта түрі;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қордың активтері және Қазақстан Республикасынан басқа, өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған немесе олардың аумағындағы инвестициялық қордың активтері;

3) қаржы құралдарының түрлері және айналыс (қолданылу) мерзімдері;

4) бағалы қағаздардың эмитенттері (бағалы қағаздардың бірегейлендіру нөмірлері), салым шарттары жасалған банктер, қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар көрсетіледі;

5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны;

6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін);

7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны;

8) қаржы құралдары бойынша есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы.
2-тарау. Инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құнын айқындау
4. Инвестициялық пай қоры активтері мен міндеттемелерінің құны пайларды орналастырудың барлық кезеңі ішінде (бастапқы орналастыру кезеңін қоспағанда) және/немесе пайларды орналастыру және/немесе сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңына пайларды сатып алудың барлық кезеңі ішінде, сондай-ақ:

1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күніне;

2) ашық инвестициялық пай қоры үшін әр аптаның соңғы жұмыс күнінің жағдайы бойынша;

3) аралық және жабық инвестициялық пай қоры үшін әр айдың соңғы жұмыс күнінің жағдайы бойынша;

4) пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алуды қалпына келтіру туралы шешімді қабылдау күніне - оларды орналастыру және (немесе) сатып алу тоқтата тұрылған жағдайда;

5) инвестициялық пай қорының қызмет етуінің тоқтауы үшін негіз туындаған күнге – оның қызмет етуі тоқтаған жағдайда;

6) инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.

5. Акционерлік инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құны әр айдың соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша және акцияларды шығару проспектісіне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.

6. 4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда әр айдың соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құны басқарушы компанияға және инвестициялық қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін өзге тұлғаларға шығыстарды есептегеннен және сыйақы төлегеннен кейін айқындалады.

6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.


7. Инвестициялық қордың активтерiн құрайтын және қор биржасының тiзiмiне кiретiн қаржы құралы оның тiзiмiне кiрген сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарын бағалау әдістемесiне сәйкес нарықтық құны бойынша бағаланады.

Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар жұмыс күнінің соңына Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректерi бойынша алдынғы сауда күнінің орташа мөлшерленген мәмілелердің бағасы бойынша бағаланады.

7-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.

7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарына құнсыздануы бойынша тестілеу жүргізеді.

Құнсыздану бойынша тестілеуге эмитент банкрот болған жағдайда, сондай-ақ дефолт немесе делистинг жарияланған инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары жатады. Осындай қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

7-3. Бағалы қағаздардың құнсыздануына жүргізілетін тестімен құнсыздануды танудың мынадай критерийлері анықталады:

1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;

2) кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу;

3) кепілдіктердің болуы;

4) белсенді нарықтың болуы;

5) рейтингтің болуы.

Акциялардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.

Борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген критерий қолданылмайды.

Әрбір критерий бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.

7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:

1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;



2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;

3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды.

7-5. Эмитенттің қаржылық жай-күйі былайша жіктеледі:

1) тұрақты – эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:

эмитент төлеуге қабілетті;

коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген;

бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;

ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;

эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;

эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді;

2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі «тұрақты» сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады.

3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар:

эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);

эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы;

4) өте қиын – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы сыни деңгейге жетті:

төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрдегі қайта құрылуы ықтимал;

шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу);

бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді;

эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы.

Есептен шығару мөлшері бағаланатын бағалы қағаздың санатына байланысты болады, ол осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес анықталады:



он пайызға – «1-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін,

он бес пайызға – «2-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін,

жиырма бес пайызға - «3-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін»,

елу пайызға – «қанағаттанарлықсыз» жіктеу санаты үшін.

Қаржы құралы үшін ашық сауда тоқтатылуына байланысты белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануға растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсыздануының растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қол жетімді деректермен жиынтығында қаралады.

7-6. Акциялардың құны олардың белсенді нарығының болмауы салдарынан әділ құнын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендірілген құны бойынша анықталады.



Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын баланстық құнына мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады:

он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса;

жиырма төрт ай ішінде – егер ауытқу 1,5-2 есені құраса;

отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 –ден астам есені құраса.

Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады.

Осы қаулының мақсаттары үшін баланстық құны деп эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын акциялардың құны танылады.

Инвестициялық қордың активтерін құрайтын, бұрын қор биржасының тізіміне енгізілмеген қаржы құралдары басқарушы компанияның есеп жүргізу саясатына сәйкес есепке алынады.

Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.

8. Қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық қордың өзге мүлкінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөніндегі заңдарына сәйкес айқындалады.

Егер инвестициялық қордың активтері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда, олардың құны аумағында инвестициялық қордың активтері бар мемлекеттердің заңдарына сәйкес мүлікті бағалауды жүзеге асыру лицензиясына (рұқсатына) ие бағалаушылар айқындай алады.

9. Бағалаушы бағалайтын инвестициялық қордың активтері оларды сатып алған және иелігінен шығарған кезде, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың акцияларын шығару проспектісінде немесе инвестициялық пай қорының ережелерінде белгіленген мерзімде, бірақ жылына бір реттен кем емес бағалануға жатады.

10. Құны шетел валютасында көрсетілген, инвестициялық қор активтерін бағалау инвестициялық қор активтерінің құнын айқындау күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.

11. Инвестициялық қордың міндеттемелеріне:

1) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі міндеттемелер;

2) инвестициялық қордың бағалы қағаздары бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі міндеттемелер;

3) инвестициялық қордың активтерімен болған мәмілелер, инвестициялық қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін тұлғаларға төленетін комиссиялық сыйақы бойынша берешек;

4) инвестициялық қордың активтері есебінен орындалуға жататын өзге де міндеттемелер кіреді.


3-тарау. Инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау
12. Инвестициялық қордың таза активтерінің құны осы инвестициялық қордың активтері есебінен орындалуға жататын активтері мен міндеттемелерінің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Акционерлік инвестициялық қордың таза активтерінің құнын есептеген кезде акционерлік инвестициялық қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған акционерлік инвестициялық қордың кастодианында есепте тұрмаған және сақтауында жоқ активтер мен бөлінбеген кірістің бір бөлігі есепке алынбайды.

13. Инвестициялық пай қоры пайының есепті құны мұндай қордың таза активтерінің құнын айқындау күніне осы құнды пайларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің деректеріне сай сол күнге айналыста болатын пайлар санына бөлу арқылы айқындалады.

14. Акционерлік инвестициялық қор акцияларын сатып алу бағасы акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.



14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми сайтында орналастырылады. (

4-тарау. Қорытынды ережелер


15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.


«Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 1-қосымша

Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлері

 


 

Критерийдің атауы

Баллдар саны

1

Қаржылық жай-күйі:

 

1.1

Тұрақты

+0

1.2

Қанағаттанарлық

+1

1.3

Тұрақсыз

+2

1.4

Өте қиын

+5

2

Кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу:

 

2.1

Мерзім өткізу жоқ

-1

2.2

Мерзімі 7 күнге дейін өткізілген

+0

2.3

Мерзімі 8-ден 15 күнге дейін өткізілген

+1

2.4

Мерзімі 16-дан 30 күнге дейін өткізілген

+2

2.5

30 күннен астам

+3

3

Кепілдіктің болуы:

 

3.1

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде)

-4

3.2

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% -дан аз кепілдігі болған кезде)

(баллдар сомасы кепілдік мөлшеріне пропорционалды есептеледі «- 4»-тен)

3.3

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекетінің

-3

3.4

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

-3

3.5 

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитентінің

-2

3.6

Кепілдігі жоқ

+0

4

Белсенді нарығының болуы:

 

4.1

Белсенді нарық

+0

4.2

Нарығы белсенді емес

+1

5

Рейтингінің болуы:

 

5.1

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар

-4

5.2

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен «ВВВ-»-ке дейін рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар

-3

5.3

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар

-2

6

Рейтингі жоқ




6.1

«бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

-1

6.2

«екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+0

7

Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

-1

7.1

Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

0

8

Қор биржасы тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

9

Дефолт, делистинг немесе рейтингтің төмендеуі

+2

10

Бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі)

+2

11

Ақпарат жоқ

+10

Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады.

1-ге дейін (қоса алғанда) баллдар сомасын алған жағдайда – бағалы қағаз стандартты деп жіктеледі.

Баллдар сомасы 2-ден 4-ке дейін (қоса алғанда) болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.

Баллдар сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.

Баллдар сомасы 8-ден 10-ға дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.

Баллдар сомасы 10-нан астам болған кезде қанағаттанарлықсыз деп жіктеледі.

Бағалы қағаз эмитентінің банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз нөлге дейін біржолғы есептен шығарылады.».


«Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 2-қосымша

 
Бағалы қағаздар құнсыздануының қажетті мөлшері



 

Балдар сомасы

Бағалы қағаздардың жіктеу санаты

Құнсызданудың қажетті (барынша төмен) мөлшері

1

Стандартты

0%

2-4

1-санаттағы күмәнді

10%

5-7

2 –санаттағы күмәнді

15%

8-10

3-санаттағы күмәнді

25%

10 астам

Қанағаттанарлықсыз

50%

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет