ҚРӘМ №3822 06. 09. 2005ж тіркелді



жүктеу 34.07 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі34.07 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


ҚРӘМ № 3822 06.09.2005ж.тіркелді





Алматы қаласы

2005 жылғы 30 шілде

№ 269



Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 99 15.04.2006ж.

2.ҚҚА № 110 30.04.2007ж.

3.ҚҚА № 155 28.05.2007ж.

4.ҚҚА № 125 22.08.2008ж.

5.ҚҚА № 181 28.11.2008ж.

6.ҚҚА № 89 29.04.2009ж.

7.ҚҚА № 142 07.07.2009ж.

8.ҚҚА № 18 01.03.2010ж.

9.ҚҚА № 50 29.03.2010ж.

10.ҚҚА № 87 25.06.2010ж.

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы “Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы” Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы “Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы” Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.



5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.



Төраға Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысының

2-қосымшасы

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 2591 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Вестник Национального Банка Казахстана” басылымында 2003 жылы жарияланған, № 25);

2) “Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2591 тіркелген “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 2996 тіркелген, 2004 жылы “Финансовый вестник” журналында жарияланған, № 9(9));

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 3635 тіркелген, “Финансовый вестник” журналында № 6(18) жарияланған “Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 131 қаулысы.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет