ҚРӘМ №5114 28. 01. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#25175
  1   2   3   4
ҚРӘМ № 5114 28.01.2008ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2007 жылғы 24 желтоқсан № 275
Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 199 28.11.2008ж.

2.ҚҚА № 136 03.09.2010ж.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және оның қолданылуы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

4.Стратегия және талдау департаменті (Г.А.Ділімбетова):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға А.Дунаев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсан № 275 қаулысымен бекітілген



 
Банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесі

 
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру нысандарын және тәртібін белгілейді.

2. Бір мезгілде басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылатын қаржы ұйымы ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің есептілігі уәкілетті органға осы Ережеде көзделген нысандарда ұсынылады.

3. Қаржы ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері және сақтандыру холдингтері есептілікті уәкілетті органға тиісінше Банктер туралы Заңының 54-1-ші, Сақтандыру қызметі туралы Заңының 74-1-ші, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 49-2-ші баптарымен белгіленген мерзімдерде ұсынады.

4. Заңды тұлғалар болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілігіне мынадай нысандар кіреді:

бухгалтерлік баланс;

пайда және шығындар туралы есеп;

ақша қозғалысы туралы есеп;

меншікті капиталдағы өзгеріс туралы есеп;

есеп жүргізу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.

5. Қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қағаз тасымалдауышта аудиторлық ұйымымен расталмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны қаржылық жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде ұсынады.

6. Банк холдингі, сақтандыру холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде есептік тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын, банк холдингі, сақтандыру холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын және Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын, заңды тұлға болып табылатын, қаржы ұйымының, банк холдингінің ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне берілетін түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:

1) қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің қызмет түрлерінің сипаттамасы;

2) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі қатысушы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;

3) қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, жарғылық капиталдағы оның қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйым қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

Қаржы ұйымында банк холдингі, сақтандыру холдингі немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы болмаған жағдайда, заңды тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде есептік тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей тоқсан сайын қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.

6-1. Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы Ереженің 6-тармағында көзделген өзге мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.

7. Сақтандыру холдингі уәкілетті органға Заңның 74-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде есептілікті ұсынады.

8. Түсіндірме жазбада осы Ережеге 1-3-қосымшаларға сәйкес ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ ақпаратты толық ашып көрсету үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс кестелерін қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы және қаржы ұйымы ірі қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының) шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қосылған заңды тұлға болып табылатын қаржы ұйымы ірі қатысушысының еншілес және тәуелді ұйымдарының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының) қаржылық есептілігі баптарының талдамалары көрсетіледі.

8-1. Егер қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі болып Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы табылса, онда қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі осы Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес ақпаратты береді, бүл ретте егер қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезең бойынша берген болса, қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазба берілмейді.

9. Заңды тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі шоғырландырылған, ал ол болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит жөніндегі есептің көшірмелерін және аудиторлық ұйымының ұсыныстарын уәкілетті органға осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынады.

Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының резиденті емес – сақтандыру холдингі, заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы уәкілетті органға аудиторлық есептің және аудиторлық ұйымы ұсыныстарының көшірмесін осы құжаттарды өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде береді.

Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының резиденті емес – сақтандыру холдингі, заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйыммен расталады.



9-1. Банк холдингі, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің және аудиторлық ұйымның ұсыныстарының көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.

10. Банктер туралы Заңның 54-1-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 74-1-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 49-2-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі уәкілетті органға аталған өзгерістердің сәтінен отыз күн ішінде осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді мыналарды қоса берумен ұсынады:



алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген құжатты (аталған құжаттың берілген күні уәкілетті органға мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынған күннен бұрын үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар қосымша олар азаматтық алған елдің, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты ұсынады;

осы Ереженің 4 -қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.

11. Жеке тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізушіде кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтыған есептілікті, сондай-ақ осы Ереженің 6-9 қосымшаларына сәйкес ақпаратты ұсынады.

Жеке тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының салық туралы заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарына кірістері туралы декларацияны берген жағдайда, қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына ұсынылатын, жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті органдары растаған жеке табыс салыға бойынша декларацияның көшірмесін табыс етеді.

Қаржы ұйымының ірі қатысушысы – бір мезгілде екі және одан астам қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы болып табылатын жеке тұлға уәкілетті органға өзі ірі қатысушысы болып табылатын барлық қаржы ұйымдары бойынша мәліметтерді қоса құрастырылған талап етілген кезеңдегі есептілікті бір данада ұсынады.

12. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап отыз күндік мерзімде уәкілетті органды тиісінше өзгеріс туралы хабардар етеді:



оған тиесілі банк акциялары санының орналастырылған акциялар санына (артықшылықты және банк сатып алғандарды шегергенде) және (немесе) ол тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар банктің дауыс беруші акцияларының санына пайыздық ара қатынасының өзгеруі туралы;

оған тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының ол тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының санына пайыздық ара қатынасының өзгеруі туралы;

оған тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялар санының ол тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының санына пайыздық ара қатынасының өзгеруі туралы.

Көрсетілген ақпаратқа акцияларды сатып алу үшін қолданылған дерек көздері мен құралдарының сипаттамасын қоса алғандағы, осы Ереженің 10,11-қосымшаларына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер қоса беріледі.

Банктер туралы Заңның 17-1-бабының 18-тармағының үшінші бөлігінде, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 36-1-бабының 13-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 26-бабының 13-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда, осы фактіні анықтаған күннен бастап бір ай ішінде бұдан бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану жөніндегі шешімді банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте қабылдайды.

12-1. Бір мезгілде банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) екі және одан астам қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға уәкілетті органға өзі банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) ірі қатысушы болып табылатын барлық қаржы ұйымдары бойынша мәліметтерді қоса жасалған талап етілген кезеңдегі есептілікті бір данада ұсынады.

13. Екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары тиісті қаржы ұйымдары ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің уәкілетті органға осы Ережеге сәйкес есептілікті уақтылы және толық ұсынуына жәрдемдеседі.

14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес шешіледі.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесіне 1-қосымша


 

 

Қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) қызметі түрлерінің сипаттамасы



 

1. Есеп беруші ұйым туралы ақпарат:

Қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) атауы____________________________

Есеп беруші тұлға жарғылық капиталында ірі қатысушысы болып табылатын қаржы ұйымдарының атауы _____________________________________________________________

Пошталық мекенжайы____________________________________________________________

Орналасқан жері _________________________________________________________________

Телефон__________________________Факс__________________________________________



 

2. Қомақты операциялардың сипаттамасы (банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) акцияларға орналастырылған активтерді және басқа тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін шегергенде жасалу күніндегі меншікті капиталдың он және одан астам пайызын құрайтын операциялар қомақты операциялар болып танылады):




Опера-

цияның

түрі

Опера-

цияны

жасау

мақсаты

Операция

жасалған

күні

Сомасы (мың

теңгемен)

Операция

жасалған

валютаның

түрі (кіріс

алынды)


Қарсы

агент-

тің

атауы

Қаржылық

нәтиже

(мың

теңгемен)

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қаржы ұйымының және қаржы ұйымының тиісті ірі қатысушысының, банк пен банк холдингтің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингінің арасындағы банктің ірі қатысушыларына (банктік холдингтеріне) банкпен есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету операцияларын қоспағандағы операцияларды сипаттау: 



Опера-

цияның

түрі


Опера-

цияны

жасау

мақсаты

Операция

жасалған күні

Сомасы (мың теңгемен)

Операция

жасалған

валютаның

түрі (кіріс

алынды)


Операцияның басқа қатысушыларының атауы

Қаржылық

нәтиже

(мың

теңгемен)

(Банктің атауы) банктің ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 

(Банктің атауы) банк холдингі

1.

 

 

 

 

 

 

 

(Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 




Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымының атауы)

1.




(Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) және қаржы ұйымы бірлесіп қатысатын өзге операциялардың сипаттамасы:

 




Сақтандыру түрі

ақта-

цияны

жасау

мақсаты

ақтанды

жасалған күні

ақтан (мың

теңгемен)

ақтанды

жасалған

валютаның түрі

(кіріс

алынды)


ақтандыру басқа қатысушыларының атауы

ақтанды

нәтиже

(мың

теңгемен)

(ақтанд атауы) банктің ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 

(ақтанд атауы) банк холдингі

1.

 

 

 

 

 

 

 

(Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 

Сақтандыру холдингі(сақтандыр(қайта сақтандыру) ұйымының атауы

1.






















(Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Қосымша ақпарат:

1) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) лауазымды тұлғалары туралы ақпарат:

 



Лауа-

зымды

тұл-

ғаның

фами-

лия-

сы,

аты-

жөні

Қаржы ұйымының ірі қатысу

шысы

(банк

холдингі,сақтандыру холдингі)

болып

табылатын

ұйымдағы

атқаратын

қызметі, ұйымның атауын көрсетуімен

Басқа ұйымдарда атқаратын қызметі, ұйымдардың атауын көрсетуімен

Қатысу сомасы /

Сатып алынған акциялардың құны

(мың теңгемен)


Лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің), өзге ұйымның дауыс беруші акцияларының жалпы санына ара қатынасы немесе оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)


дербес

бірлесіп

тікелей

жанама

пайыз

Ұйымның атауы / жеке тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты)

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

2) қаржы ұйымы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) ірі қатысушысының қатысушылары (акционерлері) туралы ақпарат (қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысының ірі қатысушылары (ірі акционерлері) болып табылатын ұйымдардан басқа):

 



Ұйымның атауы/

жеке тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты)



Сатып алу күні

Жарғылық капиталға қатысу сомасы /

Сатып алынған акциялардың құны

(мың теңгемен)


Иеленген акциялардың саны

Иеленген акциялар санының қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

дербес

бірлесіп

тікелей

жанама

пайыз

Ұйымның атауы

/ жеке тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты)



1.

 




 

 

 

 

 

 

 

3) қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу үшін заемдар алу туралы ақпарат:




Заем берген ұйымның /

жеке тұлғаның атауы



Акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) заем есебінен сатып алынған ұйымның атауы

Заем сомасы

(мың теңгемен)



Жарғылық капиталдағы қатысу сомасы /сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен)

Акциялар саны

Қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) сатып алған акциялар санының ұйымның дауыс беретін акциялардың жалпы санына ара қатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)


1.

 

 

 

 

 

 


4) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын ұйымдар тізбесінің өзгеруі туралы ақпарат:




Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымның атауы


Жарғылық капиталына қатысу /акцияларды иелену кезеңі

(сатып алу күні және мақсаты, сату күні)



Қаржы ұйымы ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) иеленген акциялар санының ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

Мәміле сомасы

(мың теңгемен)



Мәміленің қаржылық нәтижесі

(мың теңгемен)



1.

 

 

 

 

 

 

Бірінші басшы _____________________________ 

(фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты))



_____________

қолы


Бас бухгалтер ________________________________

(фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты))



_____________

қолы


Мөрдің орны 

 

Орындаушы _____________________________________

(фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты))



_____________

қолы


Телефон _____________________

 


 

Күні ________________________

 


 

 

 


 Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесіне 2-қосымша


 

Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) қатысушы

(акционер) болып табылатын ұйымдар туралы ақпарат

 

1. Есеп беруші ұйым туралы ақпарат:

Қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) атауы____________________________

Есеп беруші тұлға жарғылық капиталына ірі қатысушы болып табылатын қаржы ұйымдарының атауы ____ _________________________________________________________

Пошталық мекенжайы ____________________________________________________________

Орналасқан жері ________________________________________________________________

Телефон___________________________Факс_________________________________________



 

2. Қатынастар туралы ақпарат:

1)

банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) банкпен:

Банктің орналастырылған акцияларын (артықшылықты және қаржы ұйымы сатып алғандарды қоспағанда) иелену:

тікелей______ жанама_________

 

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын иелену (пайызбен):

тікелей ______                жанама _________

 

ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ашық жинақтаушы зейнетақы қорымен:

ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларын иелену (пайызбен):

тікелей ______                                жанама _________

 

2)

банк акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі (банктің дауыс беретін акциялары санының жалпы көлемінен пайызбен):

тікелей ______      жанама _________

 

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі (пайызбен):

тікелей _______        жанама _______

 

ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы көлемінен пайызбен):

тікелей_______                                        жанама _________
3) қаржы ұйымы ірі қатысушысының қаржы ұйымының қабылдайтын шешімдеріне шарт күшімен не өзге тәсілмен ықпал ету мүмкіндігі (растайтын құжаттарды қоса беруімен)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4) банк холдингінің, сақтандыру холдингінің шарт күшімен не өзге тәсілмен банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен қабылданатын шешімдерін анықтау немесе бақылау жүргізу мүмкіндігі (растайтын құжаттарды қоса беруімен) ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) қатысушы (акционер) болып табылатын ұйымдар туралы ақпарат:

 



Ұйым-

ның

атауы

Қатысу сомасы/

Сатып алынған акциялардың құны

(мың теңгемен)


Иеленген акциялар саны

Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) иеленген акциялар саны мен ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының ара қатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

дербес

бірлесіп

тікелей

жанама

пайыз

Ұйымның атауы / жеке тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты)

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын ұйымдардың қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы (қаржы есептілігін қоса беруімен)___________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
5. қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу сұлбасы (шартты болып табылады, қаржы ұйымының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы толық құрылымын ұсынуы тиіс)

  


Қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы


51%


Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі)



15% 10%(25%)





Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын ұйым



 

Тиісті қаржы ұйымы


5%



Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі ) қатысушы (акционер) болып табылатын ұйым

 

 

Бірінші басшы _____________________________ 

(фамилиясы, аты, бар (болса-әкесінің аты))



_____________

қолы


Бас бухгалтер ________________________________

(фамилиясы, аты, бар болса-әкесінің аты))



_____________

қолы


Мөрдің орны

 


 

Орындаушы _____________________________________

(фамилиясы, аты, (бар болса-әкесінің аты))                        



_____________

қолы


Телефон _____________________

 


 

Күні________________________

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесіне 3-қосымша


 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет