2-кесте
Ренгендифрактометрлік зерттеудің нәтижесінде алынған мусковит кристалының F(00l) құрылымдық амплитудасының есептелу мәні. (С және К сәулелері фильтрленген).
Есептеу үшін электрондық тығыздықтың Z-осіне проекциясы С периоды бойынша 60 бөлікке бөлінген. Z=0,5 нүктесінде симметрия центрі бар, олай болса 31 қатарды былай қосындылау қажет:
Мұндағы К-интервал номері. Кристаллографиялық Z кординатасы интервалдар номерімен мынадай байланыста:
Қатарларды қосу компьютерде жүргізіледі, бірақ біз 1 l12 және 0 К3 араларындағы барлық мәндерді келтірейік.
l-ға және К-ға байланысты осы шамалардың периодты таралуын 3-кестеден көруге болады.
Слюдада атомдардың таралуы мен (z) функциясының арасындағы байланысты көрсетуден бұрын, сол кристалдың құрылымын қарастырайық. Слюданың құрылымы – кәдімгі қабатты силикаттардың өкілі. Олар жалпы кристаллохимиялық формуланың түрліше құрамымен сипаталады:
Мұндағы M, N, T – қабатаралық, октаэдрлік және тетраэдрлік атомдар. Формуладағы жоғарғы индекс – валенттілік, төменгі-атомдар саны. Слюда кристалының электростатикалық бейтараптығын mx=1, ng=6 шарттары орындалуы керек. атомдары. Осы құрамға көрсетілген атомдардан басқадай атомдар да кіруі мүмкін. Слюдалардың атомдары 35-суретте көрсетілгендей қабаттасып орналасады.
|
35-сурет. Слюданың атомдық қабаттарының тізбегінің сызбасы
|
Егер кристалдық формулада n=3 болса, онда октаэдрлік қабаттағы үш октаэдрлік позицияның екеуі, егер n=2 болса, онда барлық позицияның үшеуі де қатынасады. Бірінші типті слюдалар олар - қосоктаэдрлік, екінші типтілер – үшоктаэдрлік слюдалар. Мусковит – K(Si3Al)Al2O10(OH)2 – ол нақты қосоктаэдрліктің өзі, ал флогобит – K(Si3Al)Mg3O10(OH)2 және биотит -
K(Si3Al)Fe3Al2O10(OH)2 - бұлар үшоктаэдрлік слюдалар тобына жатады. Қосоктатроэдрлік және үшоктаэдрлік слюдалардың полиэдрикалық моделі 36-суретте көрсетілген.
3-кесте
Мусковит кристалының электрондық тығыздығын (z) есептеудің проекциясы.
3-кестенің жалғасы
3-кестенің жалғасы
|
36-сурет. Слюданың қос октаэдрлі (а) және үшоктаэдрлі (б) слюданың полиэдрикалық моделі.
|
Слюданың құрылымының негізгі екі немесе үш валентті металдар атомдарының аралық оқтаэдрлік торымен қосылатын қос кремний оттекті пакеттен тұрады. Осындай пакеттің электр заряды 1 – ге тең болып қабаттарының қалыңдығы 2 : 1 қатынасын қанағаттырса онда ол заряд қабатаралық оң катионмен жойылады. Есептеу нәтижесі 3 кестеде келтірілген ρ(Z) функциясының қисығы 38–суретте көрсетілген. 38 б– суретте құрылымның бөлігі(фрагмент) Z осі бойындағы ячейканың жартысы көрсетілген (30 және 37-суреттерді қараңыз). 37 суреттен маңызды екі салдар туындайды. Біріншіден, кейбір жеке участок -терде электрондық тығыздықтың сан мәні салыстырмалы сипат алып, кейбір участоктерде электрондық тығыздық теріс шамаға айналатын болғандықтан, оның физикалық мағынасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |