Рентгенографи я



бет10/24
Дата16.12.2023
өлшемі4.56 Mb.
#486815
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
treatise34952

25-сурет. Есептеуіштің нөлін (0) анықтау және нұсқа ұстағышының орналасуын тексеру.



Егер осы әдістемені қолданғанда қисықтың басқа тармақтарының интенсивтілігі түрліше (27-сурет) болса, онда ол алғашқы рентген сәулесінің симметриялы емес екендігін көрсетеді.





Егер юстирлеу кезінде 25 а,б және 26-суреттердегідей қисықтар алынса, онда дифрактометрдің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін көрінген кемшіліктерді жою керек. Егер олай болмаса, профиль туралы және бұрыштық орын туралы алынған мәліметтер диаграммада дұрыс болмайды.

26-сурет. -қисығы алғашқы рентген сәулесінің қимасы симметриялы емес екендігін көрсетеді.





2.5 Рентген дифрактометрімен жұмыс кезінде техникалық қауыпсыздықты сақтау талаптары
Рентген дифрактометрінің жұмысы кезінде назар аударатын екі топқа бөлінетіні факторлар бар.

  1. Рентген дифрактометрі, басқа рентген аппараттары сияқты, жоғары кернеулі электр тогымен жұмыс істейді. Жоғары және төмен кернеулі тоқты өткізетін барлық бөліктері изоляцияланған болғандықтан толық жиналған рентген дифрактометрі, электрлік тұрғыдан қарағанда, қауыпсыз болады. Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін жоғары вольтты блоктың барлық қабырғалары жабық және рентген түтігіне қосылған барлық кабельдер ақаусыз болуы керек. Рентген аппараттары ток көзіне қосулы тұрғанда қандай да болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынады.

  2. Барлық рентген аппараттары, оның ішінде рентген дифрактометрлері де – иондағыш сәулелер көзі. Рентген түтігінің терезелері пердемен жабылса ондай дифрактометр қызметкерді радиациялық қауыптан сақтайды. Рентген дифрактометрі рентген сәулесін жұтатын қорғасын тұзы қосылған шыныдан жасалған экранмен жабдықталған. Қызметкер мен рентген түтігінің сәуле шығатын терезесінің арасында және қызметкер мен нұсқаның арасында радиациялық қауыпсыздықті қамтамасыз ететін экран болуы керек. Гониометрді юстирлеу жүргізгенде де аса сақ болу қажет.

Дифрактометр жұмыс істеп тұрғанда ол бөлмеде бөгде адамдар мен басқа қызметкерлердің болмағаны дұрыс. Егер бөлмеде қызметкердің болуы қажет болса, онда дифрактометрмен жұмыс істеп тұрған адамға қажет болғанда, көмек көрсетуге дайын тұрған басқа қызметкер болуы керек.
Дифрактометрмен жұмыс істейтін барлық қызметкерлер мен жұмысшылар, рентген аппараттарымен жұмыс істейтіндер сияқты, техника қауыпсыздығы туралы міндетті түрде арнайы нұсқаудан өтуі қажет. Нұсқауды арнайы тағайындалған маман жүргізеді.

Бақылау сұрақтары


1.Рентген сәулесін тіркеу кезінде қандай әдістер қолданылады,жеке-жеке сипаттама беріңіз.
2.Рентген сәулесін фотографиялық әдіспен тіркеу.
3.Ионизазиялық әдісті түсіндіріңіз.
4.Гейгер есептеуішін сипаттаңыз.
5.Пропорцияналдық санауыш.
6.Рентген аппараты қандай шарттарға сай келуі керек?
7.Рентген аппаратыныі негізгі бөліктері қандай?
8.Рентген аппаратының жұмыс істеу режимін түсіндіріңіз.
9.Рентген дифроктометрі дегеніміз не?
10.Кенотронсыз рентген аппаратын сипаттаңыз.
11.Брегг-Брентано әдісімен фокустауды түсіндіріңіз.
12.ДРОН-2.0 рентген дифроктометрін сипаттаңыз.
13.ДРОН-2.0 рентген аппаратының жұмыс істеу принціпін түсіндіріңіз.
14.Блок есептеуіштің жылдамдығын өлшеуде қандай режим қолданылады.
15.Ганиометрге сипаттама беріңіңз.
16.Ганиометрдің геометриялық сызбасын түсіндіріңіз.
17.Вульф-Брегг бұрышын түсіндіріңіз.
18.Нұсқа мен есептеуіш орнын анықта.
19.Нұсқа ұстағышының ганиометр өсімен ығысуын анықта.
20.Рентген дифрактометрімен жұмыс кезінде техникалық қауыпсыздықты сақтау талаптары

3 Поликристалдардың рентгендік дифрактограммасын алу және есептеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет