«Ресей тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#130440
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК


ОӘК


042-14-5-02.10.20.43/03-2014

«Ресей тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

__________





«Ресей тарихы»

пәнінен оқу-әдістемелік кешені

020300 «Тарих» мамандығы үшін




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015.
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

ГЛОССАРИЙ:

Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси тәрбие - тұлғаға ықпал жасаудың мақсатты бағытталған және жүйелі процесі, сол қоғамдағы өмірге дайындау мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына әсер ету процесі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.


Дәрістер. 9. Қысқаша дәрістер мәтіні:

1.Кіріспе

Жаңа заман әлемдік тарихтың біршама күрделі кезеңі болып табылады. Ол еуропалық дәстүрлі қоғамның дағдарысты дамуы және құлдырау жәйттерін, сондай-ақ буржуазиялық қоғамдық жүйенің революциялық келбеті мен индустриалды қоғам негізінің мезгілдік қалыптасуын желістеумен байланысты. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл, біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен сипатталады.ХІХғ. басындағы капитализм генезисінің ерте кезеңі ерекшелігін бейнелейтін тарихи оқиға ретінде алынады.

Буржуазияның қалыптасуы, өнеркәсіптің дамуы, жаңа қатынастарды тудырады. Осы кезең жаңа кезең деп аталады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті.

Қазіргі заман тарихы да айтулы оқиғаларға байланысты шеңберлері анықталған. Қазіргі заман тарихы өз ішінде екіге бөлініп қарастырылады. І-дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің даму желісіне байланысты жеке қарастырады. Екі соғыс аралығындағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси, экономикалық даму ерекшеліктері және экономиканы дамыту мақсатнда жер, отар үшін күрестерге толы тарихи кезең болып табылады. Сондай ақ ІІ-дүние жүзілік соғыс, фашизм, тоталитаризм сынды терминдерге толы кезең болып табылады.

Қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың құрылуы, қазіргі дипломатиялық қатынастардың баспалдақтарының қалыптасу тарихын оқытады.

2.ХҮІІ-ғ.ІІ-артысы ХІХ-ғ. басындағы Еуропа елдері

Европадағы ағартушылықта Англияның алатын орны ерекше.Себебі ағартушылықтың отаны Англиядан бастау алған еді.Ағылшын ағартушылығының саяси негізін салушы Джон Локк болып есептеледі.Ол мемлекетті ымыралы келіскен қоғам өнімі ретінде қабылдаған болатын.Ол басқы тетік ретінде қоғамдағы адам моралін қарастырады. Азаматтық құқықтар емес, адам ішінде жасырынған үнсіз, келісімшілік пен сыйласылымдылық басты роль атқаруы тиіс деп есептеген тұғын.Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін басты фактор болуы тиіс дейді.Локктің конституциялық идеялары негізінен Англияның саяси құрылымына негізделген ,яғни буржуазия мен дворян арасындағы ымыраға бағытталған болатын.

18ғ.Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті.1701-жылы парламент екі заң қабылдайды.Онда Стюарттар династиясының мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын.Бірінші документ –Тақты бекіту Биллі болып саналды.Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында еді.Екінші документ- «Корольдіктің стакусы» және парламентаризм енгізілді.Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған.Королева Анна(1665-1714жж.) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді.Тіпті Георг ІІ(1638-1760жж.) кезінде вето құқығынан айрылады.Парламен отырысына қатынасу құқығынан да айрылған болатын.Парламент екі палатадан тұрды.Лордтар және общинадан.Парламент пен король арсындағы күресте 17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп күш салады.1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды.1760-жылдан бастап ГеоргІІІ(1738-1820жж.) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары тюри партиясы билікке келген еді.

Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса бастады.Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады.18ғ.Англияда мануфактура ұлттық деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына сәйкес келе бастаған болатын.Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады.Негізгі төңкеріс тоқыма өндірісінде етек алды.Дж.Кей (1704-1764жж.)тоқыма самалеті, Дж.Харгривстің тоқыма машинасы және т.б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл салада үлен өзгерістер болды.Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды.Джейммс Уатт(1736-1819жж.) ойлап тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді.Бұрынғы ағаштың орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады.Бұндай жағдайлар жол қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты.

Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.

1799ж 9-қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін билік үш консулдың қолына өтті, Бірақ іс жүзінде Бонапарттың яғни І консулдың колында болды. Ол кейін жеке өзі билік жүргізгісі келіп өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа конститутция қабылданды. Конституция бойынша Франция республика болып қалды. Конст-ға сәйкес І консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органының барлық мүшелерін тағайындады. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-шенеуніктерін тағайындады. Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды. Оны Жозеф Фуше басқарды. Қатаң цензура орнады. 1801 жылы котолик шіркеуінің дінбасы Рим папасымен конкордантқа қол қойды. 1804 ж Рим папасы салтанатты түрде Напалеонға тәж кигізді. Наполеон ұсынысымен Француз эпископтарын Рим папасы тағайындады.

Франциядағы 18 брюлер төңкерісінен кейін қала буржузиясына сүйенген Напалеон Бонопарт диктатурасы орнады. 1804 жылға дейін бұл режим Консулдық түрде Франция республика болса 1804 жылдан бері Н. Бонапарт «Францияның императоры» атанды. Мемлекеттік төңкерістен кейін өз билігін заңды түрде бекітті. Жаңа конститутция бойынша билік І Консулдың қолына шоғырланды. Төрт заң шығарушы орган- сенат, мемлекеттік кеңес, трибунат, заң шығаушы корпус тек атауы ғана болды. Наполеон парламенттік режимді жойды. Оның орнына полицейлік-чиновниктік жүйе орнады. Демократтар қуғындалып, репрессияға ұшырады. Наполеон Яксбиншілерді құртуға тырысты.

Папа УІІ Пиемен 1804ж келісім жасалып (Конкордат), 1802ж күшіне енді. Келісім бойынша католицизм басым көпшілік азаматтардың дініне айналды.

Напалеон өндірісшілер, кәсіпкерлер, банкирлер мен саудагерлер әрекеттерін қолдап отырды. 1800жылы Франция банкінің негізі қаланды.

Революция жылдарындағы заңдардың көпшілігі жойылып, Ле-Шапелье заңы қалдырылды. Мұнда: жұмысшылардың өз мүдделерін қорғау ұйымына құқық бермеу және өндірісшілердің оларды эксплуатациялаудың шектелмеген мүмкіндігіне жол берілді.

1804-1808жж Азаматтық, Комерциялық және Қылмыстық кодестер шығарылып олар «Наполеон кодексі деген атаққа ие болды.»

Кодекстер Францияның дамуына мүмкіншіліктер туғызды. Ауыл шаруашылығы ойдағыдай дамыды. Бюджеттегі тапшылықты жою және де Француз ақшасы-Франктің тұрақтылығы сұрау арқасында экономикасының жақсаруына қол жетті. Қағаз ақша шығару есебімен бюджет тапшылығы жабылды. 1804 жылға қарай Наполеон мемлекеттің шығынымен кірісін теңестіруге қол жеткізді. Ақшаның айналымын реттеу үшін Француз банкі құрылды.

Жеке меншік сауда жөніндегі заңдар жинағы құрастырылды.

10 жылдың ішінде Франция мықты әлем державасына айналды. Францияның бұл жетістіктері Наполеонның атымен байланысты болды. 1802 жылы оны өмір бойына консул етіп жариялады. 1804 жылы 18 мамырда сенаттың указымен Наполеон Францияның императоры атанды. Бұдан кейін Наполеон Италия республикасын корелевствоға айналдырып, Италия королі титулын қабылдады.

Франция империяға айналды. Наполеон Францияда дворяндықты қалпына келтірді. Напоеон өз генералдарын маршал жоғары шен тұлғаларды марапаттап қамалдармен жер силады, князь, герцог, граф, барон титулдарын берді.

Парижге қайта оралған Наполеон Ресей мен оның одақтасы Прусияға қарсы жаңа соғыс үшін әскер құра бастады.

1813ж 15 апрелде Наполеон өз әскерімен Эрфурттан орыс және прус әскерлеріне қарсы соғысқа аттанды. 1813 жылы көктемде Францияға қарсы Ресей мен Англия сонымен қатар Пруссия, Швеция, Испания мен Португалиядан құрылған 6-шы коалиция құрылды. Австриямен, Лейпциг (1813ж 16-19 қазан) түбінде Франция 65 мың адамнан айырылды. 1814ж 31 наурызда коалиция әскері Парижге кіріп 6-шы апрелде Наполеон тақтан мәжбүрлі түрде түсті. Оған Эльба аралы беріліп, Франциядан сонда жер аударылды.

Елдегі жағдай ХҮІІ-ғ.терең саяси –экономикалық құлдыраумен ұласып, ХҮІІІғ. Дейін жалғасады. Елдегі жағдай ХҮІІІ-ғ. Апенин жарты аралының бірінен соң бірі орын алған еуропалық соғыстар сахнасына айналуы тұсында тіптен шиеленісе түседі.Испан және Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және Жеті жылдық соғыс белгілі белгілі бір мөлшерлерде барлық мемлекеттердің жағдайын күйретіп, билік еткен әулеттер мен олардың шекаралық бөліктерінде төтенше тұрақсыздыққа жол ашты. 1714-ж. Рештат бейбіт келісіміне сәйкес, Милан герцогіндегі (Ломбардия) испан билігі австриялық иелікпен алмасты. Орталық Италияда да билік жаңадан Габсбургтер әулетіне ағайын, бір жағынан тәуелді де Лотарингская және дЭсте әулеттерінің бағыныштылығына өтеді.

ХҮІІІ-ғ. ортасындағы италиандық мемлекеттердің бірқатарындағы біршама мөлшердегі экономикалық жанданулар ғана Ағартушылық идеяларының таралуына жол ашты. ХҮІІІ-ғ.ІІ-жартысында біршама нәтижелі реформалар Мария Терезияның кіші ұлы, атақты герцог Петр Леопольд тұсында дүниеге келді. Мұнда салық реформалары мен жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алудағы шектеулерден басқа, цех жүйесі, инквизиция, «өлі қолдар» құқығы таратылады. 1786-жылы Еуропада өз уақытына сай ілгерлі болып саналған қылмыстық заң қабылданып, қорлау мен өлім жасасын жойды.

3.ХҮІІ-ғ.ІІ-жартысы –ХІХ-ғ. басындағы Америка

Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Үндістанды ашуды мақсат тұтқан Колумб Американы ашқаннан кейін, оны Үндістан деп атады. Кейіннен ол жер Америго Веспуччидің есімімен «Америка» деп атап кетті.

1607 жылы Солтүстік Америкада Джеймстаун фортының негізін салған Лондон компаниясы мен Плимут акционерлік компаниясы пайда болды. Бұл жерде орныққан алғашқы колония – Виргиния.

Виргинияның жері тың, ну күйде болғандықтан, оны тазартуға көп күш қажет болды. Үндістерді құлдыққа айналдыру дұрыс нәтиже бермегендіктен, қара еріксіздер, яғни негрлер әкеліне бастады. 1619 жылы Виргинияға тұңғыш рет құлдар әкелініп сатылды. 1630 жылы Виргиниядағы құлдар саны 50 болса, 1660 жылы олар 950-ге жетіп, 1780 жылы 220582-ден асты. XVII-XVIII ғасырларда Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жаңа Англияда қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Оңтүстік Каролина, Джорджияда құл еңбегі көбіне плантациялық шаруашылықта қалдырылды.

Американдық буржуазиялық тарихнамада Жаңа англияның негізін қалаған Ағылшындық пуритандар Америкаға таза діни идеалдар соңынан, діни және азаматтық еркіндік қоғам құру мақсатымен келіп, қазіргі Американың негізін қалады деген аңыз көп кездеседі.

1776 жылы 4 шілдеде халық қысымымен Конгресс «Тәуелсіздік Декларациясын», ягни Англияның бөлектенуі туралы өтініш қабылдайды. Бұл құжаттың авторы өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылы, атақты саяси қызметкер Т. Джефферсон еді.

1783 жылы колониялардың тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылады. Революцияның соғыстағы таптар күресінде АҚШ-тағы билік жер иеленуші-аристократтардан Солтүстіктегі сауда өндірістік буржуазия қолына өтті.

1787 жылы негізінен бүгінгі күнге дейін сақталған конституция қабылданды. Ол конституция бойынша атқарушы билік 4 жылға сайланатын президенттің қолында болды. АҚШ-тың алғашқы президенті Д. Вашингтон болды.

1791 жылы аталған контитуция «Құқықтар туралы заңмен» толықтырылды.

Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды.

Ауыл шаруашылығында капитализмнің дауының американдық немесе фермерлік жолы қалыптасты. Ол революцияның түпкі мақсаты капитализмді жақсы дамытуға қажетті ең негізгі фактор еді.

1784-1787 жылдары АҚШ конгресі Батыс жерлерін мемлекеттік жер деп жариялады. Ал 1784-1785 жылдары жерді 640 акр көлеммен сату туралы шешім қабылданды. Сауда-өнеркәсіптік дамуға кедергі болған ескі тәртіптер жойылып, капиталистік даму тездей түсті.

Құлдықты жою мәселесі толығымен шешілмеді. Ол тек 2-ші азамат соғысы кезінде ғана жүзеге асырылды.

Американ революциясы жайлы К. Маркс: «Еуропа буржуазиясы үшін соғылған дабыл қоңырауы», - деп жазады. Жалпы алғанда, бұл соғыс Американы езген және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы Американ халқының соғысы болды.

ХҮІІІғасырдың соңы ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Европадан әсіресе Англиядан артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады. Бірақ та капиталдың шоғарырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарында АҚШ та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйеге енгізіле бастады. АҚШтың тұңғыш призеденті Джордж Вашингтон (1789-1797жж) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып ұлттық банк Құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.

ХІХ ғасырдың І ширегінде құбырлар салына бастады. 30 жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 млн. жеткен теміржолдардың ұзындығы бойынша дүниежүзінде АҚШ 1 орынға шықты. 1869 жылы континент аралық жолдар жұмыс жасай бастады.

АҚШ жалпы Батыстық бағытта дами бастады еркін жатқан аумақтар бірінен соң бірі қоныстанып кейін олар тең құқылы штаттар ретінде Одаққа қабылданды. 1861 жылыдың өзінде АҚШ аумағында 40 штат болды.

АҚШта өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар ғана емес, сондай-ақ көптеген американдықтар да еңбек ақысын ақш түрінде алуды бағалай бастады. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермер шаруашылықтар отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып өз бетінше еңбек етіп, ақша таба бастады.

Сословаиліқ ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбек ақы табуға көптеген жағдайлар болғандықтан, «баю» мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан асып түсуге ұмтылды. Бұған иммеграция қолайлы жағдай туғызды: АҚШ азаматтарының жоғары өрлеуіне мүмкіндік жасады. Ірі америкалық алпауыттардың бәрі осындай төменнен шыққандар еді.

Техникаларды жетілдіру арқылы және жалдамалы жұмысшылардың көбеюі есебінен дамитын өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы плантациялық құлдық, экстенцивті (сапалық емес, сан жағынан көбею), сипатта болып жаңа жерлерді көп қажет етті. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналдырғанымен, құл иеленушілердің өздерінің оңтүстіктегі «ерекше» мүддлерін қатыгездікпен қорғады.

Тәуесіздік үшін соғыс аяқтала салысымен құрамы штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соғы кезде үндістерден тартып алған кенттуки 1792 , теннеси (1796) және огаио (1803) қосылды.

1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекіті.

АҚШтың құрылуының барысында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды. АҚШтың тұңғыш президенті болып 1789 жылы Джордж Вашингтон (1732-1804) сайланды.

Дж.Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшілік етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамильтон (1757-1804) жеке өнеркәсіп пен сауданың дамуын жақтады. Ол тек осы жол ғана елді өркениетке жеткізеді деп дәлелдеді. Гамилтонның пікірінше, федералды үкімет өнеркәсіптің дамуын жан-жақты қолдауы тиіс. Яғни, оған жеңілдік түрінде несие беру, бақталастарынан кедендік салық көлемі арқылы қорғау. А.Гамилдтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ Ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жетікізеді. Құрама Штатардың бірінші Ұлттық банкі 1791 жылы құрылып,1811 жылға дейін жұмыс жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет