Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау



Дата22.02.2016
өлшемі169.19 Kb.
#1485
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

Кусаева Нургуль Сатжановна – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика магистрі
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын республикалық және жергілікті бюджеттер жұмыс істейді.

Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Келесі суретте республикалық бюджет кірістерінің атқарылуының динамикасы бейнеленген (1-сурет).

Сурет 1. Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуының динамикасы, млрд. теңге
Суреттен көріп отырғанымыздай, республикалық бюджет кірістеріне өсу тенденциясы тән болған. Атап көрсетер болсақ, 2011 жылы кірістер көлемі 4451,7 млрд. теңге көлемінде болса, 2012 жылы 311,7 млрд. теңгеге артып, 4763,4 млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы кірістер көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 727,8 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 416,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 5179,5 млрд. теңгені құрап отыр.

Енді келесі кесте мәліметтері негізінде республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымына талдау жасаймыз (1-кесте).


Кесте 1


Республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы, млрд. теңге

Атауы


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2013/ 2012жж өзгерісі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Салықтық түсімдер

3001,2

67,42

2975,6

62,47

3510,6

67,78

18,0

Салықтан тыс түсімдер

109,0

2,45

249,8

5,24

100,7

1,94

-60,0

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

16,1

0,36

17,3

0,36

9,0

0,17

-48,0

Трансферттердің түсімдері

1325,4

29,77

1520,7

31,92

1559,2

30,10

2,5

КІРІСТЕР:

4451,7

100,00

4763,4

100,00

5179,5

100,00

8,7

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, талданып отырған кезеңдердің барлығында республикалық бюджет кірістерінің құрылымында басым үлес салмақты салықтық түсімдер иеленген. Атап көрсетсек, 2011 жылы олардың үлес салмағы 67,42%, 2012 жылы 62,47% және 2013 жылы 67,78% болған. Салықтық түсімдер көлемі есепті кезеңде өткен кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға артып, 3510,6 млрд. теңгені құрады. Екінші жайғасымда республикалық бюджетке төменгі бюджеттерден келіп түсетін трансферттер орналасқан. Олардың үлес салмағы 2011 жылы 29,77%, 2012 жылы 31,92% және 2013 жылы 30,10%-ды құрап отыр. Трансферттер көлемі есепті кезеңде 2,5%-ға артқан. Ал, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер көлемі есепті кезеңде өткен кезеңдермен салыстырғанда азайған. Жалпы республикалық бюджет кірістерінің жиынтық көлемі 2013 жылы 8,7%-ға артқан.

Келесі кестеде 2013 жылға республикалық бюджет кірістерінің атқарылуының салыстырмалы талдауы ұсынылған (2-кесте).
Кесте 2

Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуының салыстырмалы талдауы, млрд. теңге




Атауы

2013 жылға түзету енгізілген бюджет

2013 жылдың атқарылуы

Бір жылға түзету енгізілген бюджеттің атқарылу %-ы

2012ж. %-бен / 2013ж.

КІРІСТЕР

5152,7

5179,5

100,5

108,7

Салықтық түсімдері, оның ішінде:

3511,7

3510,6

100,0

118,0

корпоративтік табыс салығы

1132,3

1032,7

91,2

99,2

қосылған құн салығы

1237,0

1327,6

107,3

145,2

акциздер

33,0

33,6

101,7

129,6

Салықтан тыс түсімдер

88,9

100,7

113,3

40

Негізгі капиталды сатудан түскен түсім

7,7

9,0

116,5

51,9

Трансферттердің түсімдері

1544,4

1559,2

101,0

102,5

2-кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, 2013 жылға түзету енгізілген бюджет бойынша республикалық бюджет кірістерінің жиынтығы 5152,7 млрд. теңге болса, атқарылған 5179,5 млрд. теңге немесе 100,5%. Есепті кезеңде өткен кезеңге бұл көрсеткіш 108,7%-ды құрап отыр. Кірістердің құрамында салықтық түсімдер түзету енгізілген бюджет бойынша 3511,7 млрд. теңге көлемінде болса, атқарылғаны 3510,6 млрд. теңге немесе 100,0%. Ал трансферттердің түсімі түзетілген бюджет бойынша 1544,4 млрд. теңге көлемінде болса, атқарылғаны 1559,2 млрд. теңге немесе 101,0%. Атқарылу көрсеткіші өткен кезеңмен салыстырғанда 102,5%-ды құрап отыр.

Келесі суретте республикалық бюджеттің жиынтық шығындарының динамикасы бейнеленген (2-сурет).

Сурет 2. Республикалық бюджет шығындарының жиынтық көлемінің динамикасы, млрд. теңге
Сурет мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, республикалық бюджет шығындарына өсу динамикасы тән болған. Атап көрсетсек, 2011 жылы шығындар көлемі 4605,1 млрд. теңге болса, 2012 жылы 654,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 5259,4 млрд. теңгені құраған. 2013 жылы республикалық бюджет шығындары 2011 жылмен салыстырғанда 1095,7 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 441,4 млрд. теңгеге ұлғайып, 5 700,8 млрд. теңгені құрады.

Келесі кестеде республикалық бюджет шығындарының құрамы мен құрылымына талдау жасалған (3-кесте).


Кесте 3

Республикалық бюджет шығындарының құрамы мен құрылымы, млрд. теңге



Атауы


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2013/ 2012жж өзгерісі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Сомасы

Үлесі,%

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

219,7

4,77

245,0

4,66

285,7

5,01

16,6

Қорғаныс

253,1

5,50

324,7

6,17

388,1

6,81

19,5

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі

368,0

7,99

462,0

8,78

508,7

8,92

10,1

Білім беру

310,7

6,75

438,9

8,35

453,2

7,95

3,2

Денсаулық сақтау

376,7

8,18

453,0

8,61

499,4

8,76

10,2

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

1044,4

22,68

1144,2

21,76

1261,0

22,12

10,2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

176,3

3,83

217,9

4,14

244,4

4,29

12,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

116,0

2,52

93,6

1,78

93,9

1,65

0,3

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

107,2

2,33

111,7

2,12

102,8

1,80

-8,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

229,2

4,98

224,1

4,26

183,9

3,23

-17,9

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

16,3

0,35

12,3

0,23

15,2

0,27

23,6

Көлік және коммуникация

359,6

7,81

368,9

7,01

384,0

6,74

4,1

Өзгелер

117,1

2,54

152,6

2,90

237,2

4,16

55,4

Борышқа қызмет көрсету

120,9

2,62

129,7

2,47

177,2

3,11

36,6

Трансферттер

789,9

17,15

880,6

16,74

865,8

15,19

-1,7

ШЫҒЫНДАР:

4605,1

100,00

5259,4

100,00

5700,8

100,00

8,4

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, республикалық бюджет шығындарының құрамында келесі салаларға жұмсалған шығындар көлемі басым үлесті иеленген: әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттер, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі. Соның ішінде трансферттердің үлес салмағы 2011 жылы 17,15% (789,9 млрд. теңге), 2012 жылы 16,74% (880,6 млрд. теңге) және 2013 жылы 15,19% (865,8 млрд. теңге) көрсеткіштерді құрады. Трансферттер көлемі 2013 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға азайған. Жалпы шығындар жиынтығы 2013 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға артқан.

Келесі кестеде республикалық бюджет шығындарының 2013 жылғы атқарылуының салыстырмалы талдауы ұсынылған (4-кесте).
Кесте 4

Республикалық бюджет шығындарының 2013 жылғы атқарылуының салыстырмалы талдауы, млрд. теңге




Атауы

2013 жылға түзету енгізілген бюджет

2013 жылдың атқарылуы

Бір жылға түзету енгізілген бюджеттің атқарылу %-ы

2012ж. %-бен / 2013ж.

ШЫҒЫНДАР:

5743,7

5700,8

99,3

108,4

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

289,4

285,7

98,7

116,6

Қорғаныс

388,6

388,1

99,9

119,5

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі

513,7

508,7

99,0

110,1

Білім беру

456,2

453,2

99,3

103,3

Денсаулық сақтау

502,7

499,4

99,3

110,2

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

1261,3

1261,0

100,0

110,2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

245,1

244,4

99,7

112,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

94,1

93,9

99,8

100,3

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

102,8

102,8

100,0

92,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

189,8

183,9

96,9

82,1

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

15,2

15,2

100,0

123,4

Көлік және коммуникация

384,9

384,0

99,8

104,1

Өзгелер

255,7

237,2

92,8

155,5

Борышқа қызмет көрсету

178,2

177,2

99,4

136,6

Трансферттер

865,8

865,8

100,0

98,3

Кестеден көріп отырғанымыздай республикалық бюджет шығындары түзетілген бюджетте 5743,7 млрд. теңге, 5700,8 млрд. теңге көлемінде немесе 99,3%-ға атқарылған. Соның ішінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне салаларына жоспарланған шығындар ғана 100%-ға нақты атқарылған. Республикалық бюджет шығындарының өзге топтары бойынша қаражаттардың толық игерілмеуі орын алған.



Сонымен республикалық бюджет жоспарының орындалуына жүргізілген талдаудың нәтижесінде 2013 жылы кірістер 100,5%-ға орындалса, шығындар 99,3%-ға орындалғанын анықтадық. Осы орайда бюджет жоспарының толық көлемде орындалуына мемлекет тарапынан бақылауды күшейту тұрғысында шаралар қолдану қажет деп есептеймін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Өмірбаев С.М., Ынтықбаева С.Ж., Адамбекова А.А., Парманова Р.С. Мемлекеттік бюджет: оқулық. Алматы 2012: Дәуір, 2012-640б.

  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №12 (180), желтоқсан, 2013







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет