Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Жұмабекова Аяла Еркебұланқызы 
Жетекші: Аширимбетова Индира Дуйсенхуловна 
 
Тəуелсіздік – баға жетпес байлық. Біз Тəуелсіз мемлекетпіз. Қазақстан өз 
Тəуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ал, оған дейін біз Ресей құрамында болдық.
Тəуелсіздік бұл біздің ең үлкен жетістігіміз. Бұл арман оңайлықпен келген жоқ.
«Туған жердің бір уыс топырағы қымбат», - деп жауға шапқан батырларымыз 
қаншама!? Керей мен Жəнібек хандарымыз бастап, Қасым, Есім, Тəуке, Абылай, Кенесары


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 47 - 
хандарымыздың тəуелсіздік үшін қалай жəне кімдермен соғысқандарын тарихтан 
білеміз.70 жыл Кеңестер Одағының боданында болған еліміздің жəне қалған 
республикалардың тəуелсіздігін алуына ықпал еткен 1986 жылы Қазақстанда басталып
Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия ,Əзербайжанда жалғасын тапқан ұлт – азаттық 
қозғалысы еді. 
Тəуелсіздік жолында 1986 жылы алаңға жастарда шыққан болатын. Тəуелсіздік үшін 
азап кешкен батырларымызды қинап, үстілеріне суық су шашып, қыздардың шаштарынан 
жұлып, қоқысқа лақтырған. Бабалар қанымен, жанымен келген Тəуелсіздігіміздің қадірін 
білуіміз керек! Ең алғаш Қазақстан Тəуелсіздігін Америка Құрама Штаттары мойындаған 
болатын. Ал, «Тəуелсіздігімізді Түркия елі мойындады» деген жауап жалған екенін білуіміз 
керек. 
Биыл Тəуелсіздігімізге 32 жыл. Ғасыр бойы армандаған ата-бабаларымыздың 
арманы орындалды. Ашық аспан астында еліміздің көк туы желбіреп, еліміз əлемге таныла 
бастады. Біздің осы 32 жылда жеткен жетістігіміз көп. Атап айтсақ, 1992 жылы Қазақстан 
БҰҰ мүшесі болды. Өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз жəне де Əнұранымыз туралы заң 
қабылданды. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. 2017 жылы 
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО көрмесі ашылды. Көрме 10 маусым 
мен 10 қыркүйек аралығында өтті. Көрмені тамашалауға əлемнің түпкір-түпкірінен үш 
миллионнан астам халық келген болатын. Көрме арқылы еліміз дүниежүзіндегі бəсекеге 
қабілетті елдердің қатарында екенін көрсетіп, өзін əлем елдеріне мойындата білді.
Қорытындылай келе, айтарым, біз Тəуелсіз елдің ұрпағымыз! Бізге артылатын үміт 
пен сенім мол. Сондықтан да, Тəуелсіздікті дамытып, Қазақтың атын елге таныту біздің 
ата-баба алдындағы борышымыз бен міндетіміз. «Болашақ – білімдінің қолында» дегендей, 
сабағымызды жақсы оқып, еліміздің биік белестерді бағындыруына өз үлесімізді қосуымыз 
керек. 
Мен Тəуелсіз Қазақстаныммен мақтанамын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет