«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 57 -
Жаратылыстың ең ардақтысы - адам. Ал пенде үшін ұлы байлық - оның азаматтығы
мен
еркіндігі, елінің тəуелсіздігі десем артық айтпаған болар едім.
Басымызда азаттық,
жерімізде еркіндік орнағалы биыл 32 жылдың жүзі болыпты. Əрине, 32 жыл айтарлықтай
көп уақыт емес, алайды, досымыз сүйсініп, дұшпанымыз күйінетіндей біраз іс тындырдық.
Тəуелсіздігімізді 1991 жылы
жариялағанымыз ғана болмаса,
ықылым заманнан
бостандық үшін күресіп келгенбіз. Қазақ деген қайсар халқымыздың басынан не өтпеді?!
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап жоңғар шапқыншылығы, беріде Ресейдің буданында ,
Кеңес үкіметінің құрамында болып, бостандыққа қарай ұмтыла бердік. Кеңес Үкіметі деген
үлкен империяның боданында 80
жылдай болып, үкімет құлдыраған уақытта бүкіл
қазақтар үшін тəуелсіздікке деген үміт оты лаулаған болатын. Нəтижесі біз күткендей,
арманымыздағыдай, тəуелсіздігімізге қол жеткіздік.
Тəуелсіздік – атаның қанымен, ананың көз жасымен келген қазақтың басына қонған
алтын бақ. Осы тұғырлы тəуелсіздігіміздің артында талай боздақтарымыз, қуғын-сүргінге
ұшыраған зиялыларымыз, қыршынынан қиылған жастарымыз тұр. Айтып жатқан əрбір
шейіттің оқиғасы қазақтың тарихында алтын əріппен жазылады. Мен тəуелсіздікті есіме
алғанда осы тəуелсіздікті жолында құрбан болған азаматтарымыз ойлап, көңіл-күйім түседі.
Алайда, бұл түскен көңіл-күйімді мына бір Абылай ханның рухты сөзімен көтеремін:
«Білекке сенген
заманда ешкімге есе бермедік, білімге
сенген заманда қапы қалып
жүрмелік»- деген. Дəл осылай, тəуелсіздігіміздің қадіріне жете білейік дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: