Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Тойшибаева Томирис 
Жетекші: Оразова Самал Казизовна 
Тəуелсіздік сонау ғасырлар бойы келе жатқан бабалар аманаты.
Дана халқымызда "өткенін білмеген, болашақты болжай алмайды " деген аталы сөз 
бар. Əр қазақтың азаматы өз тарихын білуі тиіс. Біздің ата-бабаларымыз ұшқан құстың 
қанаты талатын кең-байтақ жерімізде ұрпағының емін-еркін өмір сүруі үшін қасық қаны 
қалғанша күрескен. Сайын далада тұлпарының тұяғын дүбірлетіп өткен батыр 
бабаларымыз Қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Сырым Датұлы, Исатай мен 
Махамбет аталарымыздан бастаған, Алаштық Əлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатұлы қостаған, ұлт бостандығы үшін күрес тоқтамай кешегі 
желтоқсандықтарға жалғасқан елім деп өткен ерлердің ерлігі ұмытыла қойған жоқ. 
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар ерлік жолы жалғасқанын таныттың!
Қайрат сынды, қайраттанған бауырларым мəңгілік,
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырыңда даңқтың- дей келе, тəуелсіздік үшін күрескен 
қаhарман ағаларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Кеңес Аухадиев, Лəззəт сынды əпкелеріміз 
елдікті сақтап қалу үшін жалынды жастық шағын құрбан етті. Ел басына күн туғанда 
толарсақтан саз кешкен азаматтардың ерлігін ұмытпау, керісінше ұлықтау ар алдындағы 
борышымыз. 
Мен бейбіт елде бақытты балалық шақта бастан кешіп жатқан жас ұланмын.Тəуелсіз 
елімнің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман дегім келеді.
Тəуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы –
Айналайын, алтын қанат – Азаттық!
Бабалар армандаған алтын қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан- 
ұрпаққа жеткізу – қасиетті парызымыз.
 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Темірхан Айнұр Серікқызы 
Жетекші: Жайл Көркем Жеткергенқызы 
Тəуелсіздік бізге берілген зор мүмкіндік, мол бақыт, ешнəрсемен өлшеуге
келмейтін құнды сыйлық. Тəуелсіздік бізге оңай келген жоқ, осынау ұлан - 
байтақ кең даламызды ата- бабаларымыздың қаншама қаны мен тері төгілген


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 59 - 
десеңші?! Тек ғана білектің күші мен найзаның ұшы ғана емес көрегенділік
пен даналықтың арқасында осыншама байлықты ұрпақтарына тастап кетті.
Сондай - ақ , тəуелсіз еліміздегі жүрегі елім деп соққан ерлердің сындарлы
саясатының арқасында еліміз көркейе түсті əлі де даму үстінде. Аз ғана жылдар
ішінде елімізде Астанадай қаланың бас көтеруі, əлемдік көрме ЭКСПО 2017
көрмесінің басқа емес біздің елімізде болуы осының дəлелі. Еліміз тəуелсіздік
алған жылдардан бастап Қазақстан деген ел барын, қазақ деген халық барын
əлем тани бастады. Мен де болашақта елімнің өркениеті өркендеп, əсемдігі артуы
үшін бар күшімді саламын. Өз елімнің алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болуы
үшін, сабағымды беске оқып, елім үшін еңбек етуге осы бастан дайындық жасап
жүрмін. Мен елімді сүйемін! Қазақстанымды сүйемін! Қазақ тілі мен салт- дəстүрін
берік ұстанамын!
Қорыта келе айтарым, тəуелсіздік - ата бабамыз аңсап кеткен асыл арман!
Бізге берілген үлкен сый сонымен қатар үлкен сын. Тəуелсіздігімізді мəңгі
орнатып, жеріміздің асты мен үстіндегі байлығымызды келер ұрпаққа тастап кету
біздің парызымыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тəуелсіздігіміз мəңгілік болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет