Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Абзалқызы Маржан 
Жетекшісінің аты-жөні: Кадырова Айтбубы Масалимовна 
Тəуелсіздік! Тəуелсіздік деген сөздің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш- қуат 
беретін – ұғым. Ұлы даланың кең байтақ өлкесінде туып, топырағында аунап өскеніміз 
тəуелсіздік тұғырының айқын дəлелі. Қазіргі кезде өзгелердің хал-ахуалын қарап, бейбіт 
елде ынтымағымыздың жарасуы - үлкен мақтаныш. Ал, біз сол бейбіт күнді, азаттықты 
қаншалықты бағалай алып жүрміз? 
Тəуелсіздік ата – баба арманы болған, қастерлі де қасиетті ерекше күрес болды. Осы 
күнде азаттықты бағалайтын азаматтарымыз аз емес деп ойлаймын. Қазақ ғалымы болған 
Шоқан атамыз: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен 
білім қажет»,- деп жазған еді. Менің ойымша, ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздік жолында 
қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Үлкен, қасіретті оқиғаларды бастан өткере келе 
тұғырымызға айналған тəуелсіздікке қол жеткіздік. Ал, сол елді білімсіз өркендейді дей 
алмаймын. Ұлттың ұлы үміті – жастар болғандықтан, қазіргі қоғамда саналы да білімді 
жастарымыз көбеюде. Білімді ұрпақты елдің тұғыры қашан да биік, болашағы зор болмақ.
«Қаз тұрып қадам басқан тəуелсіздік сəбилік тұсауын кестірген кезден бастап, осынау 
жылдың бедерінде, дəуір жолының мығым тізгінін бекем қаға білді»,- деп Елбасымыз 
айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша əлем танып отыр. Менің ойымша, қазіргі 
Қазақстан əлемге мақтанарлықтай беделге ие. Азғана уақыттың ішінде көптеген 
жетістіктерге қол жеткізді. «Егемен елдің еңсесі биік!» демекші, мұның бəрі тəуелсіз ел 
болудың арқасы. Сондықтан қазақ халқы үшін тұғырымыз болған тəуелсіздіктен қымбат 
нəрсе жоқ-ау, сірə! 
Қорытындылай келе, халқымыздың бостандыққа ұмтылысының жəне өшпес қайнар 
рухының нəтижесінде азат ел атандық. Тəуелсіздікті биік тұғыр деп асқақтаттық жəне əлі 
де асқақтата береміз. Тұғырымыз халқымыздың бақыты болып, Қазақ елі мəңгі жасай 
берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет