«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 38 -
маңыраған, өндірісі өркендеген Отанда өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Қой үстіне
бозторғай
жұмыртқалаған тыныш, армансыз, бейбіт заманда ғұмыр кешіп жатқанымыз
Тəуелсіздігіміздің арқасында. Ол туралы тұңғыш Президентіміз : «Тəуелсіздіктің
біздің
бəрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек.
Əулетіміздің асуы да, дəулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы
осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт
өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа
сезімге ерік бермейік дегім келеді. Əсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді
сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл
болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік» деп
айта кеткен. Расымен де, тəуелсіздік біздің халқымызға оңай келген жоқ. Қазақ елінің қамы
үшін
ата-бабаларымыз, ержүрек батырларымыз, көзі ашық Алаш зиялылары,
желтоқсан
оқиғасының батыл жастары өз жанын қиып, жау қолынан қысым көрсе де, соңғы ақтық демі
қалғанша қазақ деп жүректері соғып, ұрандап кетті. Сынық сүйем жер үшін қасық қаны
қалғанша қолына қару алып, жауына қарсы тұрды. Сол
жолда жасаған ерліктері мен
халыққа рух берген туындыларын бүгінде қадірлеп, қастерлеп, сары майдай сақтағанымыз,
ұрпақтың ұлыға құрметі болар деп білемін.
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! - дегендей, ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған
тəуелсіздікті алғанымызға міне 32 жыл толады. Осы тəуелсіздік жолында қазақ халқы тəй-
тəй басқан шағынан бастап талай қиындықтарға қарсы тұрды емес пе? Бостандығымызды
жариялағаннан бері, біз көптеген биік табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы
мен ынтымақтастығы
Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының нəтижесі. Аса бір қиыншылықпен келген
тəуелсіздікті – қолымызға қонған бақ құсы деп қастерлейміз. Ендігі кезекте, ата-
бабамыздан қалған мұраны келешек ұрпаққа табыстау, желбіреген көк туымызды барша
мемлекеттерге таныту, Тəуелсіздік тұғырын биік ұстау біздің, яғни
жастардың қолында деп
білемін. Біз қасиетті Тəуелсіздігімізді одан əрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс
жасауымыз керек. Президент бұл жайында: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа
Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау
жəне елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тəрбиелеу»
деген еді. Тұғырлы Тəуелсіздігіміз мəңгілік, іргеміз берік болсын! Тəуелсіз Қазақстанның
таңы нұрлы, егемен еліміздің
ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк
туымыз мəңгі желбіресін!
Достарыңызбен бөлісу: