Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет53/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Жақыпбек Сымбат 
Жетекші: Сердалиева Шынар 
 
Біздің Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тəуелсіздік алған. Жыл сайын Қазақстан 
осы күні тəуелсіздігін тойлайды .Тəуелсіздік деген кез-келген ұлттың , адамның , 
халықтың бостандығы, еркіндігі. Оған қол жеткізіу оңай болған жоқ, көптеген аға-
əпкелеріміз еліміздің болашағы үшін күресте жанын құрбан етті. Сондықтан аға –
əпкелерімізді мақтан етуміз керек ,өйткені олардың арқасында біз тəуелсіз мемлекетте өмір 
сүріп жатырмыз. Осы тəуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды қадірлеп , тəуелсіз 
елдің білімді жастары болуға атсалысамыз. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Нұрбайқызы Аруна 
Жетекші: Сердалиева Шынар 
 
Біздің тəуелсіздігіміз 1991 жылы 16 желтоқсанда сайланды. Қазақстан 
тəуелсіздігінің сайланғанына 32 жыл болды. Бұл тəуелсіздікті қанша ғасырдан бері ата- 
бабаларымыздың армандап келе жатқан аңсаған армандары. Осы уақыт аралығында 
еліміздің жеке дара дербес ел екенін дəлелдеді . Тəуелсіздік-əлемдегі ең құдіретті сөз жəне 
де тəуелсіздік күні барлығымыз үшін қасиетті жəне ерекше күн болып саналады. 
Тəуелсіздік күні – еліміздің баға жетпес байлығы . Адам баласы ақыл, ғылым ар, ойымен 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 53 - 
оза туа егеменді ел бола алады. Яғни еліміздің ірге тасын қалаған Нұрсұлтан Назарбаев 
Əбішұлы еді .Біз тəуелсіздігімізді жариялағаннан бері елімізде бейбітшілік орнауда. 
Сондықтан да əрқашан көк туымыз желбіреп жəне де еліміз əрқашанда аман болсын. 
Елімізді қорғап, қолдап жүрейік. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Есіркепова Күнсұлу 
Жетекші: Наурызова Айнұр 
«Тəуелсіздік туындай биік еңсең, 
Кетті бүгін келмеске тəуелділік... 
Қуан, қазақ! 
Күн туды қуанатын!» -
деп Б.Исаев айтып кеткендей еш уайымсыз, мұңсыз тəуелсіздіктің бесігінде тербеліп, өмір 
сүрудеміз. Тəуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы, бақыты. 
Қазақ халқы. Қазақ сөзінің өзі «еркін» деген мағынаны білдіреді. Қазақ хандығы 
құрылған кезде мықты, дербес халық едік. Ресей империясының қол астына кірген күннен 
бастап халқымыз өмірдің уын ішті. Орыстар бізді жою үшін бəрін жасады. Кеңес Одағы 
кезінде ядро жарылысының астында қалып, жеріміздің құндылығынан айрылдық. Қазақ 
халқын аштықпен де қырды, сауаттарын ашқызбады, неше түрлі қиындықтарды көрсетіп 
келсе де, рухы сынбаған қазақ елі, болашақтың тəтті болатынына сеніп, соңына дейін 
күресті. Ел үшін, жер үшін деген ұлт зиялылары өлімнен қорықпады, халық деп соққан 
жүректері соңына дейін барды. 
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында «Желтоқсан оқиғасы» болған. Бұл 
оқиғаны білмейтін қазақ жоқ шығар, сірə. Осы көтерілістің арқасында тəуелсіздік алуға бір 
қадам жақындадық. Осы секілді қайғыға толы кезеңдерді көп көрсек те «ұрпағым» деп 
бəріне қарсы тұрған халқым-ай. 
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөзімен өткенімізге 
қысқаша шолу жасадым. Тəуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың сөніп бара жатқан оты 
қайта лаулай бастады. Бұл тəуелсіздік сенім, жігер берген болатын. Еуразияның жүрегі 
болған мемлекетімізді əлем танып, нығаюдамыз. Ендігі мақсатымыз тарихтан өнеге ала 
отырып, отансүйгіштік қасиетімізді арттырып, елімізді дамыту. Тəуелсіздіктің бесігінде 
тербеліп, тəтті өмір сүріп жатқан мына бізде арман жоқ. Дамыған ғасырда қазақстанды 
гүлдендіріп, бізге сенім артқан адамдардың үмітін ақтау парызымыз. Ел үшін күрескен 
тұлғалар елді бізге аманаттады, енді біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. 
Тəубенің зоры - Тəуелсіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет