Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Абдулланова Айзада 
Жетекші: Копабаева Диана Аманжолқызы 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 56 - 
Біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы ол тəуелсіздігіміз. 
Қазіргі таңда біз тəуелсіз мемлекетпіз. Осы күнге жетуде ата – бабаларымыз көптеген 
қиындықтарды басынан өткізді. Оларды ерлікпен, батырлықпен жеңе білді. Олардың 
ерлігін біз ешқашан ұмытпаймыз! 
Біз тəуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Сол бір тарихи күнге биыл 
32 жыл толады. Қазақ елі үшін ұлы күн. Тəуелсіз Отанымыз осы уақыт аралығында 
көптеген жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан бейбітсүйгіш, қауіпсіз, бірлігі 
жарасқан, технологиялары дамыған мемлекет. Бұл 130 – дан астам ұлт өкілдері тұратын 
біздің халқымыздың бір шаңырақ астындағы достығының, бірлігінің, еңбекқорлығының 
нəтижесі.
Тəуелсіз еліміз ерекше көз тартар əсем жерлері, сирек кездесетін аң – құстарымен, 
тарихи қалалары мен кесенелері, баға жетпес байлығы əлемнің түкпірінен саяхаттап келетін 
туристік мекенге айналды.
Еліміздің тəуелсіз болуы – біздің, яғни, болашақ ұрпақтың тағдырына жауапты болу 
деген сөз. Сол себепті əр Қазақстан азаматы дəстүрімізді құрметтеп, мемлекеттік тілді біліп, 
Отан алдындағы парызын білуі керек. Себебі, бізде бір ғана Отанымыз бар. Ол бірлігі 
жарасқан Тəуелсіз ел – Қазақстан! 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Ғалиева Аружан 
Жетекші: Сейфуллина Ұлжан Боранбаевна 
Тəуелсіздік! Иə, бұл кеудеңді көтере, мақтана айтатын қасиетті ұғым. Жай ғана ұғым 
емес, қадірлі ұғым. Тəуелсіздік – əлемге жар салып айтатын əр адамның бойын кернейтін 
мақтаныш. Осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда менің бойымды қуаныш пен қайғы, 
мақтаныш пен қасірет сезімі билейді.
Тəуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтанды азаматтар қыршынынан қиылды. 
Өмірден жазықсыз ерте озған боздақтар халқына қуаныш сыйлады. Олар қазақтың 
маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тəуелсіздік үшін күрескен батырлар қазақ елін 
лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елін арқасына байлап, 
шыңға өрмелеп, елің сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас батырлар. Тəуелсіздік 
жолында қан мен тер төккен есіл азаматтарымыз қара басының қамын ойлаған емес. 
Ғалымның хаты, жақсының аты ұмтылмақ емес. Ата-бабамыздың салып берген сара 
жолы, бүгінде бізге дара жол болды. Ата-бабаларымыз бен боздақтарымыздың ерен 
еңбектерін естен шығармай, тəуелсіздік тұғырын асқақтату – бізге азаматтық борыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет