Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет165/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

 
 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҦНЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
Какенова А.Т. 
Тарих пәнінің мҧғалімі, «М.Әуезов атындағы №5 орта білім беретін мектебі» ММ 
Қазақстан, Арқалық 
Аннотация В статье расскрывается важность обновленного содержания образования 
иосвоение инновационныхподходов к процессу обучения,формирование речевой и 
коммуникативной компетенции в контексте обновленного содержания образованияпри 
организаций уроков. 
Ключевые слова: обновленное образование, новые методы, новые подходы, урок. 
Summary The article reveals the importance of the renewed education and the development 
of innovative approaches to the learning process,the formation of speech and communicative 
competence in the context of the updated content in the organization of lessons. 
Keyword:updated education, new methods, new approaches, lesson. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 
Ҧлттық жоспарын іске асыру шеңберінде - «100 нақты қадам» аясында білім 
беру саласындағы мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмҧнын 
кезең-кезеңмен жҥзеге асыру жоспарланған болатын.
Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің жалпы білім беру 
бағдарламалары «білім мазмҧнын саралау, интеграциялау және кәсібилендіру 
негізінде әзірленетін болады» деп стратегиялық тҥрде айқындалады [1]. 
Оқытудың парадигмасы ӛзгерді. Білім берудің мазмҧны жаңарып, жаңаша 
кӛзқарас пайда болды. Осыған байланысты ҧстаздар алдында оқытудың әдіс-
тәсілдерін ҥнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді 
қолдана білу міндеті тҧр. Мемлекетіміздің білім беру ҥдерісіне енген 
жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ҧрпақтың 
сҧранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 
Қай елдін болсын ӛсіп-ӛркендеуі, ғаламдық дҥниеде ӛзіндік орын алуы 
оның ҧлттық білім жҥйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ҧрпағы 
білімді халықтың болашағы бҧлыңғыр болмайды» дегендей, жас ҧрпаққа сапалы, 
мән-мағыналы, ӛнегелі тәрбие мен білім беру-бҥгінгі кҥннің басты талабы. 
Шындығында мҧғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде 
ҥлкен жауапкершілік тҧр. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, 
ӛмірде де табысты болуы мҧғалімнің қабілетіне, оның қҧзыреттілігіне 
байланысты екені анық. Мҧғалім оқушылар ҥшін қандай да бір пән бойынша 


353 
білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, 
тиімді ҧйымдастыра алатын, оларға ҥлгі болатын ерекше тҧлға. Жаңа заман 
мҧғалімнен кҥнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят 
ҥстінде ерекше білім деңгейін кӛрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай 
алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру ҥшін қазіргі заманның мҧғалімі 
жаңашыл, икемді, ӛзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа 
педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. 
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие ҥдерісінде 
айтарлықтай ӛзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық 
ҥрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мҧғалімнің 
кәсіби шеберлігі [2]. Солай бола тҧра «кәсіби шебер» тҥсінігіне пәндік, 
дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, 
педогогтің жеке тҧлғалық потенциалы, кәсіби қҧндылықтары да жатады. 
«Мҧғалім кӛп әдісті білуге тырысуы керек. Оны ӛзіне сҥйеніш, қолғабыс нәрсе 
есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтҧрсынов айтқандай, қазіргі заман 
талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мҥддесіне сай болуы керек. Ӛз ісінің 
шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, 
кҥнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, 
әр тҥрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстҥрлі және 
ғылыми 
жетілдірілген 
әдіс-амалдарын, 
қҧралдарын 
еркін 
меңгеретін, 
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын 
дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жҥйесін ҧсыну ӛмір 
талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмҧнының 
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жҥйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртҥрлі қҧралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 
Негізінен жаңартылған білім жҥйесі қҧзыреттілікке және сапаға 
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы 
тҧлғасының ҥйлесімді қолайлы білім беру ортасын қҧра отырып сын 
тҧрғысынан ойлау, зерттеу жҧмыстарын жҥргізу, тәжірибе жасау, АКТ қолдану, 
коммуникативті қарым-қатынасқа тҥсу, жеке, жҧппен, топта жҧмыс жасай білу. 
Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тҧрғыдан ойлауға, шығармашылықты 
қолдана білуді және оны тиімді жҥзеге асыру ҥшін қажетті тиімді оқыту әдіс-
тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жҥйесі, бағалаудың тиімді 
стратегиялары) ҥйретеді [3].
Сондай тәсілдердің бірі топтық жҧмыс, ол оқытудың ӛте ықпалды 
тәсілдерінің бірі. Оқушылар мҧғалімге тәуелді болмауы ҥшін тапсырмалар 
жоспарымен алдын-ала таныса алады және оларды ӛздері ҧйымдастыра алады. 
Бҧл тәсіл оқушыларға:
- уақытты ҧтымды жоспарлауға; 
- ннновациялық кӛзқарастар мен идеяларды ҧжыммен талқылауға; 
- топтағы жҧмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе 
ойластыру қажет пе екендігін анықтауғы; 
- топ ішінде рӛлдерді анықтауғы (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және 
т.б.) немесе топ мҥшелеріне тапсырмаларды бӛліп тапсыруға; 
- тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мҥмкіндік береді. 


354 
Ӛз тәжірибемнен мысал келтіретін болсам, сыныпты ҧйымдастырудың 
тҥрлі тәсілдерін қолданып, сынып оқушыларын топ атауына қатысты бастапқы 
әріп қиындыларын ҥлестіріп, әртҥрлі тҥстерді пайдаланып 3 топқа бӛлдім. 
Топқа бҧлай бӛлудегі мақсатым белсенді, енжар немесе сабақ ҥлгірімі тӛмен 
оқушылардың бір топқа тҥсіп қалмауын ескеру болды. Бҧрын дәстҥрлі 
сабақтарда сынып оқушыларын топқа бӛлуде оқушылардың қалауын ескердім, 
топ басшысын мҧғалім тағайындағаны дҧрыс деп ойладым, ал қазір топқа 
бӛлуді мҧғалім ӛз ыңғайына бейімдеп, топ мҥшелерінің рӛлін бӛлуді топ 
мҥшелерінің ӛз еріктеріне беру керек екендігін тҥсіндім. 
«Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен ӛркениеттер, қазақ мәдениетінің 
бастауы: сақ мәдениеті» тақырыбына сәйкес «Алтын адамның табылу 
тарихына» байланысты видео материал кӛрсетіп, «Ойлан-жҧптас-бӛліс» 
стратегиясы бойынша кӛрсетілген материал бойынша ӛз ойларынды айтып, 
тҥсінгендеріңізді талқылайсыздар деп тапсырма бердім. Әр топ «Алтын 
адамның» қазақ мәдениетіндегі орны мен материалдық қҧндылық ретіндегі 
маңыздылығына тоқталып, ӛз ойларын ортаға салды.
Бҧдан кейін бірлескен топтық жҧмысқа негізделіп дайындалған ҥлестірме 
материалдарды әр қатысушыға таратып, алдымен жеке оқып танысуға, содан 
кейін жҧпта талқылауға 5-8 минут уақыт берілді. Осы кезеңде уақытты тиімді 
қолдану сипат алмады. Менің осыдан аңғарғаным оқушыларды уақытты тиімді 
қолдануына дағдыландыру болды. Тапсырмалар бойынша әр қатысушы мәтінде 
жазылған тақырыпқа қатысты ҧқсас мәтіндерді тауып, олармен бір партаға 
отырады. Ҥлестірме материалды оқып, жҧпта, кейін топта талқылап, тҥйінді 
ойларын қағаз бетіне тҥсіріп кезбелерін қорғады.
Жаңа әдісті қолданып ҧсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен 
тығыз қарым-қатынас жасап, ӛздеріне ҧсынылған тапсырманы орындау 
жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің кӛмегіне жҥгінді. Бҧл 
жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір 
алмасу» барысында тең қҧқылы серіктестер болып табылады. Бҧдан 
оқушыларды топтық жҧмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы ӛз қабілеттеріне 
қарай ойларымен бӛлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында 
әркім ӛз идеяларын ортаға тастап, ӛзара рӛлдерге бӛліне отырып, берілген 
уақытты тиімді пайдалануға тырысты. Тҥсінгендерін топпен қорғау барысында 
топтар бір-біріне сҧрақ-жауап арқылы талқыға тҥсті. Бірлескен топтық 
жҧмысты ҧйымдастырудағы мен ҥшін маңызды болғаны топта ынтымақтаса 
жҧмыс істеу ережесін қҧрып, тақырып бойынша талқыланатын мәселелерді 
бірлесіп шешуге болады.
Мен бірлескен топтық жҧмысты ҧйымдастыруды сабақтарымды 
жоспарлау барысында мҧғалім мен оқушының рӛлін нақтылап анықтап алғанда 
нәтижелі жҧмысқа қол жеткізуге болатындығын тҥсіндім. Оқушылар кіші 
топтарда жҧмыс істеу тәсілдерін, топтық жҧмыстардың тиімді тҥрлерін сабақ 
тақырыбына байланысты жоспар жасау дағдыларын меңгере алады. 
Бҥгінгі кҥні барлық елдер жоғары сапалы білім жҥйесімен жҧмыс істеуде. 
Ӛйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының 
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жҥйесі болашақтың 


355 
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, 
ой-ӛрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен 
туындап отыр. Демек, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған білімін 
ӛмірінде пайдалана білуі керек. Сол ҥшін де бҧл бағдарламаның негізі 
«Ӛмірмен байланыс» ҧғымына қҧрылған. Жаңартылған білім – болашақтың 
кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет