Республикалық олимпиадаға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын жоо-ның өз ішіндегі жарыстардың жеңімпаздары атанған 2-4 курстың студентері шақырылады



Дата25.02.2016
өлшемі18.5 Kb.
#25659
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тіл білімі және қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 2012 жылы 26-27 сәуір аралығында студенттердің пәндік олимпиадасын өткізілетінін хабарлайды.
Республикалық олимпиадаға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын ЖОО-ның өз ішіндегі жарыстардың жеңімпаздары атанған 2-4 курстың студентері шақырылады. Команда жетекші және жоғары курстардың 3 студентінен құралады.
Олимпиаданың өткізілу тәртібі

25 сәуір – қатысушылардың келуі.

26 сәуір – Олимпиаданың ашылуы; І тур – қазақ тілі бойынша тест тапсырма;

27 сәуір – ІІ тур Диктант жазбаша тапсырма;

ІІІ тур – Ойтолғау жазбаша тапсырма.

27 сәуір олимпиада қатысушыларының аттануы.



І тур – ЖОО бағдарламасы көлемінде қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің салалары бойынша теориялық білім сайысы (тест).

ІІ тур - Сауаттылығын тексеру мақсатында диктант жазу.

ІІІ тур - Логикалық, интелектуалдық ой-өріс деңгейін анықтау мақсатында эссе жазу. Соңында берілген үлгі бойынша топ мүшелері фонетикалық, лексикалық, сөзажасамдық, морфологиялық, синтаксистік талдау (кешенді) жасау

Қатысушыларға қойылатын шарттар

Барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану, жатын орын) жіберуші жақтың өзі қамтамасыз етеді. Орындарды брондау қажет болған жағдайда, түскі асты университет асханасынан тамақтану ұсынысын (жіберуші жақтың өзі қамтамасыз етеді), өтінішпен бірге хабарлауларыңызды сұраймыз.


Қатысу туралы өтініштеріңізді сәуір айының 10-на дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Астана қаласы, Қажымұқан к., 5. Филология факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасы.

Телефондар: 35-38-06 (ішкі т. 52-26)

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі – Бекжан Әбдуәлиұлы;

жауапты оқытушы - Өмірбекова Жәмилә Қалдыбекқызы.

Эл. пошта: Nurbekova _Azh@ tnu.kz.

Қатысуға өтініш беру формасы

1. Қатысушылардың аты-жөні (курс, мамандығы)

2. Команда жетекшісі (Ғылыми дәрежесі, жұмыс орны)

3. ЖОО-ның атауы

4. Мекен-жайы, телефоны, эл. пошта

5. Таныстыру үшін техникалық құралдар

6. Қонақ үйге брон жасау.

Олимпиадаға қатысушылардың студенттік билеттері мен жеке құжаттары болуы керек.



Ақпараттық хатты алғандарыңыз туралы хабар берулеріңізді сұраймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет