Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі421.61 Kb.
#25879
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 10 қазандағы № 8794 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2013 жылғы 27 тамыздағы
Алматы қаласы




№ 236

город Алматы





Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 27 тамыздағы

№ 236 қаулысымен

бекітілген



Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдері

Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдері (бұдан әрі - Тізбе) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 41-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тартатын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырмайтын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін белгілейді.



Өзге пруденциялық нормативтер бойынша есептілікті есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тәртібі Тізбеде көрсетілмеген, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) белгіленеді.

Тізбенің Қордың үлестес тұлғаларына қатысты көзделген нормалар заңды тұлғаларға және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тікелей (банктер бойынша - жанама) иелік етуі нәтижесінде Қормен үлестес болып табылатын олардың үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:



меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

инвестициялау лимиттері.

1. Жалпы ережелер

1. Тізбенің мақсаты үшін «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағалары да танылады.

2. Осы Тізбенің мақсатында пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

Азия даму банкі;

Африка даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Еуразиялық даму банкі;

Еуропалық қайта құру және даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі;

Ислам даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Халықаралық қайта құру және даму банкі.

3. Қордың пруденциялық нормативтерін есептеу үшін бухгалтерлік есептің деректері бойынша қаржы құралдарының ағымдағы құны пайдаланылады, ол Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалады.




2. «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі» 1-пруденциялық нормативі
4. Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (К1) мына формула бойынша есептеледі:

К1 = (ӨА - М) / МКТМ, мұнда:

ӨА – Қордың Тізбенің 5 және 7-тармақтарында көрсетілген өтімді және басқа да активтер;

М – баланс бойынша міндеттемелер;

МРСК – Қордың 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

Егер инвестициялық басқаруға қабылданған активтердің құны 40 (қырық) миллиард теңгеден астам болған жағдайда Қордың меншікті капиталының ең төменгі мөлшері мынадай формуламен есептеледі:

МРСК = (БҚА - 40 (қырық) миллиард теңге)*0,0001 + 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге, мұнда:

БҚА – инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері;

Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күнделікті кемінде 1 (бір) құрайды.

5. Тізбенің 1-қосымшасында көзделген көлемдерде Қордың мынадай активтерi өтiмдi активтер ретiнде танылады:

1) ақша, оның iшiнде:

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бiр пайызынан аспайтын кассадағы ақша;

осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң ағымдағы шоттарындағы теңге және Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар елдердiң шетел валютасы түрiндегi ақша;

бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң ағымдағы шоттарындағы ақша;

Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi және (немесе) қысқа мерзiмдi рейтингi немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар елдердiң шетел валютасындағы басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiнiң ағымдағы шоттарындағы ақша;

Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi және (немесе) қысқа мерзiмдi рейтингi немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілiк бағасы бар елдердiң шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы операцияларды жүзеге асыру үшiн Қорға банктiк қызметтi ұсынатын басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi дауыс беретiн акцияларының жүз пайызын иеленген екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымымен шығарылған борыштық бағалы қағаздар;

3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдары;

4) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес айналысқа жiберiлген мемлекеттiк бағалы қағаздарын қоса алғанда);

6) қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған облигациялар;

7) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

8) Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzВВ»-дан төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

 9) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

10) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

11) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулымен көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:

қор биржасы таныған Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасының немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша «kzB»-тен төмен емес рейтингілік бағасының немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасының болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzB»-тен төмен емес рейтингілік бағасының, немесе қор биржасымен танылатын басқа да рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кем дегенде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;



борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берген;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржылық үш жылдың біреуінде таза пайдасының болуы;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

14) мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар;

15) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

16) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

17) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;

18) Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде он екі айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері;

19) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

20) зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек.

6. Тізбенің 5-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне мыналар қосылмайды:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздармен (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда) «кері репо» мәмілелерін қоспағанда, Қордың меншік құқығы шектелген активтер (Қордың бағалы қағаздарды, оларды қайта сатуға немесе кепілге беруге міндеттеме алу шартымен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалықтары бар бағалы қағаздарды сатып алуы);

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары және осы сенімгерлікпен басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар.

7. Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.

3. «Инвестициялау лимиттері» 2-пруденциялық нормативі
8. Қор инвестициялау лимиттерін есептеуді күн сайын жүзеге асырады.

9. «Инвестициялау лимиттері» пруденциялық нормативін есептеген кезде:

1) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің меншікті капиталы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының талабына сәйкес жарияланған не қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде шоғырландырылмаған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады;

2) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының меншікті капиталы қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

3) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің меншікті капиталы Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, сауда жүйелерінде осы бағалы қағаздарының бағасы белгіленетін қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының интернет-ресурсында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының дауыс беретін және орналастырылған акцияларының жалпы саны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми интернет-ресурсында ай сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

5) пайлары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны Комитеттің ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

6) «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қор активтерінің мөлшері Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, сауда жүйелерінде осы пайлардың бағасы белгіленетін қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының интернет-ресурсында немесе осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының интернет-ресурсында орналастырылған деректердің негізінде айқындалады;

7) Қордың меншікті активтерінің мөлшері Қордың бухгалтерлік есебінің меншікті активтер бойынша деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

8) зейнетақы активтерінің мөлшері бухгалтерлік есептің зейнетақы активтері бойынша күн сайынғы деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

9) борыштық бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшері борыштық бағалы қағаздардың баланстық құны бойынша айқындалады.

10. Мына:

1) Тізбенің 14 және 29-тармақтарында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде, бір-біріне қатысты үлестес банктер бір банк ретінде танылады;

2) Тізбенің 18-тармағында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын эмитенттер Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын бір эмитент ретінде танылады.

Осы тармақтың талаптары кредиттік бюролардың қатысушылары (акционерлері) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестері) мемлекеттік пакеттері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.

11. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің отыз бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді және ипотекалық облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

12. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған дауыс беретін акциялардың үлесі осы банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

13. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған орналастырылған акциялардың үлесі осы банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

14. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктiң үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенiмгерлiкпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

Егер, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің үлестес тұлғасы – эмитент, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Қор инвестицияларының жиынтық мөлшері Тізбенің 16 және 17-тармақтарында белгіленген мәндерден аспайды.

15. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар мен инфрақұрылымдық облигациялардың және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

16. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

17. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған дауыс беретін акцияларының үлесі осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

18. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы және осы ұйымның үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ ірі акционерлеріне тиесілі оның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

19. Қордың Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенті шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері мына:

меншікті активтер есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - егер эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары бойынша бас ұйымның мөлшері осы эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін кепілдігі бар болса, осы эмитенттің немесе оның бас ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем мәндерді құрайды.

Егер эмитенттің бас ұйымы екінші деңгейдегі банк болса, Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен осы Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері бұл екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының отыз бес пайызынан кем болады.

20. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің бір шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

21. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес бір эмитенті шығарған акциялардың үлесі осы эмитент акцияларының жалпы санының он пайызынан кемді құрайды.

22. Қордың шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің елу пайызынан кем болады, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ» төмен рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кемді құрайды.

23. Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайларына Қор инвестицияларының мөлшері мына:

1) меншікті активтері есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

2) жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - осы аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің он пайызынан кем мәндерді құрайды.

24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияның басқаруындағы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық пай қорының пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

25. «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қордың пайларына Қор инвестицияларының мөлшері мына:

меншікті активтері есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - осы инвестициялық қор активтерінің он пайызынан кем мәндерді құрайды.

26. Бір басқарушы компанияның басқаруындағы «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

27. Бір шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған (ұсынған) мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

28. Бір халықаралық қаржы ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

29. Қор кассасында күннің соңындағы ақша қалдығының мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі бір банкіндегі ағымдағы шоттарындағы ақшаның ең көп қалдығы Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

30. Тазартылған бағалы металдарға және металл депозиттеріне Қордың меншікті активтер есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

31. Осы тарауда белгіленген инвестициялау лимиттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.

32. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитентінің меншікті капиталы төмендеу нәтижесінде Тізбенің 11, 15 және 19-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы бір жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап төрт ай ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып Комитетке хабарлайды.

33. Қорға қатысы жоқ себептер нәтижесінде Тізбенің 12, 13, 17 және 21-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкес келмеу фактісі мен себептері туралы бір жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап екі ай ішінде оны жою бойынша іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып Комитетке хабарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет