Республиканское государственное учреждение



Дата03.07.2016
өлшемі34.09 Kb.
#174181



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 30 қараша


Алматы қаласы



№ 211
город Алматы




«Заңдастыру субъектілеріне

жинақ шотына ақша енгізуді

(аударуды) растайтын құжатты

беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы

ақшаны есепке алуды жүргізу

қағидаларын бекіту туралы және

Қазақстан Республикасы екінші

деңгейдегі банктерінің және ұлттық

пошта операторының жинақ шоттарын

ашу мен жүргізу ерекшеліктері»

Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкі Басқармасының 2014 жылғы

16 шілдедегі № 134 қаулысының күші

жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 400-V Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9703 тіркелген, 2014 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының көшірмесін қоса бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде


№ 9703 тіркелген «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысының күші жойылды деп тану туралы хабарлама жіберсін;

2) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.

5. Осы қаулы1 2015 жылғы 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.





Ұлттық Банк

Төрағасы


Д. Ақышев

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы

А. Дупленко






1 «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысының күші жойылды деп тану туралы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет