Республикасы Инвестициялар



Дата04.07.2016
өлшемі214.61 Kb.
#178108


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015жылғы «31» наурыз

412

бұйрығына 4-қосымша

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстрын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын

_______________________________________________________________

(облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы)

және

_______________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә.А. немесе заңды тұлғаның атауы (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) арасындағы

_______________________________________________________________

(әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жерін көрсету)

_______________________________________________________________

(объектінің атауын көрсету)

барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылысын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарт.

Осы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылысын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа Тараптар 20___ жылғы «____» ________ 20___ жылғы « ____» _____________ тікелей келіссөздер хаттамасына сәйкес қол қойды.

Мазмұны


Кіріспе 3

1. Келісімшарттың мақсаты 3

2. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 4

3. Келісімшарттық аумақ 4

4. Жұмыс бағдарламасы 4

5. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы 5

6. Персоналды жалға алу, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатыпалу 5

7. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысу 6

8. Консервациялау, тарату және тарату қоры 7

9. Есепке алу және есептілік 7

10. Жер қойнауын пайдаланубойыншаоперациялар жүргізудің жалпышарттары 8

11. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі 8

12. Құқықтар мен міндеттерді беру 9

13. Еңсерілмейтін күш 9

14. Құпиялылық 10

15. Қолданылатын құқық 11

16. Дауларды шешу тәртібі 11

17. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтарының кепілдіктері 11

19. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату шарттары 12

20. Келісімшарт тілі 12

21. Қосымша ережелер 13



Келісімшартқа қосымшалар:

1-қосымша – Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарттың жұмыс бағдарламасы;

2-қосымша – Тау-кендік бөлу.

Кіріспе

Мыналарды:



  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мемлекет меншігі болып табылатындығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдаланған жағдайда (объекті атауын көрсетіңіз) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыру ниетін білдіретіндігін,

  2. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес (объекті атауын көрсетіңіз) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) оларды пайдалану операцияларын ұтымды және тиімді жүзеге асырудың қаржылық және техникалық мүмкіндіктері ниетін білдіретіндігін;

  3. (объекті атауын көрсетіңіз) (әкімшілік-аумақтық бірлікті көрсетіңіз) аумағында орналасқандығын;

  4. (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы) және жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы уағдаласты:


1. Келісімшарттың мақсаты

1. Келісімшарт мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарттық аумақта барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарын айқындау болып табылады.

2. Келісімшарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы

____________________________________________________________________ мақсатында (тікелей келіссөздерге сәйкес барлаумен немесе өндірумен байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты құрылыстары үшін жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну мақсаттарын көрсету) тау-кенді бөлу шегінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес құрылысты және (немесе) жерасты құрылыстарын салуды пайдалануды жүзеге асыруға құқылы, оның ішінде:


келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;

Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;

келісімшартта және Заңда көзделген келісімшарттық аумаққа қатысты өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.




2. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

3. _____________________________________ (объектінің атауын көрсету) арналған келісімшарт жұмыс жүргізуге жобамен анықталған мерзімге жасалады және ___ жылды құрайды (жиырма бес жылдан аспайды).

4. Келісімшарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.


3. Келісімшарттық аумақ

5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.

6. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға міндеттенеді.

7. Келісімшарттық аумақты қайтару Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Қайтарылатын учаскелер Қазақстан Республикасының учаскелерді қайтаруға қойылатын заңнамасы талаптарына сәйкес келуге тиіс.Жер қойнауын пайдаланушы барлау салдарынан бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.


4. Жұмыс бағдарламасы

9. Жұмыс бағдарламасы осы келісімшарттың қосымшасына сәйкес міндетті бөлігі болып табылады және жобалау көрсеткіштерін (жұмыстардың физикалық көлемдерін) және оларға қол жеткізу үшін қажет инвестициялар ауқымын қамтиды.

10. Жұмыс бағдарламасына енгізілген инвестициялық жобалау көрсеткіштерін қозғайтын жобалау құжаттары көрсеткіштерін өзгерткен кезде жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.


5. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы

11. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.



12. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен сәттен бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен бөлшектеу не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.

Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті бөлшектеуді және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

13. Геологиялық ақпарат, егер ол жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.

Келісімшарт қолданысы тоқтатылғаннан кейін барлық геологиялық және жер қойнауы туралы өзге де ақпаратты жер қойнауын пайдаланушы өтеусіз негізде мемлекет меншігіне береді.




6. Персоналды жалға алу, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатыпалу

14. Жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді.

15. Жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық персоналға тартылған шетелдік қызметкерлерге қатысты алғанда еңбекке ақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

16. Жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылысын салуға және (немесе) пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде келісімшартты орындау кезінде тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлерін оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қаржыландару бойынша міндеттемелерге ие емес.

17. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде: Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, пайдалануға; егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға міндеттенеді.


7. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысу

18. Келісімшарт қолданылу мерзімі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға _____________ мөлшерінде (тендерге қатысу үшін ұсынылған конкурстық ұсыныста немесе тiкелей келiссөздер хаттамасында көрсетiлген, не аукцион өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мөлшерден төмен болмайтын соманы көрсету) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес «Жер қойнауын пайдаланушы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдар» 206114 бюджетті сыныптама кодына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органның бюджетіне жыл сайынғы аударымдарды жүргізеді.




8. Консервациялау, тарату және тарату қоры

19. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттарға және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды) қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жұмыстары жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.

20. Жер қойнауын пайдалану объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылады немесе консервацияланады.

Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша өз операциялары салдарын жою үшін тарату қорын құрады.

Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын тиісті жылға жұмыс бағдарламасында көзделген барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларға жыл сайынғы шығындардың бір пайызынан кем емес мөлшерде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі депозиттік шотқа жүргізеді.

21. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.



22. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және салық салынатын табысқа енгізіледі.

23. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.


9. Есепке алу және есептілік

24. Жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялардың есебін жүргізуге және ________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының атауы)Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде келісімшартта және жұмыс бағдарламасында көзделген міндеттемелердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынуға тиіс.

25. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына олар қызметтік міндеттерді орындаған кезде қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына кедергісіз енуді қамтамасыз етуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақытылы жоюға міндеттенеді.

26. Келісімшарт аумағындағы қызмет нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға геологиялық есептілікті беруге міндетті.




10. Жер қойнауын пайдаланубойыншаоперациялар жүргізудің жалпышарттары

27. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, оның ішінде экологиялық талаптарды, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарын сақтауға тиіс.

28. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға келісімшарт аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға кедергі келтірмеуге, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға міндеттенеді.

29. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операциялардыжүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.




11. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

30. Келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушыосы келісімшартқа және Заңға сәйкес жауапты болады.



31. Мемлекет аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің белгілеген тәртібі бұзыла отырып, сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.


12. Құқықтар мен міндеттерді беру

32. Жер қойнауын пайдаланушы Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, басқа адамдарға келісімшарт бойынша құқықтарды немесе олардың бөлігін беруге құқылы.

33. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.


13. Еңсерілмейтін күш

34. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.



35. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зілзалалар (өрт және т.с.). Келтірілген тізбе бәрін толық қамтыған болып табылмайды.

36. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу жолымен екінші тарапқа дереу хабарлайды.

37. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.

38. Еңсерілмес күш мән-жайларынан туындаған келісімшарт бойынша жұмыстар толық немесе ішінара тоқтатылған кезде тараптар келісімшарт мерзімін еңсерілмес күш мән-жайларының қолданысы кезеңіне ұзартады.




14. Құпиялылық

39. Келісімшартты орындау процесінде тараптар алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалуға жатады.Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.



40. Геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға 20__ жылғы «__» __________ № ____ құпиялылық туралы келісіммен рәсімделетін Заңның 11-бабына сәйкес белгіленген тәртіпте беріледі.

41. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға мынадай:

егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргізу барысында пайдаланылса;

ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлғаға мұндай үшінші тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны тараптар белгілеген мақсаттарға және белгіленген мерзімдерде ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;

ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайды;

ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілген жағдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ.

42. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес, келісімшарттық аумақта барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізуге байланысты және геологиялықақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердің құпиялығын сақтау мерзімін айқындайды.

43. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.


15. Қолданылатын құқық

44. Қазақстан Республикасының құқығы осы келісімшартқа қолданылатын құқық болып табылады.

45. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмілелерге Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.


16. Дауларды шешу тәртібі



46. Келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

47. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы алты ай мерзімде шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге құқылы.


17. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтарының кепілдіктері

48. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құқықтары қорғалатынына кепілдік беріледі.

49. Келісімшарт талаптарын өзгертуге және толықтыруға тараптардың келісімен жол беріледі. Тараптардың бірінің талап етуі бойынша келісімшарт талаптарын өзгертуге Заңда және осы келісімшартта тікелей көзделген жағдайларда жол беріледі.

18. Салық салу
50. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.

51.Қол қойылатын бонустың түпклікті мөлшері ________(сомасы көрсетілсін).

52. Келiсiмшартты жасасу кезiнде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгiленген сомасының елу пайызын 20 жылғы «___» №___ төлем тапсырмасы бойынша төледi.

53. Қол қойылатын бонустың мөлшердегi қалған ______ (сомасы көрсетiлсiн) елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлейдi.




19. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату шарттары

54. Егер тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы Заңның 69-бабына сәйкес келісім жасалмаса, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

55. Келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша жол беріледі. Келісімшарт сондай-ақ келісімшарт аумағы қайтарылған жағдайда өз қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.

56. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.


20. Келісімшарт тілі



57. Келісімшарттың мәтіні тараптардың әрқайсысы үшін _______ данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және барлық даналары бірдей болады.

Келісімшарт тараптарының келісуіне сәйкес, келісімшарт мәтіні өзгетіліне аударылуы мүмкін.

58. Мәтіннің нұсқалары арасында келісімшарттың мағынасы мен талдануын анықтау барысындағы келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда _____________________________________ (тілі көрсетілсін) нұсқасы басым күшке ие болады.

59. Тараптар қазақ және (немесе) орыс тілдерін қатынас тілдері ретінде қолданылатындығына уағдаласады.

21. Қосымша ережелер



60. Осы келісімшартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар оларды алу фактісі бойынша осы келісімшарт бойынша тараптардың әрқайсысына тиісті түрде ұсынылған және жеткізілген деп есептеледі.

61. Хабарламалар мен құжаттар тікелей тараптардың қолына тапсырылады немесе пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс бойынша жіберіледі.

62. Осы келісімшарт бойынша пошталық мекенжай өзгерген кезде тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа 7 күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.

63. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, келісімшарттың ережелері басым күшке ие болады.

64. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар олардың тіркелген сәтінен бастап күшіне енген деп танылады.

65. Осы келісімшартта пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер олар үшін Заңда айқындалған мағынаға ие.

66. Осы келісімшартты қ. ж. (күн) (ай) (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері жасасты.

67. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа1 қосымша

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарттың жұмыс бағдарламасы

________________________________________

(жерқойнауын пайдалану объектісі көрсетіледі)

 

 



 №

Жұмыстүрлері

Өлшем бірлігі

Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

Инвестициялар, барлығы

мың теңге

 

 

 

 

2

Күрделі шығындар, барлығы

мың теңге

 

 

 

 

3

Оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың теңге

 

 

 

 

4

жайластыру, реконструкциялау

мың теңге

 

 

 

 

5

машиналар, құрал-жабдықтар

мың теңге

 

 

 

 

6

Көлік құралдары

мың теңге

 

 

 

 

7

Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға

мың теңге













8

Тазалау құрылғыларына/ қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар

мың теңге

 

 

 

 

9

шығындары, барлығы

мың теңге

 

 

 

 

10

Қоймалау (көму) көлемі

мың текше м/мың теңге

 

 

 

 

11

Өзге де пайдалану шығыстары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

мың теңге

 

 

 

 

12

Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы

мың теңге

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет