Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынан берілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда, жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі.
Мінездеме белгілі бір адамды оқу орнына, қызметке ұсыну, кон- курстан өткізу т.б. да мақсатта жазылады.
Мінездеменің ресімделуі:
Құжаттың аты;
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
Оқыған мектебі, мектепте атқарған қоғамдық жұмыстары;
Жеке басының қасиеттері, өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға жауапкершілігі;
Мінездемені талап етуші ұйымның аты;
Мінездеме берушінің аты, тегі қолы;
Мінездеменің жазған мезгілі (күні, айы, жылы). Мекеменің мөрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат. Оның типті формуляры болмағанымен, кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.
Өмірбаянның құрылымы:
Құжаттың аты;
Автордың аты, әкесінің аты, тегі;
Туған күні, айы, жылы;
Ата-анасы туралы мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, жұмыс орны)
Білімі
Атқарған қызмет түрлері
Қошеметтеу белгілері
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы
Жазған мезгілі (күні, айы, жылы);
Қолы
Өмірбаян жазуға қойылатын талаптар:
тұлғаның өміріне қатысты деректерді өңдеу;
өмір сүрген жылдары бойынша хронологиялық заңдылықты ұстану;
деректердің дұрыс берілуін қадағалау.
өмірбаян құрылымын сақтау.
Өмірбаянда аты-жөні, туған жылы, ұлты, отбасы туралы, білімі, еңбек жолы және т.б. мәліметтер қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |