Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет36/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

сынып бойынша:


  • тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис (құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу);

  • аргументативті эссе жазу,

  • бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.

Оқу мақсаттары:


8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис, мақала құрастырып жазу;
8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.


Аннотация кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси- идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
Кітапқа берілетін аннотация:

  • көлемі 1 сөйлем, я болмаса 1 бет;

  • библиографиялық деректер жазылады;

  • автор туралы мәліметтерді қамтиды;

  • туындының жанры немесе нысаны кіріктіріледі;

  • тақырыптың қысқаша мазмұны сипатталады;

  • кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері көрсетіледі;

  • аудиторияны сипаттайды.

Мақалаға берілетін аннотация:

  • көлемі 500 әріп немесе 7-8 сөйлем;

  • ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады;

  • құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады;

  • мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды.

Жазу барысында қолданылатын тілдік оралымдар:
Бұл кітапта немесе мақалада ........ (мынадай-мынадай) тақырып сөз етілген.
Бұл кітапта немесе мақалада .......... (мынадай-мынадай) мәселе көтерілген.
Бұл кітап немесе мақала .... (мынадай-мынадай) зерттеулерге негізделген.
Автордың ерекше назар аударған мәселесі –
Сөз етіліп отырған мәселенің зерттелуі мынадай
Бұл кітапта немесе мақалада ....... (мынадай-мынадай) детальді зерттеу жүргізілген.


Тезис – кітап пен мақалада жазылған негізгі тұжырымдар, идеялар, қорытындылар.
Тезистің белгілері:

  • Көлемді шығармалардың маңызды деген тұстарына қысқаша шолу.

  • Логикалық жағынан байланысқан 5-6 сөйлемнен тұрады немесе нақты ойды беру үшін белгілі адамдардың цитаталары қолданылады.

  • Ғылыми жұмыстарда, көлемді жазба жұмысын орындағанда, көпшілік алдында сөйлегенде қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет