ҮЛГІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры проф. А.С. Қаппаровқа
филология факультетінің 2- курс студенті А.М. Оспановадан
Өтініш
Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын.
27.06.2022 ж
Қолы А.М. Оспанова
Түйіндеме (резюме); француз тілінен алынған термин; «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Түйіндеме жазу талаптары:
Сауатты жазылу керек.
Тек шындық көрсетілуі керек.
Қысқаша әрі нақты жазылуы керек.
Рәсімделуіне мән берілу керек.
Жеке ақпарат.
Түйіндеменің мақсаты.
Білім.
Жұмыс тәжірибесі.
Қосымша ақпарат.
Өзіңіз туралы ақпаратты қысқаша жеткізуді үйреніңіз. Өмірбаян бойынша оқу орыны, біліміңіз, жұмыс тәжірибеңізді нақты, қысқа жазыңыз.
Түйіндеменің жазылу үлгісі
Түйіндеменің мазмұндық құрылымы:
Аты-жөні
Туған жылы, күні, айы, туған жері;
Ұлты;
Жынысы;
Мекен-жайы, телефоны;
Отбасы жағдайы;
Азаматтығы;
Білімі;
Бітірген оқу орындары;
Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
Тілдік дағдылары;
Компьютерлік сауаттылығы;
Жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас);
Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар).
Достарыңызбен бөлісу: |