Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет49/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Нұсқаулық жазу - 1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін ережелер жинағы. Мысалы: эссе жазу тәртібіне берілген жұмыс реті немесе аудио мәтінді тыңдауға арналған ереже.
2. Нұсқаулық жазу үшін нақты жұмыс тәртібін көрсете білу керек және сөйлемдеріңіз түсінікті, сыпайы түрде жазылсын. Қолданылатын сөздер қарапайым, ауыспалы осы шақта болуы тиіс.


  1. сынып бойынша:


  • мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью (публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып жазу);

  • эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеу);

  • жинақы мәтін құрастыру (шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну, ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу).



Оқу мақсаттары:


10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, баспасөз парағын, интервью, шағын мақала жазу;
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу;
10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация);
10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру;
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет