Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық


 Целлюлоза талшығын микроскопиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
целлюлоза

2.5.2 Целлюлоза талшығын микроскопиялық зерттеу
 
Целлюлоза талшығын микроскопиялық зерттеу үшін растрлық 
электронды микроскоп (РЭМ) қолданылды. РЭМ құрылғысы (SEM) – 
кеңістіктік рұқсаты жоғары (0,4 нанометрге дейін) объектінің үстіңгі бетінің 
морфологиясын алуға арналған, сондай-ақ беткі қабаттардың кейбір басқа 
қасиеттері, құрылымы және құрамы туралы ақпарат беретін электронды 
микроскоптар классына жататын құрал. Зерттелетін объектімен электрондық 
шоғырдың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. 
Үлгілерді талдау үшін төмен вакуумды растрлық электронды 
микроскоп пен «Jeol JSM-6490 LA» энергия дисперсті рентгенді микроталдау 
жасайтын жүйемен кешенді қолданылды.
 
2.5.3 Инфрақызыл спектроскопия 
 
Инфрақызыл спектроскопия (ИК-Фурье спектроскопия), толқын 
ұзындығының 10-6-дан 10-3 м аралығы диапазонындағы, инфрақызыл 
аудандағы электромагнитті таралудың шағылысу және жұтылу спектрін 
зерттейтін, молекулярлы оптикалық спектроскопияның бөлімі. Толқын 
ұзындығы сәулесінің жұтылу қарқындылығы координатасында инфрақызыл 
спектр максимумдар мен минимумдардың үлкен саны бар күрделі қисық 
түрінде бейнеленеді [80]. 
Инфрақызыл 
спектроскопия 
әртүрлі 
органикалық 
және 
бейорганикалық байланыстардың құрылымдық ерекшелігін зерттеуде 
қолданылатын, әмбебап физико-химиялық әдіс болып табылады.
Әдіс 
инфрақызыл диапазондағы электромагниттік сәулеленудің сыналатын 
объектісінің атомдар топтарының жұтылу құбылысына негізделген [67,68]. 
Жұтылу инфрақызыл жарық кванттарының әсерінен молекулалық 
тербелістердің қозуына байланысты. 
Қатты денелердің бетіндегі спектрларды тіркеу үшін толық ішкі 
шағылысудың бұзылған әдісі қолданылады. Ол зерттелетін беттермен 
оптикалық байланыста болатын толық ішкі шағылысу призмасынан шығатын 
электромагниттік сәулелену энергиясы затының беттік қабатының жұтуына 
негізделген. 
Инфрақызыл спектроскопия әдісінің оң ерекшелігі әртүрлі заттардың 
атом топтарының тербелістерінің бір түрін сіңіру жолақтары инфрақызыл 
спектрдің белгілі бір диапазонында орналасқаны болып табылады (мысалы, 
ОН, 3050-2850 см
-1
топтары мен органикалық заттардың -СН, -СН
2
, -СН

топтарының валентті тербеліс диапазоны 3720-3550 см-
1
) [69]. Осы диапазон 
шегінде атом тобының сіңіру жолағының максимумының нақты жағдайы 


38 
заттың табиғатын көрсетеді (осылайша, 3710 см
-1
максимумы –ОН топтардың 
болуын көрсетсе, 3030 см
-1
максимумы =С-Н ароматикалық құрылым 
топтарының болуын көрсетеді).
ИК-Фурье спектрлері Agilent (АҚШ) фирмасының «Carry 660» 
спектрофотометрінде алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет