66
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу нәтижелері бойынша келесідей қорытындылар жасауға болады:
1. Стандартты әдістемелер бойынша әр түрлі ағаштекті емес
шикізаттан алынған целлюлоза үлгілерінің физико-химиялық қасиеттерін
зерттеу сорбциялық және адсорбциялық қабілеті бойынша күріш сабанынан
жасалған техникалық целлюлоза қарасора мен күріш
кебегінен жасалған
целлюлозадан 1,5...3,0 есе асып түсетінін көрсетті, ал қарасора
талшықтарының орташа ұзындығы целлюлоза қалған түрлерінен 10 есе асып
түседі. Қалған көрсеткіштер бойынша үлгілер іс жүзінде ерекшеленбейді.
2. Қарасора арамшөбінен алынған техникалық целлюлоза үлгілерінің
микрофотографиясы, целлюлозаның
талшықты жартылай фабрикаты
ұзындығы кемінде 9 мм прозенхимиялық және эпидермалдық сипаттағы аз
бүлінетін талшықтардың кешені болып табылатындығын көрсетті,
бұл оны
ұсақ кеуекті жылтыр қағаз өндіру үшін, сондай-ақ қағаздың дизайнерлік
түрлерін өндіру үшін пайдалану перспективаларын ашады.
3. ИК-спектроскопия арқылы күріш сабанынан,
қамыстан, күріш
кебегінен және қарасора арамшөбінен алынған үлгілерде целлюлоза
сипатына сай функционалды топтардың (3570-3125 см
-1
, 2940-2860 см
-1
,1650
см
-1
, 1430 см
-1
, 1370 см
-1
, 1340 см
-1
, 1160 см
-1
, 1110 см
-1
, 1060 см
-1
) бар
екендігін көрдік.
4. ТГТ нәтижелері целлюлозаның барлық үш түрі термиялық қасиеттері
бойынша ұқсас екендігін көрсетті. Барлық
жағдайда массаның аздаған
мөлшерінің жоғалуы 100°C шамасында болатындығы анықталды. Бұл соңғы
сатыда шикізатты жуудан кейінгі қалдық ылғалдың жойылуымен
түсіндіріледі. Целлюлозаның термиялық ыдырауының басы шамамен 330°C
бақыланады.
5.
Қарасора целлюлозасының қағаз құймаларының физико-
механикалық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде
ажырауға абсолютті
қарсыласу көрсеткіші бойынша қарасорадан алынған целлюлоза сульфатты
жапырақты целлюлозамен бірдей екендігін байқасақ, басылуға қарсыласу
көрсеткіші бойынша сульфатты жапырақты целлюлозадан асып түсетіндігін
байқадық.
6. ICP-OES және ICP-MS әдістері арқылы үлгілерді
сандық талдау
нәтижесінде қарасора арамшөбі және олан алынған техникалық целлюлозада
вегетативті кезеңде, биомасса жинақтаған металлдардың құрамы бар
екендігін көрсетті. Сатылы сілтілі органосольвентті делигнификация көп
жағдайда техникалық целлюлозада металл концентрациясының
төмендеуіне
әкеліп соғады. Бұған өңдеу нәтижесінде сәйкесінше 1,1; 1,5 және 1,5 рет
жиналатын алюминий, темір және қорғасын жатпайды.