Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық


Целлюлоза талшықтарының құрылымын микроскопиялық



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
целлюлоза

 
3.2 Целлюлоза талшықтарының құрылымын микроскопиялық 
зерттеу
Ағаштекті емес өсімдік шикізатының бір ерекшелігі гидрофобты 
қасиеттерге ие және қорғаныштық қызмет атқаратын, қарасора арамшөбінің 
сыртқы (12 Сурет) және ішкі (13 Сурет) қабатында майлы балауызды 
қабаттың болуы. Гидрофобты қабаттың болуы химиялық агенттердің 
лигнинді-көміртек матрицасының ішіне енуіне бөгет болады және басқа да 
компоненттердің алынуына кедергі болады. Майлы балауызды фракциядан 
арылу үшін ацетон, этилды эфир, этанол, бензол және т.б. органикалық 
еріткіштер пайдаланылады. Қарасора арамшөбінің а.қ.ш.-нан майла 
балауызды фракцияның шығуы 4,5 % құрайды.
Майлы балауызды фракция алынғаннан кейін а.қ.ш.-тан 12 % 
құрайтын, құрамына пектин, крахмал, бояғыштар сияқты суда еритін 
фракцияны алу мақсатты болады.


47 
Майлы балауызды және суда ерітін фракцияларды алу барлық күлді 
қалдықты сандық түрде алу арқылы өтетіндіктен, қалған минералды 
компоненттерді тиімді бөліп алуға мүмкіндік жасайды.
Минералды компоненттері алынған талшықты шикізат 14-суретте 
микрофотография түрінде көрсетілген.
12 Сурет – Қарасора арамшөбінің сыртқы беті (×100 ұлғайтылған) 
13 Сурет – Қарасора армшөбінің ішкі беті (×500 ұлғайтылған) 


48 
14 Сурет – Қарасора армшөбінің талшықты материалының сілтілі өңдеуден 
кейінгі микрофотографиясы (×500 ұлғайтылған) 
Сілтілі 
өңдеу, 
минералды 
компоненттерді 
бөлуден 
басқа, 
талшықтардың ісінуіне, тығыз оралған өсімдік шикізатының талшықтарының 
арасындағы күрделі орта пластинканың ішінара қопсуына әкеледі, ол 14-
суретте бейнеленген.
Біздің ойымызша, бұл қайнату агенттерінің жақсы енуінің алғышарты 
болып табылады және соның салдарынан неғұрлым тиімді делигнификация 
жүреді. 
Қайнатудан 
кейінгі 
техникалық 
целлюлоза 
үлгілерінің 
микрофотографиясы (15 Сурет) целлюлозаның талшықты жартылай 
фабрикаты прозенхимиялық және эпидермалдық сипаттағы жекелеген аз 
бүлінетін талшықтардың кешенін білдіреді, ал сосудтардың болуы ісінуге 
жоғары қабілетін түсіндіреді. 


49 
15 Сурет – Қайнатудан кейінгі целлюлоза талшығының микрофотографиясы 
ұлғайту ×500 (а); ×100 (б) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет