Республики казахстан


ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СЕЛИТЕБТІ АЙМАҚТАРЫ



бет8/15
Дата17.06.2016
өлшемі408 Kb.
#141788
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

9 ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СЕЛИТЕБТІ АЙМАҚТАРЫ

9.1 Қалалық және ауылдық елді мекендердің селитебті аймақтарын жоспарлап құрылысын салуды тұрғын және қоғамдық ғимараттар орынжайларында және тұрғын үй құрылысы аймағында шудың рұқсат етілген денгейлерін қамтамасыз етілуін ескере отырып жүзеге асыру керек.

9.2 Көлік шуынан қорғау тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және селитебті аймақтарды қалақұрылыстық (қалалық және ауылдық елді мекендердің аймақтарын өңірге бөлу, жол-көшелік желіні оңтайлы жобалау); сәулеттік-жоспарлау( арнаулы шуқорғау ғимараттарын салу, шудан қорғау және қарапайым ғимараттарды әр түрлі композициялық топтастыру тәсілдерін қолдану); ұйымдастыру (жүк көлігінің қозғалысына шектеу қою, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығына шектеу қою) және конструктивті (жол бойындағы экрандар, шудан қорғайтын терезелер т.с.с. іс-шаралар арқылы жүзеге асырылу керек.

9.3 Қарастырылатын аймақта және онда орналасқан тұрғын. Қоғамдық ғимараттардың орынжайларында күтілетін акустикалық режимнің бағалауын акустикалық есептер негізінде атқару керек.

9.4 Елді мекеннің техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) және бас жоспарын әзірлеу кезеңінде, селитебті аймаққа шудың әсерін төмендету мақсатымен келесі іс-шаралды қолдану керек:

- селитебті және рекреациялық аумақтарды өнеркәсіптік, коммуналдық-қоймалық өңірлерден және негізгі көліктік коммуникациялардан ажырату арқылы аймақты функционалды бөлу;

- тұрғын үйлерді және демалыс орындарын айнала жүрдек және жүк қозғалысының магистральды жолдарын трассалау; қалаларды және өзге елді мекендерді және емдеу-курорттық, рекреациялық өңірлерді айнала жүрдек автомобиль және темір жолдарының көлік дәліздерінде трассалауды қиыстыру;

- жүк қозғалысының негізгі көлемін арнаулы магистральдарға бөлу арқылы көлік лектерінің құрамына байланысты жол-көшелік желісін дифференциациялау;

- негізгі көліктік лектерін, мүмкіндігінше тұрғын үйлер құрылысынан тыс өтетін өткізу қабілеті жоғары біршама магистральдық көшелерде шоғырландыру (өнеркәсіптік және комунальдық-қоймалық өңірлер шекарасында, темір жолдардан бұру жолақтарында);

- құрылыстың негізгі бөлшегін көлік магистральдарынан ажырату үшін магистральаралық аймақтарды ірілендіру;

- тұрғын үйлер аудандарының және тұрғын үйлер топтарының шеттерінде автомобильдерді тұрақтату жүйесін құру ;

- магистральды көшелер мен жолдарды трассалау кезінде жер бедерінің шудан қорғау қасиеттерін пайдалану;

- әуежайлардың төңіректерін шудан қорғау үшін өңірге бөлу.

9.5 Шағын елді мекенді, тұрғын ауданын, ықшамауданын бөлшектеп жоспарлау жобасын әзірлеу кезеңінде, шудан қорғау үшін келесі шараларды қолдану керек:

- шудың қажетті денгейге дейін төмендеуін қамтамасыз етпейтін қашықтықта елді мекеннің магистральды автомобиль немесе темір жолдарына жақын орналасқан жағдайында, жер бедерінің табиғи немесе жасанды элементтер түрінде шудан қорғау экрандарын қолдану (ойық құламалары, үйінділер), жасанды имараттар түрінде (тік немесе көлбеу қабырғалар, галереялар),сонымен бірге алдыңғы екі түрінің де араласып келуі (мысалы, үйінді+ қабырға). Мұндай экрандар аз қабатты ( үш қабаттан аспайтын) құрылыс кезінде ғана тиімді екендігін ескерген жөн;

- тұрғын аудандары, қалалық құрылыста ықшамаудандар үшін ең тиімдісі- магистральды көшелер құрылысының бірінші эшелонында, экран есебінде пайдаланылатынорамішілік кеңістікті көлік шуынан қорғайтын шудан қорғау ғимараттардың орналасуы.

9.6 Экран-ғимараттар есебінде тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар пайдаланылуы мүмкін: дүкендер, гараждар, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары; алайда бұл ғимараттар әдетте екі қабаттан аспайды, сондықтан олардың экрандық қызметі шамалы. Ең тиімді көпқабатты шудан қорғайтын тұрғын және әкімшілік ғимараттар.

9.7 Шудан қорғайтын тұрғын ғимараттары болып саналатындар:

- пәтерлердің қосалқы бөлмелері (асүй, жуынатын бөлме, сантораптар) мен пәтерден тыс коммуникациялардың (баспалдақты-лифтілі тораптар, дәліздер) және үш тұрғын бөлмесінен астам пәтерлерде бір ғана бөлмесінің шу көзіне (магистраль) қарай орналастырылуын көздейтін арнайы сәулеттік-жоспарлау және көлемдік-кеңістік құрылымды ғимараттар;

- магистраль жаққа қаратылған қасбетінде шуды бәсеңдететінжәне шудан талап етілетін қорғауды қамтамасыз ететін, арнайы желдету құрылғылары бар шудан қорғайтын терезелер орнатылған ғимараттар;

- сәулеттік-жоспарлау шешімімен бірге магистральға қараған қасбетіндегі шудан қорғайтын терезелері бірге қолданылған аралас типті ғимараттар.

9.8 Шудан қорғау ғимараттары орынжайларындағы инсоляция мен нормативтік ауа алмасу талаптарын міндетті түрде ескере отырып жобаланып жер бедеріне байланыстырылу керек. Сондықтан, мысалы, арнайы жоспарлау шешімі бар ғимараттардың ендікке бағдарланған көшелердің солтүстік жағына құрылысын салуға жарамайды.

9.9 Экрандаудың максимальды әсеріне қамтамасыз ету үшіншудан қорғайтын ғимараттар жеткілікті денгейде биік және ұзын болып,қалақұрылыстық нормалар мен сыртқы қоршау құралымдарының дыбысоқшаулау сипаттамаларын ескере отырып, магистральды көшелер мен темір жолдардан минимальды қашықтықта орналасу керек.

9.10 Орамішілік кеңістікте құрылыстың алғашқы эшелонының ғимараттарының көлденең осьтеріне жақын өңірлерде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, емханалардың, ғимараттарын, демалыс алаңқаййларын орналастыру керек.

Құрылыстың алғашқы эшелонындағы ғимараттар арасындағы аралыққа қарсы орналасқан аумақта сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін т.с.с. орналастыру қажет.

9.11 Қысылған қалалық жағдайда, қолданыстағы, сонымен бірге жобалануда кездесетін құрылыс жағдайында, көп жағдайда акустикалық шудан қорғау экрандарын әрқилы құрылған, іс жүзінде қолдануға ең технологиялық болып есептелетін, тік немесе көлбеу қабырғалар түрінде орналастыру тиімділігі жоғары.

9.12 Алайда, жергілікті жағдайы мүмкіншілік беретін, қала маңы аумақтарында экрандар есебінде экран-қабырғаларға қарағанда біршама арзан түрі болып саналатын үйілген топырақтарды, үйінділерді қолданған абзал. Үйінділер, үйілген топырақтар құламаларының еңісі 1:2 немесе 1:5 болу керек және беті бетон немесе тас тақталармен, немесе шыммен қапталып бекітілу керек. Үйінділер ішінде автожөндеу кәсіпорындарын, гараждарды, коллекторларды және шу денгейі нормаланбайтын басқа коммуникациялық имараттарды орналастыруға болады.

9.13 Үйілген топырақ, үйінді немесе ойық жиегі түріндегі акустикалық экранның тиімділігі жеткіліксіз жағдайда, қосымша экран-қабырғаны орнату керек, ол осындай аралас акустикалық экранның жалпы тиімділігін арттырады.

9.14 Тік қабырға түріндегі шудан қорғау экрандары, тиімділігін арттыру мақсатымен автомагистральдан немесе темір жолданқозғалыс қауіпсіздігі, жолды пайдалану және көлік құралдарына қойылатын талаптарды ескере отырып минимальды рұқсат етілген қашықтықта орнатылу керек. Әр жағдайдағы экранды байланыстыру, оның биіктігі мен ұзындығын және пішінін белгілеу акустикалық экранды орналастыруға жобаланған орынға сәйкестендірілген жоспарын сараптау негізінде жүзеге асырылу керек.

9.15 Акустикалық экрандар жеке іргетастарға негізделу керек. Олардың барлық конструктивті элементтері механикалық берік болу керек және қардың, желдің сейсмикалық жүктемелердің әсеріне төтеп беру керек.

9.16 Акустикалық экрандар құралымдарының элементтерін жасауға қажетті материалдар ұзақ мерзімді, соққыға берік, атмосфералық құбылыстарға төзімді, өртке төзімді, өрт қауіпсіз, агрессивті реагенттердің әсеріне төзімді (майлар, көлік құралдарының пайдаланған жанармай газдарының шығарылуы) және тазартудың механикалық құралдарына берік болу керек.

9.17 Акустикалық экрандардың жекелеген элементтерінің құрылымы олардың бірі біріне тығыз, саңылаусыз бекітілуін қамтамасыз ету керек. Экрандардың төменгі акустикалық панельдері тығыз (саңылаусыз) іргетасқа немесе жер бетіне орнатылу керек. Егер акустикалық экранның астынғы панелі мен іргетас( жер) бетінің арасында саңылау пайда болса, онда ол саңылауды жоятын арнайы металл немесе резеңке құрылғымен жабылып, қиыршықтаспен көмілу керек.

9.18 Кездейсоқ саңылауларды жою үшін акустикалық экрандар элементтері арасында сызаттар пайда болмайтындай жүктемелерге төзімді, жұмсақ серпімді материалдардан нығыздаушы аратөсемдер қолдануыу керек.

9.19 Шу көзіне қаратылған экран бетін дыбыс сіңіргіштігі жоғары материалдармен қаптаған жағдайда немесе экранның үстінгі қырында дифрагияланатын дыбыс толқынының шашырауын және сіңірілуін ұлғайтатын арнайы конструктивті элементтерін орнатқан жағдайда, акустикалық экранның тиімділігі 2-5 дБА артуы мүмкін. Звукопоглощающие материалы, используемые для облицовки экрана, должны обладать стабильными физико-механическими и акустическими характеристиками, быть био- и влагостойкими, не выделять вредные вещества.

9.20 Дыбыстық энергияның бөлігі экран арқылы өтіп кету мүмкіндігін ескергенде, экранды құрастырған кезде, жалпы беткі тығыздығы 20кг/м2 кем болмайтындай материалдарды таңдау керек.

9.21 Экранды жобалаған және жинақтаған кезде, экран құралымында ойықтардың, саңылаулардың болмауына назар аудару керек, өйткені олар оның тиімділігін біршама төмендетеді. Экранның акустикалық тиімділігінің төмендеуіне жол бермес үшін, оның астынғы жиегі іргетасқанемесе жерге нығыз отырғызылу керек.

9.22 Әдетте, құрылыс салудың әр алуан жағдайында шудың талап етілетін денгейге дейін төмендеуін қамтамасыз ететін, биіктігін, ұзындығын, қажет жағдайда пішінін де өзгертуге мүмкіндігі бар бірегейлендірілген элементтерден жасалған акустикалық экрандарды қолдануға тырысу керек.

9.23 Акустикалық экрандардың биіктігін шудан қорғалатын ғимараттардың биіктігіне және магистральға жақындығына байланысты 3-6 м аралығында таңдаған тиімді. Қажетті жағдайда биіктігі бұдан жоғары экрандарды қолдануға болады, оларды тұрғызу қажеттілігі мен мүмкіндігі тиісті акустикалық және беріктік есептермен дәлелдену керек. Экрандардың ұзындығы жүздеген метр және бірнеше километрге созылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет