Ресурс Ақпаратты жүйелеу және сақтау



Pdf көрінісі
Дата14.11.2022
өлшемі122.94 Kb.
#464845


Ресурс 3. Ақпаратты жүйелеу және сақтау 
Дерек көзімен жұмыс істеу кезінде жиналған қажетті материалды таңдаңыз. Оны 
жүйелеп және ғылыми мақалалар, үзінділер, газет және журнал тіліктерінің картотекасында 
сақтау керек. Карточкаға факт, сұрақ, теориялық ережелер енгізіледі. Әрбір көшірменің 
үстінде көшірме проблемасын, сондай-ақ дереккөздің библиографиялық анықтамасын 
(автордың аты-жөні, кітаптың атауы, шығарылған жылы, беті) көрсетеді. Карточкаларды 
картотекада белгілі бір айдарға орналастырады. Ең маңызды материалды сақтау керек, оны 
үнемі жаңартып отыру керек. Бұған жаңа ғылыми, оқу, әдістемелік әдебиеттермен және 
мерзімді басылымдармен танысу ықпал етеді. 
Ақпаратты жүйелеу мен сақтауда үлкен мүмкіндіктер қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар көмегімен мүмкін болады (Голавская Н. И. және т.б.). 
 
Әдеби шолу жүргізу әдістемесі бізде ол туралы бар түсініктерімізден біршама 
ерекшеленеді. Осыған байланысты Э.Уилсон мен А.Абибулаеваның кітаптарының 
үзіндісін ұсынамыз. 
Әдебиеттерге шолу үш өлшемге сәйкес болуы тиіс: біріншіден, ұқсас зерттеулердің 
нәтижелерін ұсыну; екіншіден, сіздің зерттеуіңізді әдебиетте жүргізіліп жатқан диалогпен 
сәйкестендіру; және үшіншіден, зерттеу нәтижелерін басқа зерттеулермен салыстыру үшін 
шеңберлер орнату. Ол үшін мыналар қажет: іздеу критерийлерін анықтау; лайықты 
әдебиетті табу; әдебиеттің релеванттылығын оқу және тексеру; сіз таңдаған әдебиетті 
жүйелеу; және соңында әдеби шолу жазу. Әдеби шолу жазу және әдеби талдау мақсатын 
қарастырудан бастайық. 
 
Әдебиеттерге шолу жасаудың мақсаты қандай?  
Әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу процесінің ажырамас кезеңі болып табылады. 
Зерттеу барысында әдебиет әртүрлі себептермен қолданылады, атап айтқанда: 
• қызығушылық саласының тарылуы, 
• мақсаттарды анықтау, 
негіздеме келтіру
• сіздің зерттеу үшін теориялық ақпарат, 
• қолайлы жобаны әзірлеу немесе әдебиетке ресми шолу жасау. 
Зерттеу процесінің әрбір кезеңінде жарияланған зерттеулерге сыни тұрғыдан қарау 
маңызды. Егер мұны мұқият істесе, онда бұл процесс сіздің ғылыми жобаңызды 
жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып қала отырып, жаңа идеяларды әзірлеуге және зерттеу 
міндеттерін бағыттауға көмектеседі. Басқаша айтқанда, шолуды жасаудың нақты процесі 
жақсы зерттеу жүргізу үшін маңызды бастапқы кезең болып табылады, және осы процестің 
нәтижесі жасалған әдеби шолу түрінде сіздің зерттеу саласын мұқият таңдауыңызды 
көрсетеді. 
Сондықтан әдебиетке шолу үш себеп бойынша жүргізілуі керек. Біріншіден, бұл 
процесс сізге осы саладағы негізгі идеяларды және осы саладағы негізгі зерттеушілерді 
анықтау үшін сіздің зерттеу саласында не белгілі екенін білуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан бұл пәндік саладағы негізгі зерттеулермен олардың жұмыстарының 
маңыздылығын түсінумен қатар танысуды білдіреді. Осы проблемамен кімнің және қай 
жерде айналысатынын біліп, сіз іздеу барысында табылған әдебиеттің маңыздылығын 
бағалай аласыз. Белгілі бір білім салалары мен терминдермен танысқан сайын, идеялардың 
қайдан пайда болғаны және қалай дамығаны анық болады. 
Екіншіден, бар әдебиеттерді іздеу барысында сіз қарастырылып отырған сала мен басқа 
да пәндік салалар арасында өзара байланыс орнатасыз. Нақты тақырып бойынша көбірек 
білсеңіз, сіз осы тақырып бойынша өз білімдеріңізді арттыратын басқа да жаңа салаларды, 
зерттеу нысандарын анықтай аласыз.


Үшіншіден, осы саладағы басқа зерттеушілердің жұмысы мен әдістерімен танысуына 
қарай, сіз сондай-ақ әрбір зерттеуші өз тақырыбын қалай зерделегенін түсіне бастайсыз. 
Тиісінше, басқалардың идеялары мен жұмысы сізге өз жұмысының шеңберін анықтауға, 
соның ішінде мүмкін болатын әдістемелерді, ақпаратты жинау әдістерін, негізгі 
концепцияларды және дәстүрлі академиялық диссертация түріндегі зерттеуді 
құрылымдауға көмектеседі. 
Пән бойынша әдебиетті талдау сізге жаңа академиялық тәжірибе алуға мүмкіндік 
береді, бірақ бұл барлығы дұрыс жасалған жағдайда ғана жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет