Резервы повышения продуктивности и плодородия орошаемых земель на западе казахстана



бет5/13
Дата16.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#139161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

УДК 6166:614:9:616



БРУЦЕЛЛЕЗГЕ ҚАРСЫ 82-ПЧ ШТАММ ВАКЦИНАСЫН ҚОЛДАНҒАНДАҒЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ДЕНЕСІНДЕГІ ИММУНОКОМПЕТЕНТТІ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ДӘРЕЖЕСІ
С.А. Алимбеков, Н.А. Ахметжанова

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық університеті


А.Н. Жубантаева

Батыс-Қазақстан инженерлік-техникалық университеті


Мақалада бруцеллезге қарсы 82-ПЧ вакциналық штаммын қолданғандағы жануарлардың деннсіндегі иммунокопетентті клеткалардың өзгеру дәрежесі көрсетілген және қан құрамындағы Т және В-лимфоциттердің санының бастапқы кезде көбейіп зерттеудің соңына қарай қалпына келетіндігі анықталған.
В статье приводятся данные об уровене изменения иммунокомпетентных клеток в организме животных при вакцинации вакциной из штамма бруцелл 82-ПЧ, а также , что данная вакцина вызывает повышение уровня содержания Т- и В лимфоцитов в периферической крови которые нормализуется к концу срока исследования.

The article gives data about the level of change of immunocompetent cells in animals’ organism while the brucell stam 82-ПЧ vaccinating and this vaccine causes the increase of T –B lumphosits contents level in periphery blood and normalizes by the end of research period.
Қазіргі таңда белгілі, иммунокомпетенті клеткалардың (Т және Б лимфоциттер, макрофагтар) кооперациясынан кейін, B –лимфоциттер плазматикалық клеткаларға дифференцацияланды, олар спецификалық антиденелерді өңдеп шығарады. Сондықтанда, 82-ПЧ бруцелл штамм вакцинасын енгізгенде туындаған иммунологиялық процесстерді айқын көрсету үшін, тәжірибелік теңіз шошқаларының перифериялық қанындағы Т және B лимфоциттердін құрылымының динамикасын зерттедік. Содан басқа, тәжірибелік жануарлардың регионарлы лимфа түйіндері мен талақтың гистокесінділеріндегі антидене түзуші плазматикалық клеткаларды санауын тікелей иммунофлуоресцентті Кунс әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Вакцинаның зақымдаушы әсерінің дәрежесін білу үшін, осы теңіз шошқаларының перифериялық қанындағы аутоантидене түзуші клеткалардын саның есептедік.

Иммунологиялық зерттеулер нәтижесіндегі перифериялық қан құрамындағы Т және B лимфоциттердің пайыздық (%) қатынасы жөніндегі мәліметтер, 1-ші кестеде көрсетілген. Зерртеу нәтижесінде біз мынаны анықтадық, интактты теңіз шошқалардың қанында Т –лимфоциттер 19,091,04 %, B лимфоциттер – 10,160,63 % құрайды. 82-ПЧ бруцелл штаммымен вакцинациялау Т – лимфоциттердің санын 1-ші күні жәнеде әсіресе 3 –ші күні айқын төмендеген, содан соң тәжірибенің 7-ші күні бұл клеткалардың саны жоғарылаған. Олардың төмендеуі де, жоғарлауы да статистикалық тұрғыдан шынайы болып келеді. Т – лимфоциттердің саны 14- ші күнге дейін жоғарылаған (40,002,01%), содан соң олар біртіндеп төмендеген, 28-ші күні олардың саны интактты жануарлардың көрсеткіштеріне жақындайды.


Кесте 1 82 - ПЧ бруцелл штаммынан жасалған вакцинамен иммунизацияланған теңіз шошқаларындағы Т және B лимфоциттер дәрежесінің динамикасы





Зерттеу мерзімі, күн

Т –лимфоциттер,

%

B – лимфоциттер,

%

1

2

3

1

2

3

3

10,020,86

15,200,86

7

25,791,09

16,070,38

10

30,921,03

19,250,55

14

40,002,01

23,142,06

21

26,110,39

20,130,58

28

18,290,47

10,920,84

Интактты жануарлардың

көрсеткіштері

19,091,04

10,160,63

Сонымен қатар иммунизация нәтижесінде қандағы B лимфоциттер саныда жоғарылаған, шарықтау шегі тәжірибенің 14-ші күні анықталған (23,142,06%), кейін клеткалардың санынан біртіндеп азаю білініп, вакцинациялаудан 28-күн өткен соң оның құрамы қалыпқа келді.

Осыдан, теңіз шошқаларын 82-ПЧ бруцелл штамм вакцинасымен иммунизациялау нәтижесінде қандағы Т – лимфоциттер саны бастапқы күндері төмендеп, ал содан соң жоғарылағанын көреміз. B лимфоциттер саны 1-ші күннен бастап жоғарылай бастайды да, қан құрамындағы деңгейі 28-ші күніне дейін қалпына келеді.

Антигенді енгізу жерінен регионарлы оң жақ шап лимфа түйіні мен талақтың антидене түзүші клеткалардың гистокесіндірілерін өңдегенде спецификалық ашық-жасыл түсті флуоресценция береді, біздер жарықтану интенсивтілігі бойынша 3 (+++) және 4 (++++) креске бағаладық.

Лимфа түйіндердің фолликулдарының герминативті орталықтарында, негізінен ми тәждерімен перифериялық аймақтарында флуоресцирлейтін клеткалар кездескен. Талақта антидене түзуші клеткалар негізінен қызыл пульпасының трабекул және тамырлар бойында анықталды. Олар топпен немесе дара орналасқан, басқа клеткалардын цитоплазманың спецификалық жарқырауы мен жарықтануымен ерекшеленеді.

Талақтың лимфатикалық фолликулаларында кеңейген герминативті орталықтары болды. Көп мөлшерде қайта түзілген екінші реттік фолликулдар анықталған. Кейбір қан тамыр қабырғаларының мукоидты ісінуі байқалды.

Регионарлық лимфа түйіні мен талақтағы антидене түзуші клеткалардың есептеу нәтижесі 2–ші кестеде көрсетілген.



Кесте 2 82-ПЧ бруцелл штаммынан жасалған вакцинамен иммунизацияланған теңіз шошқалардың регионарлық лимфа түйіні мен талақ құрамындағы антидене түзуші клеткалардың динамикасы


Зерттеу мерзімі, күн

Талақ

Лимфа түйіні

3

62,293,09

72,643,02

7

104,102,94

131,242,11

10

126,323,01

147,001,06

14

98,101,74

106,522,16

21

64,002,50

84,312,37

28

42,302,70

46,331,06

Интактты жануарлар көрсеткіштері

19,320,90

32,041,27

Ескерту – Осы кестеде көрсетілген мәлеметтер, шынайы болып келеді Р 0,01


2 - ші кестенің мәлеметтері бойынша мынаны көруге болады, интактты жануарлардың лимфа түйіні мен талағында өндірілетін иммуноглобулиндердің плазмациттер саны сәйкесінше 32,04 1,27 және 19,32  0,90 құрайды.

Лимфа түйінінде жетілмеген плазмоциттердің болуының шынайы төмендеу деңгейі иммунизациядан кейін 3, 7 және 28 күн өткен соң байқалды.

Зерттеудің қалған мерзімінде олардың болуының кейбір төмендеулері белгіленді, бірақ бұл мәліметтер шынайы емес.

Вакцинация регионарлық лимфа түйіні мен талақта плазмалық клеткалардың пайда болуын бірінші күннен бастап күшейтті. Вакцинаны енгізгеннен кейін 10 күннен соң шарықтау шегі білініп және лимфа түйінінде 147,001,06 – ны, ал талақта – 126,323,01 құрады. 14 –ші күннен бастап, лимфа түйінінде де, талақта да плазмоциттер санының төмендеуі белгіленеді және бастапқы мәліметке біртіндеп жақындады. Тәжірибенің 28 күнінде 42,302,70 және 46,331,06 сәйкес құрады. Сондай–ақ интактты жануарлар көрсеткіштерімен тәжірибелік топ көрсеткіштерін салыстырғанда айырмашылығы зерттеудің барлық мерзімінде статистикалық шынайылық Р- 0,01 болды.

Вакцинация – талақтың және лимфа түйінінің клеткаларының плазмациттік құрамына да сәйкесінше әсерін берді. Нәтижелері 3 және 4 кестеде көрсетілген. 3-ші кестеде көрсетілген мәліметтерде вакцинаны енгізгеннен кейін 3-ші күні регионарлы, антиген енгізілген жерде оң жақ шаптық лимфа түйінінде (10,570,58%) плазмобласттардың болу деңгейі шыңына жеткені белгіленді. Бұл көрсеткіш статистикалық тұрғыдан шынайы болды. Содан соң плазмобластардың болу деңгейі бастапқысынан тәжірибенің 7-ші күніне төмендеді және 14-ші тәулікте минимальді мөлшерге (1,380,21%) жетті. 21-ші тәуліктен бастап плазмобласттардың деңгейі қалыпына келе бастады және тәжірибенің соңында (28 тәулікте) бақылаушы жануарлардың көрсеткіштерімен тең болды.

Интактты жануарлардың лимфа түйінінде ересек плазмоциттердің саны 4,480,37%-ын құрады. Иммунизация 3-і және 7-ші тәулікте ересек плазмоциттер санының шынайы өсуіне себепші болды, ал содан соң зерттеудің 10-шы күнінде олардың деңгейінің 5,640,33% ға дейін төмендеуі байқалды. Шынайы өсуі тәжірибенің соңғы мерзіміне дейін белгіленді және вакцинациядан кейін 28 күннен соң жетілген плазмациттер саны -15,241,00 (Р- 0,005)-сін құрады.

Теңіз шошқаларында лимфаплазмоциттер саны иммуннизациядан кейін бірінші күннен бастап шынайы жоғарылады , содан соң үшінші тәуліктен бастап зерттеудің 21-ші күніне дейін олардың бастапқы денгейге дейін төмендеуі байқалды.

Кесте 3 – 82-ПЧ бруцелл штаммынан жасалған вакцинамен иммунизацияланған теңіз шошқаларының регионарлы лимфа түйіндерінің антидене түзіші клеткалардың құрамы (%)


Зерттеу мерзімі күндер

Плазмо

пластар

Жетілмеген

плазмоциттер

Жетілген плазмоциттер

Лимфаплазмоциттер

3

10,570,58

55,31,33

6,460,31

14,661,24

7

2,130,37

66,242,01

11,032,13

7,871,12

10

1,950,56

74,320,65

5,64,33

6,010,50

14

1,380,21

75,972,60

7,721,56

2,630,78

21

2,020,53

76,68,40

8,66020

1,330,22

28

2,910,67

70,272,03

15,241,00

1,290,19

Интактты жануарлар көрсеткіштері

2,890,87

78,972,34

4,480,37

1,330,21

Ескерту -  - шынайы айырмамашылықтар белгіленді Р 0,05.


Теңіз шошқаларының талағындағы плазмобласттардың пайыздық қатынасы вакцинацияға дейін 2,300,65% кұрамы 4-ші кестеде көрсетілген. Иммунизациядан кейін 3-ші күні плазмобласттардың максималды мөлшері (8,021,04) белгіленді. Соңынан олардың біртіндеп төмендеуі байқалды және зерттеудің 14 – ші тәулігінде плазмобласттар дәрежесі 2,050,58 % құрады. Тәжірибенің 21-ші күніне тағы да олардың пайыздық қатынасының бастапқы мәліметке дейін жоғарылағаны анықталды. Олардың бұл деңгейдегі саны тәжірибе соңына дейін сақталды.

Теңіз шошқалар талағында жетілмеген плазмоциттер көрсеткіштері 3-ші тәулікте - ақ 58,830,56 % (Р  0,05) ға дейін жетті, соңынан

14- ші күнге қарай біртіндеп қалыпына келе бастады, ал одан әрі 21 тәуліктен бастап, зерттеудің соңғы мерзіміне дейін шынайы төмендеуі қайталанды.

Ересек плазмоциттер саны тәжірибенің 3 – күніне 2 есеге дейін көбейді. Бірақ бұл көбею статистикалық шынайы болмады.

Содан соң олардың деңгейі жоғарылады және 7 – күні шынайы көбею 11,320,63 % ды құрағандығы аңықталды. Одан әрі бұл көрсеткіштің төмендегені бақыланды, 21-күннен бастап қайтадан статистикалық шынайы көбею жүре бастады.

Тәжірибелік теңіз шошқалар талағындады лимфоплазмациттер деңгейі зерттеудің 3-ші тәулігінде біршама жоғарылады (11,011,76%). Бұл көрсеткіштің шынайы үлкеюін біз тәжірибенің 1-ші күнінен бастап 7-ші күнге дейін бақыладық. Содан соң бұл клеткалардын тәжірибенің 21 күнінде интактты жануарлар көрсеткіштерін деңгейіне дейін біртіндеп төмендеуі жүрді. Ол одан әрі бақыланған теңіз шошқаларынан еш айырмашылығы болмады. Осыдан мынадай тұжырымға келдік, 82 – ПЧ бруцелл штаммынан жасалған вакцинамен иммунизациялау теңіз шошқаларында лимфа түйіні мен талақта плазматикалық клетканың тек қана заңды түрде көбеюі ғана емес, сонымен қатар олардың құрамындағы өзгерістерді, жетілмеген плазмобластың ересек формаларына ауысуын және жетілуін тудырды. Соңғыларының дәрежесі лимфа түйіні мен талақта зерттеудің 21 – ші күнінен бастап 28 тәулігіне дейін интактты жануарлар көрсеткіштерімен салыстырғанда шынайы жоғарылады.



Иммунизацияның 14-ші күнінен бастап, регионарлы лимфатүйіні мен талақтағы ұсақ тамырлар қабырғасында интенсивтілігі 21 күнге жеткенде өте қатты болған иммунды комплекс анықталды. Кейбір тамырлардың интимасында эндотелидің пролефирациясы жүрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет