«Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-тб, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық



жүктеу 74.01 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі74.01 Kb.


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасының

2014 жылғы 9 қаңтардағы

№ 3 бұйрығына

10- қосымша
Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасы

міндетін атқарушының

2010 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 351 бұйрығына

38-қосымша



«Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық «Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыруды нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) резиденттер:

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақшаның үшінші абзацында және осы тармақтың
2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

2) резидент еместер:

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады;

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында және осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері.

3. Респонденттер статистикалық нысанды өз операциялары бойынша және респондент клиенттерінің мынадай операциялары бойынша ұсынады:

1) резиденттер шығарған және респонденттің резидент емес клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (1.1.1, 1.2.1, 2.1-бөліктер);

2) резиденттер еместер шығарған және респондентке немесе респонденттің резидент клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (1.1.2, 1.2.2, 2.2-бөліктер);

3) шет елдегі резиденттер шығарған және респондентке немесе респонденттің резидент клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (2.3-бөлік).

4. Респондентке тиесілі бағалы қағаздар және оның клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздар бойынша жеке статистикалық нысанды ұсынуға болады. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің әрбір түрі бойынша жеке статистикалық нысанды ұсынуына болады. Көрсетілген жағдайларда түсіндірмеде ұсынылған статистикалық нысанның ерекше нұсқамасы көрсетіледі.

5. Статистикалық нысанда Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда резидент еместермен (өз атынан және клиенттердің атынан) есепті кезеңде Қазақстан Республикасында да, шет елде де шығарылған барлық бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша деректер көрсетіледі. Сонымен бірге есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың саны, құны, бағалы қағаздарды иеленуден түскен инвестициялық кіріс және қызмет көрсеткені үшін комиссиялық алымдар бойынша, оның ішінде есепті кезеңде операциялар болмаған жағдайдағы деректер ұсынылады.

Деректер бағалы қағаздың әрбір түрі және әрбір иесі бойынша жеке ұсынылады.

6. 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі. Белгілі бір бөлімнің әрбір бөлігі үшін жазбаның нөмірі жеке жазылады.

7. 2-бағанда әрбір жол бойынша нысанның мынадай бөліктеріне сәйкес әрдайым операция коды қойылады:

1.1.1-1111-код;

1.1.2-1210-код;

1.2.1-1121-код;

1.2.2-1220-код;

2.1-2121-код;

2.2-2220-код;

2.3-2120-код.

8. 1-бөлімнің 3-бағанында бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі, 2-бөлімнің 3-бағанында – бағалы қағаздың шетелдік мемлекеттің уәкілетті органдары берген сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

9. 4 және 5-бағандарда әрбір шот иесіне берілетін шот иесі типінің коды көрсетіледі:

1) 4-бағанда – «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін көрсетуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне (06 ИСО 3161.1-2001 ҚР МЖ) сәйкес шот иесі елінің үш мәнді цифрлық коды;

2) 5-бағанда – шот иесі секторының коды:

«1» орталық үкімет;

«2» аймақтық және жергілікті басқару органдары;

«3» орталық (ұлттық) банктер;

«4» басқа да депозиттік ұйымдар;

«5» басқа да қаржы ұйымдары;

«6» мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

«7» мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

«8» үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

«9» үй шаруашылықтары.

10. Қаржы операциялары 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 - бағандары бойынша бағалы қағаздар иелерінің ауысуын көздейтін резидент және резидент емес арасындағы операциялардан тұрады және мәміледе көрсетілген құны бойынша көрсетіледі.

11. Басқа операциялар 16, 17, 18, 19 - бағандары бойынша мыналардан тұрады:

1) нәтижесі бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беруге әкеп соқпайтын резидент пен резидент емес арасындағы операциялар (бағалы қағаздарды номиналды ұстауға беру, клиенттердің бір номиналды ұстаушыдан немесе тіркеушіден басқа номиналды ұстаушыға немесе тіркеушіге өтуі);

2) қаржы операцияларына жатқызылған: бағалы қағаздарды сыйға тарту, бағалы қағаздарды мұрагерлікке беру, бағалы қағаздарды соттың шешімі бойынша иеліктен шығаруды қоспағанда, резидент және резидент емес арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар;

3) резидент еместер арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар (қайталама нарықтағы сатып алу, қайталама нарықтағы сату);

4) резиденттер арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар (қайталама нарықтағы сатып алу, қайталама нарықтағы сату).

12. Құн өзгерістері 20-баған бойынша валюта бағамының ауытқуы нәтижесіндегі өзгерістерден (АҚШ долларынан басқа шетел валютасындағы бағалы қағаздар жағдайындағы бағамдық айырма), сондай-ақ бағалы қағаздың нарықтық құнынан тұрады.

13. 23-бағанда тек борыштық бағалы қағаздар бойынша деректер көрсетіледі:

1) респонденттің және оның клиентінің бағалы қағазды есепті кезеңде иеленген күндері үшін есептелген жарияланған сыйақы;

2) респонденттің және оның клиентінің бағалы қағазды есепті кезеңде иеленген күндері үшін сыйлықақы немесе дисконт амортизациясы.

14. 24-бағанда есепті кезеңде алынған кірістер бойынша деректер көрсетіледі:

1) респонденттің және оның клиентінің есепті кезеңде алған дивиденттері;

2) респонденттің және оның клиентінің есепті кезеңде эмитенттің борыштық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеуі кезінде алған сыйақысы.

Осы тармақта көрсетілген кірістер олардан ұсталатын кез келген комиссиялық алымдар немесе салықтарды құрайтын сомада көрсетіледі.

15. 25-бағанда резидент емес клиенттің респондентке брокерлік, консультациялық, ақпараттық, тіркеу және басқа да қызметтері үшін төлеген комиссиялық кіріс бойынша деректер көрсетіледі.

16. Бағалы қағаздардың қайталама нарықта сатып алынуы және сатылуы ағымдағы нарықтық құны немесе сатып алушы-клиент немесе сатушы көрсеткен тиісті құны, бағасы бойынша 13 және 15-бағандарда көрсетіледі.

17. Бағалы қағаздар бойынша есепті кезеңнің басындағы позициялар олардың есепті кезеңнің аяғындағы 6 және 7-бағандардың позицияларына тең.

22 бағандағы бағалы қағаздар бойынша есепті кезеңнің аяғындағы позиция бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жарияланған есепті кезеңнің аяғындағы нарықтық бағағамен анықталады.

Ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасалатын бағалы қағаздармен болған жағдайларда есепті кезеңнің аяғындағы бағалы қағаздар бойынша позицияны бағалау үшін артықшылық беру тәртібімен мынадай бағалар 22-бағанда қолданылады:

бағалы қағаздың соңғы мәміле бойынша бағасы;

бағалы қағаздың сатып алумен байланысты шығыстарын алып тастағандағы сатып алу құны бойынша бағасы (брокерлік сыйақы, банк қызметі үшін сыйақы);

бағалы қағаздың номиналды құны.

18. 1 бөлімнің 1.1 бөлігі Қазақстан Республикасында шығарылған және теңгемен номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар мың теңгемен көрсетіледі. 1 бөлімнің 1.2 бөлігі Қазақстан Республикасында шығарылған және шетел валютасымен номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

19. 2-бөлімде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған және шетел валюталарында номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

20. Басқа шетел валюталарымен берілген қаржы операциялары және басқа көрсеткіштер төмендегідей белгіленген кросс-бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылады:

1) кезеңнің басындағы құны алдыңғы кезеңнің аяғындағы кросс-бағам бойынша ауыстырылады;

2) кезеңнің аяғындағы құны - есепті кезеңнің аяғындағы кросс-бағам бойынша;

3) қаржы және басқа операциялар, инвестициялық кіріс және комиссиялық ақы - операция жүргізілген күнгі бағам бойынша не есепті кезеңдегі орташа алынған кросс-бағам бойынша.

Айырбастау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қолданылатын валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.

21. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1) есепті кезеңнің басындағы позициялар бойынша:

6 - баған = өткен кезеңдегі есептің 21 бағаны;

7 - баған = өткен кезеңдегі есептің 22 бағаны;

2) әр қатар үшін бағалы қағаздардың құны бойынша:

7 - баған = 6 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

9 - баған = 8 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

11 - баған = 10 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

13 - баған = 12 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

15 - баған = 14 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

17 - баған = 16 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

19 - баған = 18 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

22 - баған = 21 - баған * бағалы қағаздың бағасы;

3) статистикалық нысанның әрбір жолы үшін бағалы қағаздар саны бойынша:

21 - баған = 6 - баған + 8 - баған – 10 - баған + 12 - баған – 14 - баған + 16 -баған – 18 - баған;

4) құн өзгерістерін дұрыс көрсету үшін статистикалық нысанды алдымен номинация валютасында толтырылады, содан кейін ғана АҚШ долларына тиісті бағамдар бойынша ағындар мен қорларға ауыстырылады. Құн өзгерістерінен басқа барлық бағандарды есепке алу валютасында толтырғаннан кейін 20 - баған қалдық әдісімен айқындалады:



әр қатар үшін 20 - баған = 22 - баған – 7 - баған – 9 - баған + 11- баған – 13-баған + 15 - баған – 17 - баған + 19 - баған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет