ҚҰрылымдық материалдар технологиясы



бет8/8
Дата16.06.2016
өлшемі2.34 Mb.
#138484
1   2   3   4   5   6   7   8

6.4 Жұмыстың реті





  • жону-бұрамакескіш білдегінің құрылысын оқу;

  • жону тобындағы басқа білдектердің жалпы құрылысымен танысу;

  • жону құралымен танысу;

  • жабдықтармен және айлабұйымдармен танысу;

  • жонудың негізгі операцияларын оқытушы маманның көрсетуі;

  • жабдықтардың, айлабұйымдардың, құралдардың өздерін көріп оқу;

  • есеп беру;

  • есепті ауызша қорғау.



6.5 Есептің мазмұны

- жұмыстың аты;

- жұмыстың мақсаты;


  • теориясынан қысқаша үзінді;

  • жону-бұрамакескіш білдегінің эскизі, блок-схемасы (12 сурет);

  • жону кезіндегі эскиздер мен кесу схемасы (22 сурет, жеті схеманы қалауы бойынша);

  • қорытындысы (мақсаттың орындалуы).



6.6 Өзіндік дайындыққа сұрақтар





  • жону-бұрамакескіш білдегінің негізгі түзілімдері;

  • негізгі операциялар;

  • негізгі құрал, типтері;

  • негізгі жабдықтар;

  • жону тобындағы әртүрлі типті білдектердің ерекшеліктері.

7 ЖонғыЛау білдектерімен өңдеу


№ 7 Зертханалық жұмыс

7.1 Жұмыстың мақсаты





  • жонғылау білдектері типтерімен танысу;

  • әмбебап - жонғылау білдектерін оқу;

  • жонғыштар типтерін және олардың білдектерге бекітілу тәсілдерін оқу;

  • жонғылау білдектеріндегі негізгі операциялармен танысу;

  • жонғылау кезіндегі негізгі параметрлерін есептеу схемасын игеру.



7.2 Жабдықтары, айлабұйымдары және құралдары





  • әмбебап - жонғылау білдектері;

  • жонғыш үлгілері;

  • әртүрлі типтегі жонғылау білдектері көрсетілген плакаттар;

  • жонғылауға қажетті негізгі жабдықтар.



7.3 Теориялық мәліметтер

7.3.1 Жонғылау білдектерінің типтері

Жонғылау білдектері консольді, консольді емес, бойлай жонғылау, порталды, айналма үстелді-жонғылау, атанақты-жонғылау, көшіргіш жонғылау және арнаулы болып бөлінеді. Айналдырықтың орналасуына қарай вертикальді, горизонтальді білдектер болып, айналмалы үстелінің болуына немесе болмауына байланысты қарапайым және әмбебап болып ажыратылады.

7.3.1.1 Горизонталь жонғылайтын консольді білдек (23 суреті).

Мұндай білдектер жекеше және сериялы өндіріс цехтарында, сонымен қатар жөндеу цехтарында қолданылады. Білдектің тұғырындағы 10 вертикаль бағытауыштың бойымен көлденең жылжымаға арналған бағыттауышы 8 бар консоль 9 жүре алады. Білдектің айналмалы бөлігі 7 көлденең жылжымаларға бекітіліп өңделетін дайындамалар өздігінен немесе айлабұйымдар арқылы бекітілген үстелді 6 көтереді.

Сонымен, дайындамалар вертикальді (консольмен бірге), айналдырықтың өсіне параллель (жылжымасы көлденең болса) горизонтальді жылжиды және дайындаманың бекітілуі нөлде болып үстел білдектің бұрылмалы бөлігіндегі бағыттауыш бойынша қозғалса айналдырықтың осіне перпендикуляр горизонтальді жылжиды. Бұрама бунақтарды жонғылау үшін айналмалы бөлігін ±450 дейінгі бұрышта орналастырады, сонда үстел айналдырықтың өсіне көлбеулі жылжиды. Жонғыш 3 бір ұшы білдектің 1 айналдырығына бекітілген, ал екінші ұшы тұмсықта 5 орнатылған сырғамен 4 ұстатылған центрлік құралбілікте бекітіледі. Басқа жағдайларда жонғыштар шеттік қысқа құралбіліктерде немесе қысқыстарда бекітіледі, ал бүйірлік ірі жонғыштар білдектердің айналдырығына тікелей бекітіледі. Айналдырықтарға айналу қозғалысы білдектің тұғырында орналасқан электрқозғалғыштардан жылдамдық қорабы арқылы беріледі.



1 – айналдырық; 2 – құралбілік; 3 – жонғыш; 4 – сырға; 5 – тұмсық; 6 – көлденең үстел; 7 – айналмалы бөлігі; 8 – бойлай бағыттауыштар; 9 – консоль; 10 – табандық тұғыр.

23- сурет. Горизонталь жонғылайтын консольді білдек.


Беріс қозғалысы консольде орналасқан бөлек электрқозғалғышынан беріс қорабы арқылы беріледі. Жонғылау білдектерінің жылдамдық қорабы мен беріс қораптарының құрылысы жону білдектеріндегі осы механизмдердің құрылысына ұқсас.

7.3.1.2 Вертикаль жонғылайтын консольді білдек (24 сурет).

Мұндай білдектер көбінесе жазықтықтарды түпбетті жонғыштармен және пішіні әртүрлі ойықтарды шеттік жонғыштармен жонғылау үшін қолданылады.

24 сурет- Вертикаль жонғылайтын консольді білдек

Вертикаль жонғылайтын білдектердің горизонталь жонғылайтын білдектерден айырмашылығы айналдырықтың өсі жоңғыш бастиектің ішінде орналасады және тұмсығы болмайды. Кейбір білдектердің жонғыш бастиегі вертикаль жазықтығында айналуы мүмкін.

7.3.1.3 Бойлай жонғылайтын білдек (25 сурет).

Көпорынды айлабұйымдар пайдаланылатын ірі және үлкен емес дайындамаларды өңдеу үшін бойлай жонғылайтын білдек қолданылады. Тұғырдың 1 бағыттауыштарының бойымен дайындамалар бекітілген үстел 2 жүріп отырады. Айналдырық басшасы 3 тіреуішке 4 және маңдайшаға 5 орнатылған, бұлар бөлек электрқозғалтқышы мен жылдамдық қорабына қосылып жеке агрегат түзілімі ретінде қаралады. Айналдырықтардың өсьтік орнатуындағы ауытқуы 100-200мм. Осы білдектегідей үш айналдырық басшасынан басқа бір, екі, төрт басшасы бар білдектер де болады. Барлық айналдырық басшалары беріс қозғалысын беріс механизмі жетегі арқылы бір ғана электрқозғалғышынан алады. Білдектің үстелінің жетегі үшін әртүрлі жылдамдықтармен қайтымды- ілгерілемелі қозғалысын қамтамасыз ететін жеке электрқозғалғышы мен механизмі бар.


1 – тұғырдағы бағыттауыштар; 2 – үстел; 3 – айналдырық басшасы; 4 – тіреуіш; 5 – маңдайша.

25- сурет. Бойлай жонғылайтын білдек
7.3.1.4 Көшіргіш жонғылайтын білдектер.

Әртүрлі фасонды қуыстар мен сырт беттерді, мысалы баспаққалып, темірқорам, қалып, құймалық металл қалыптарын дайындау үшін көшіргіш жонғылайтын білдектер қолданылады. Фасонды қарам (контур) түзілуі үшін сандық бағдарламамен басқарылатын білдектердің немесе механикалық, электрмеханикалық немесе гидравликалық жүйедегі білдектердің бойлай, көлденең, вертикальді берістері сәйкес қозғалуы керек. Электрмеханикалық жүйедегі білдектің жұмыс атқару схемасы 26 суретте көрсетілген.




1 – модельді бекітетін айлабұйым; 2 – көшіргіш құрал (копир); 3 –тұғыр; 4 – айналдырық түзілімі; 5 – табандық тұғыр; 6 – үстел; 7 – жонғыш; А – модель (копир); В – дайындама.

26 – сурет. Электрмеханикалық жүйедегі білдектің жұмыс атқару схемасы.


7.3.2 Жонғылау, жонғыштар және қосымша құрал-саймандар

Жонғылау кесіп өңдеудің көп тараған және жоғары өнімдік тәсілдерінің қатарына жатады, онымен тетіктердің жазық немесе пішінді (фасонды) тегіс, бұдырлы беттерін, ойықтар мен әртүрлі бунақтарды алуға болады.

Қолдануы бойынша жонғыштар келесідей ажыратылады:

а) жазықтықтарды өңдеуге арналған - цилиндрлік және жақтаулы;

б) ойықтар мен оймакілтектерді шығару үшін - дискілі, шеткі, ойықты, бір бұрышты, қос бұрышты, Т-тәрізді;

в) фасонды беттерді алуға арналған - фасонды, модульді, бұрамдық;

г) металдарды кесуге арналған - кесетін (дөңгелек аралар) болып бөлінеді.

Цилиндрлік жонғыштар (28, а суреттер) жазықтықтарды горизонталь жонғылайтын білдектерде өңдеу үшін қолданылады. Бұрама тістері бар жонғыштар бір қалыпты жұмыс істейді, өйткені тістер дайындамаға біртіндеп кіреді. Жонғыштың әрбір тісінің кескіш элементі басқа да кескіш құрал сияқты металға біртіндеп кіре отырып, жоңқаны сындырады. Цилиндрлі жонғылау кезінде беріс қозғалысы жонғыштардың айналуына қарсы (беріске қарсы, қарама-қарсы жонғылау –27,а сурет) немесе жонғыштың айналуы бойынша (беріс бойынша, қуалай жонғылау 27,б сурет) бағытталуы мүмкін.



27- сурет.Цилиндрлік жонғылау кезіндегі беріс қозғалысының схемасы.


28 - сурет. Жонғыштар.
Түпбетті жақтаулы жонғыштарды вертикаль бойлай жонғылайтын және басқа білдектерде жазықтықтарды өңдеу үшін қолданады. Бұл жонғыштардың кескіш жиектері шет жағынын да, сондай-ақ жонғыштың жақтау жағынан да орналасқан. Түпбетті саптамалы жонғыштарды тұтас (28,б сурет) немесе алмалы-салмалы пышақтарымен (28,в сурет) жасайды.

28,г суретте тегершігі бар түпбетті саптамалы жонғыш келтірілген. Осындай жонғыштарды жылдам жонғылау үшін қолданады. Жұмыстың бір қалыпты жүруі үшін, пышақтардың төзімділігін арттыру және өңделген беттің сапасын жақсарту үшін тегершіктерді қолданады, оларды білдектің айналдырығының төменгі ұшына немесе жонғыштың корпусына бекітеді.



Қиып-кескіш (оймакілтекті), дисклі және саусақты жонғыштарды (28, д, е, ж суреттері) түзу сызықты ойықтарды және оймакілтектерді алу үшін қолданады. Қиып-кескіш жонғыштардың кескіш жиектері тек цилиндр құрушының бойымен ғана болады. Дисклі жонғыштарды цилиндр құрушының бойындағы және шет жақтарында кескіш жиектерімен үш жақты етіп жасайды. Саусақты жонғыштардың кескіш жиектері шет жақтарында және құрушысында болады.

Бір бұрышты және қос бұрышты жонғыштармен (28, з, и сурет) кескіш аспаптардың (жонғыштардың, үңгілердің, ұңғылағыштардың ) және кейбір бөлшектердің бұрыштық профильдерінің бунақтарын жонғылайды. Т- тәрізді жонғыштарды (28, к сурет) негізінен металл өңдейтін білдектердің үстелдерінде сәйкес ойықтарды алу үшін пайдаланады. 28,л суретте фасонды жонғыштар келтірілген.

Модульді дискілі (28,м суреті) және модульді саусақты (28,н суреті) жонғыштармен тісті доңғалақтардың тістерін қияды. Әрбір жонғыш тек берілген модульдің тістерін ғана және тістер санының анықталған біраралығының тісті доңғалақтарын ғана алуға жарайды, мысалы, 17-ден 20-ға дейін, 21-ден 25-ке дейін және т.б. (теория жүзінде әрбір модульді жонғыш, тістердің белгілі бір саны бар тісті доңғалақты қиюға ғана жарайды); сондықтан модульді жонғыштарды 8 немесе 15данадан жинақтап дайындайды. Модульді жонғыштарды қайта қайрауды (әрбір фасонды жонғыш сияқты) тек алдыңғы беті бойынша ғана орындайды.

Бұрамдық жонғыштарды (28,о суреті) тіс жонғылау білдектерінде тісті доңғалақтарды қию үшін қолданады. Бұрамдық жонғыштардың трапеция пішіндес тістері болады. Бұрамдық жонғышпен доңғалақтардың тістерін қию домалату әдісімен жүргізіледі, сонымен қатар осындай жағдайларда модульді жонғышпен қиюмен салыстырғанда дәлдігі анағұрлым жоғары болады.

74, а суретте ұзын құралбіліктегі 3 цилиндрлі жонғышты 4 бекіту схемасы келтірілген. Жонғыштың құралбіліктегі орны, сомындармен қысылатын қондырма балдақтармен 6 орнықтырылады; бұрау моменті құралбіліктен жонғышқа кілтекті қосылыс арқылы беріледі. Айналдырықтың 2 конусты тесігінің беті 7 (конустығы 7/24) қондырмалы орын болып табылады және осында құралбілік сүмбімен 1 тартып қосылады. Жақтауды жоңғылайтын ірі жонғыштар 9 (29,б сурет) тікелей білдектің айналдырығында орнатылады, бұл жерде оның белдемесінің цилиндрлік беті 8 қондырмалы орын болып табылады. Бұрау моменті айналдырықтың жақтау жағындағы ұяларда бұралған жетектемелер 10 арқылы айналдырықтан жонғышқа беріледі.

29 - сурет. Түпбетті жонғыштар
Кішігірім сипаттамалы түпбетті жонғыштар 14 (29,в сурет) шеттік құралбіліктерге 12 бекітіледі. Цилиндрлі сағасы бар кіші жонғыштар 16 (28,г сурет) құралбілікте орнатылатын қысқыға 15 бекітіледі. Барлық құралбіліктердің, айналдырықтан бұраушы моментті оларға беретін, жетектемелерге арналған ойықтары 13 болады.
7.3.3 Жонғылау кезіндегі кесу режімінің элементтері

Жонғылау кезіндегі кесу режімі басқа тәсілдермен өңдеу сияқты кесу жылдамдығымен, беріспен, кесу тереңдігімен, сонымен қатар жонғылау енімен сипатталады.

Жонғылау кезіндегі кесу жылдамдығы деп жонғыштың өсінен кесу жүзінің ең үлкен қашықтықтағы нүктесінің айналу жылдамдығы аталады:
, (18)
мұнда V – кесу жылдамдығы, м/мин;

D – жонғыштың диаметрі, мм;

n – айналдырықтың айналу жиілігі, мин -1;

1000 – метрге айналдыру коэффициенті.

Кесу тереңдігі t деп жонғыштың бір өтпедегі жонып түсіретін металл қалыңдығы аталады. Әдетте кесу тереңдігі 5 мм-ден аспау керек. Беріс деп өңделетін тетіктің жонғыштың айналуына қарай қозғалуы аталады. Берісті үш өлшеммен ажыратады:



  • жонғыштың бір тісіне беріс , мм/зуб;

  • жонғыштың бір айналымына беріс , мм/об,


, (19)
мұнда - жонғыштың тістерінің саны;

бір минуттегі беріс (минуттік беріс) , мм/мин,
мм/мин. (20)
Жонғылау ені В – жонғыштың бір өтпедегі жонып түсіретін металдың ені, ол жоңғылау түріне қарай қалыптасады. Мысалы, дискілі және модульді жонғыштар үшін жонғылау ені В жонғылайтын дискінің қалыңдығына тең келеді.

Әрбір білдектің (электрқозғалтқышының қуатына қарай) тағайындалған режімді атқару қабілетін тексеру үшін оның кесу қуатын төменгі формула бойынша есептеп шығарады:


, (21)
мұнда Ne – кесу қуаты, кВт;

РZ – кесу күшінің бас құраушысы – айналым күші, Н;

V – кесу жылдамдығы, м/мин.

Кесу процесіне жұмсалатын уақытты, демек негізгі (машиналық) уақытты келесі формуламен анықтайды:


, (22)
мұнда Тонегізгі уақыт, мин;

L - Жонғылау кезіндегі тетіктің жүрген жолы, мм;

Sм – минуттік беріс, мм/мин.

Өз кезегінде




(23)
мұнда - өңделген беттің беріс бағытындағы өлшемі, мм;

У1 – кірекесу шамасы (демек, жонғыш кесер алдында дайындамадан біраз қашықтықта болу керек), мм;

У2 – жонғыштың өңдеу аумағынан шығу шамасы, мм.
, (24)
мұнда Тшт – бір данаға жұмсалатын уақыт, мин.;

То – негізгі уақыт, мин.;

Тв – қосымша уақыт (тетікті орнату және алу, білдекті басқару, өлшемдер жүргізу ж.б.), мин.;

Тобсл. – жұмыс орны мен білдекті күтіп ұстау, мин.;

Тотд. – демалуға үзіліс уақыты, мин.

То есептеліп анықталады, ал бір данаға жұмсалатын қалған уақыттар машинажасау технологтарына арналған арнаулы нормалық анықтамалардан алынады.

Кесу жылдамдығы келесі формула бойынша анықталады:


(25)

мұнда CV – өңделетін материалдарға, жонғыштың типіне және басқа өңдеу шарттарына қарай алынатын коэффициент;



D – жонғыштың диаметрі, мм;

Т – жонғыштың төзімділігі, мин. (орташа шарттағы Т шамасы үшін 120 мин алуға болады);

t – кесу тереңдігі, мм;

Sz – жонғыштың бір тісіне берістік, мм;

Z – жонғыш тістерінің саны;

В – жонғылау ені, мм;

К – әрбір жеке шарттарға байланысты алынатын жалпы түзету коэффициенті;

д, т, х, у, р, и – анықтамалардағы сәйкес кестелер бойынша алынатын дәреже көрсеткіштері.

7.4 Жұмыс реті





  • жонғылау тобындағы білдектерді оқу;

  • горизонтальді-жонғылау білдегінің құрылысын кеңінен оқу, қозғалыс түрлері, негізгі операциялар;

  • жонғыштар типтері, олардың құрылымы;

  • жонғылау білдегіне арналған айлабұйымдармен танысу;

  • жұмысқа есеп беру;

  • есепті ауызша қорғау.


7.5 Есеп беру мазмұны





  • аты;




  • мақсаты;




  • теориясынан қысқаша үзінді;




  • білдектің бір типінің эскизі мен сипаттамасы;




  • айлабұйымның біреуінің эскизі мен сипаттамасы;




  • екі-үш жонғыштың эскизі мен сипаттамасы;




  • қорытынды.

7.6 Өзіндік дайындыққа сұрақтар





  • жонғылау білдегінің әрбір түрінің принципиальді ерекшеліктері;




  • жонғыштың типтері, олардың қолданылуы;




  • жонғылаудың негізгі параметрлерін есептеу тәсілі;




  • жонғылау білдектеріне арналған жабдықтар.

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі
1 Технология конструкционных материалов. Учебник для машиностр. спец. вузов./Под ред. А.М.Дальского – М.: Машиностроение, 1990.- 448 с.

2 Казаков Н.Ф. и др. Технология металлов и других конструкционных

материалов. - М.: Машиностроение, 1990.-688с

3 Кнорозов Б.В и др. Технология металлов и материаловедение. - М.:

Металлургия, 1987.- 800с

4 Никифоров В.М. Технология металлов и других конструкционных

материалов. -Санкт- Петербург: Политехника, 2003г.-383с.

5 Технология металлов и сварка./Под ред. П.И.Полухина - М.: Высшая

школа, 1987.- 800с.

6 Самыратов С.Т. , Темір-Алина Н.М., Тұрысбекова Б.Т. Құрылымдық

материалдар технологиясы.-Алматы, 2005.-258б.
Қосымша
7 Справочник металлиста./ Под редакцией А.Г. Рахштадта – М.:

Машиностроение, т.2,т3.

8 Орысша - қазақша сөздік. -1,2 т. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев. – Алматы, 1978, 1 т. -575 б., 2 т. – 588 б.

9 Казахско-русский - русско-казахский терминологический словарь. Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во Рауан.- Алматы, 2000.

10 Анықтама сөздігі / Құраст. М.Қасымбеков т.б. – Алматы: Қазақстан, 1992. 134 б.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУДА КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ


А

Айналдырық басшасы - бабка шпиндельная

Аунақшалық - роликовый

Атанақ - барабан


Б

Бағыттауыш - направляющая

Балқытпалап пісіру - сварка оплавлением

Балқытып қаптастырылған - наплавка

Баспаққалып - прессформа

Бастиек - головка

Белдеме - буртик

Белдеуше - поясок

Білдектің айналмалы үстелі - планшайба станка

Білік - вал

Білік төсемі - поддерживающий вал

Бір ізбен - последовательно

Бойына, бойлық, ұзына бойына - продольный

Бунақ - канавка

Бунақ жону - подрезание канавок

Бунақтап кескіш - резец канавный

Бұдырлы - рельефный

Бұрама - винт

Бұрамдық - червяк

Бұранда - резьба

Бұрандама - болт

Бұрандакескіш - плашка

Бұранда кесетін - резьбонарезной

Бұрандаойғыш - метчик

Бұрамакескіш - винторезный

Бұрыштық қысқыш түтік - угольник трубный

Буын - звено
Д

Далдаша - перемычка

Дөңгелектеу - закругление

Дөңгелек аралар - круглые пилы


Ж

Жанасу - соприкосновение

Жетек - привод

Жетектемелер - поводки

Жетекті қысқыс - паводковый патрон

Жинақтау - монтаж

Жолақ - полоса

Жолақша - полоска

Жұдырықша - кулачок

Жылжыма - салазки


К

Келте құбыр - патрубок

Кесінді, кесіп алу - отрезка, отрезание

Кеулей жону - расточка (растачивание)

Күйік - огарок

Күймеше - каретка

Кірекесу - врезание
Қ

Қайырылған - отогнутый

Қалып - штамп

Қамытша - хомутик

Қаралтым - черновой

Қарам - контур

Қиғыш кескіш - отрезной резец

Қимаүлгі - шаблон

Қозғалтқыш білікше - ходовой винт

Қосылыс - соединение

Қуыс - полость

Құралбілік - оправка

Құралкүймешік - суппорт

Қысқыс - патрон

Қысқұрылғы - планшайба шпинделя
М

Маңдайша - поперечина

Мойынтірек - подшипник

Мөлшерленген - калиброванный

О

Оймакілтек - шлиц



Ойық - паз

Отырғызу - осадка


Ө

Өкшелік - подпятник

Өтпелі тесік - сквозное отверстие

Өтпелі кескіш - проходной резец

С

Саға - хвостик



Сомын - гайка

Сұлбалы - фасонный

Сүйеуіш - люнет

Сүйеутөлке - пиноль

Сүйір - клин

Сүйір бұрыш - острый угол

Сүмбі - шомпол

Сынама - проба


Т

Табақ, қаңылтыр - лист

Тегершік - маховик

Тілімдейтін , тіліктеу - подрезка, подрезание

Тілімше - пластина

Тіреуіш - стойка

Тістегеріш - шестерня

Төлке - втулка

Төрткілдеш - рейка

Тұйық тесік - глухое отверстие

Тұмсық - хобот

Тұрқы - корпус

Тұтқа, қолсап - рукоятка

Түзілім - узел

Түйіс , жік - стык, шов

Түйістіре пісіру - контактная сварка

Түйістіріп пісіру - стыковая сварка

Түпбетті жонғыш - торцевая фреза


Ұ

Ұстатқыш - прихват, қыстық

Ұштастырып пісіру - шовная сварка

Ұңғылағыш - развертка

Ұяқалып - матрица
Ү

Үңгі - зенкер


Ш

Шалыстық - коробление

Шашырама - грат, разброс

Шан - бак



Шеттік құралбілік - концевые оправки



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет