ҚҰрылымдық материалдар технологиясы



бет3/8
Дата16.06.2016
өлшемі2.34 Mb.
#138484
1   2   3   4   5   6   7   8

1.4 Жұмыс реті





  1. Тапсырма және қажетті материалдар алу.

2) Диаграма бойынша немесе кесте арқылы металдың ликвидус (балқу) температурасын анықтау.

3) Металды пеште ликвидус температурасынан 30, 80, 1300С –тан жоғары температурада балқыту.

4) Спиральді сынама қораманы жазық жерге тегістігін қадағалап қойып, құйғыш құралды бірге дайындау.

5) Дайындалған металды қорамаға белгіленген асыра қыздырылған температуралармен құю. Ауытқуы 100С –тан аспау керек.

6) Әрбір температурадағы құю 3 рет қайталанады.

7) Металл суығанан кейін сынаманы қорамадан шығарып алып спиральдің ұзындығын 1мм дәлдікпен өлшеу (шығыңқылардың саны бойынша немесе сызғышпен).

8) Егер құю шарты бірдей жағдайда қайталанып алынған спиральдардың ұзындықтарының айырмашылығы 15% болса тәжірибені қайталу керек.

1.5 Қорытынды нәтижесі

Тәжірибенің нәтижесін 1 кестеге толтыру керек.


1 кесте


Қорытпаның құрамы

Температура, 0С

Сұйықтайаққыштық мм


ликвидус

Ликвидустан жоғары қыздыру

Құйылатынметалдың температурасы

әрбір

тәжірибенікі



Орташа сан







30
















80
















130









Үш қайтара жасалған тәжірибе бойынша әрбір температура кезіндегі сұйықтай аққыштықтың орташа санын анықтау керек. Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытпаның сұйықтай аққыштығының құю температурасына байланысты екенін көрсететін график тұрғызу керек.


1.6 Есеп беру мазмұны





  1. Теориялық негізгі түсініктер, терминдері.

  2. Эскизбен толықтырылған анықтау әдістері (1 сурет).

  3. Кесте.

  4. График.

  5. Қорытындысы.



1.7 Өзіндік тексеруге сұрақтар





  1. Қолданылатын жабдықтардың сипаттамалары.

  2. Температураны өлшеу тәсілдері.

  3. Сұйықтай аққыштық пен қорама толтырғыштық түсініктері

  4. Сұйықтай аққыштық пен қорама толтырғыштықты анықтау тәсілдері

  5. Сұйықтай аққыштық пен қорама толтырғыштықты көтеру тәсілдері

2 МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ ҚҰЙЫЛУ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ (ШӨГУ)
№ 2 Зертханалық жұмыс

2.1 Жұмыстың мақсаты





  • шөгу – физикалық процесін оқу;

  • шөгуді анықтау әдістерімен танысу;

  • экспериментті тәжире жүзінде атқару;



2.2 Жабдықтар, айлабұйымдар мен құралдар





  • металл балқытатын пеш;

  • термо-ЭҚК-ті өлшейтін потенциометр;

  • хромель-алюмельді термопара;

  • балқытуға және құюға арналған ыдыстар;

  • штангенциркуль;

  • арнайы киім;

  • қорытпаның сызықтық шөгуін өлшейтін құрал.



2.3 Теориялық мәліметтер


Қату және салқындау кезінде металл көлемінің және сызықтық өлшемінің кему қасиеті шөгу деп аталады. Шөгу көлемдік және сызықтық шөгу болып ажыратылады. Әрқайсысының өлшем бірлігі көлемдік (м3) бірлікте немесе ұзындық (м) бірлікте өлшенсе абсолютті болады немесе пайызбен өлшеніп салыстырмалы шамада болуы мүмкін

Құйманың көлемдік шөгуі деп қораманың қуыстарының көлемі Vф мен құйманың көлемі Vотл арасындағы айырмашылығы аталады. Құйма толығымен суығаннан кейін (200С дейін):


, м3 (1)
, % (2)
Көлемдік шөгу құйманың соңғы кезекте қататын жерлердегі шөгіндік қаяулардан немесе шөгінді кеуектіліктен пайда болады. Қорытпаның көлемдік шөгуі неғұрлым үлкен болса, құймадағы шөгіндік қаяулардың мөлшері соғұрлым үлкен болады.

Құйманың сызықтық шөгуі деп қораманың сұйық металмен толған қуыстарының сызықтық өлшемдері Lф мен құйманың өлшемдерінің Lотл арасындағы айырмашылығы аталады. Құйма толығымен суығаннан кейін (200С дейін):



, м (3)
, % (4)
Модельдерді, құю жүйелерін, өзек жәшіктерін, құйманың өзін құрылымдау кезінде және оның алу технологиясын дайындауда қорытпаның шөгу қасиеті міндетті түрде есепке алынады.

Сызықтық шөгу шамасын арнаулы формулалармен есептеуге болады, бірақ ол үшін ескерілетін жағдайларды толық қамту мүмкін емес. Сол себепті қорытпалардың сызықтық шөгуін экспериментті түрде арнайы құйылған үлгілермен анықтайды.

Қорытпаның сызықтық шөгу шамасы түзу қайрақша немесе шыбық пішінді үлгілер арқылы анықталады. Алдымен қораманың сызықтық өлшемін (Lф) табады, немесе қимаүлгімен дәлдеп қояды. Сонан соң қорамаға ерітінді құйылады. Шөгу шамасын толығымен суыған құйманың ұзындығын (Lотл.) өлшеу арқылы немесе құйманың түбіндегі өлшем нүктесінің кристалдану процесінде және толық суыған кезіндегі орын ауыстыруын өлшеумен анықтайды.

Қорытпаның сызықтық шөгуімен құйманың сызықтық шөгуін ажырата білу керек.

Жалпы жағдайларда қораманың өзі мен өзектері, ішкі және сыртқы шығыңқыларға, қабырғаларға құйманың үйкелу салдарынан, құйманың өлшемінің кішірейуіне мүмкіндік бермейді.

Құйманың әрбір бөлігінің сызықтық шөгуі бірдей емес. Фасонды құймалардың сызықтық шөгуі қорытпалардың сызықтық шөгуінен төмен, ал кесек құймалардың сызықтық шөгуі қорытпалардың сызықтық шөгуіне тең. Шөгу құбылысы құймаларда әртүрлі ақаулар: шалыстық, сызықтық өлшемдердің сәйкес еместігін, шөгу қуыстарын, шөгу кеуектілігін, ыстық жарықшаларды, салқын жарықшаларды тудыруы мүмкін.

Суретте абсолютті сызықтық шөгуді анықтайтын аспап берілген. Үлгі 1 құятын қорама аралас: қораманың 2 және 3 шеткі бөліктері металдан, ал 4 ортаңғы бөлігі қорамалық (құмды) қоспа. Қозғалмайтын 2 металл бөлігі аспаптың корпусымен қосылған. Қозғалып тұратын 3 металл бөлігі 6 сағат типті индикатордың 5 өлшеуіш аяғымен қосылған.

Металдық бөлігіндегі α жақтау шұңқырлары құйылған үлгінің тұрақты бекітілуін және қозғалатын бөлігінің шөгу кезіндегі орын ауыстыруын, ал қораманың құймалық бөлігі осындай орын ауыстыруға кедергі болмауын қамтамасыз етеді. Орын ауыстыру шамасын (шөгуін) сағат типті индикатор көрсетеді.

Үлгі қораманың ұзындығы тұрақты және 200мм тең. Осы өлшем қораманы дайындау кезінде және индикаторды орнатуда арнаулы қимаүлгімен қойылады.

3- сурет. Абсолютті сызықтық шөгуді анықтауға арналған аспап.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет