Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының



бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі1.12 Mb.
#141820
  1   2   3




Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы «28» сәуiрi

№ 167 бұйрығымен бекітілген



Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі коммерциялық

есептеу құралдарын тандау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

1. Қолданылу саласы

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне суды коммерциялық есептеу құралдарын тандау, монтаждау және пайдалану жөніндегі осы әдістемелік нұсқаулар (әрі қарай – Әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және ол сумен жабдықтау және су бұру саласында, метрологиялық бақылау мен техникалық реттеу саласын бақылауда мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, жеке тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен (әрі қарай –тұтынушылармен) орындалуға міндетті:

- сумен жабдықтау көздерінен су жинауды, суқұбырларының тазалау құрылғыларына су беруді, сумен жабдықтау мен су бұру кәсіпорындарының өз қажеттіліктеріне су тұтынуды, тұтынушыларға ауызсу мен техникалық суды беруді, тасымалдауды, таратуды жүзеге асырушы;

- суды есептеу түйіндерінде жобалық, сараптаулық (мемлекеттік сараптау), монтаждық, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырушылар;

- өлшеулік-ақпараттық жүйелерінің, суды есептеу түйіндерінің құрамына енетін жабдықтарды, сондай-ақ оларды өлшеу құралдарын шығарушы.

Осы нормативтік-техникалық құжаттың суды есептеу бөлігіндегі негізі болып «Толық жүктемедегі жабық суқұбырларында су шығындарын өлшеу. Суық ауыз су мен ыстық судың есептегіштері. 1-бөлім. Техникалық талаптар» ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 және «Толық жүктемедегі жабық суқұбырларында су шығындарын өлшеу. Суық ауыз су мен ыстық судың есептегіштері. 2-бөлім. Орнатуға қойылатын талаптар» ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 талаптары мен ұсыныстары табылады.. Сонымен қатар, осы Әдістемелік нұсқауларда «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұтынылған судың айлық көлеміне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне дифференцирленген тарифтерді қолдану ескерілген. Ол бойынша өлшеулік-ақпараттық жүйелеріне көрсеткіштерді дистанциялық тұрғыдан беру мүмкіндігі бар суды есептеу құралдарын ендіру талап етіледі.

Осы Әдістемелік нұсқаулардың талаптары елді мекендерден тысқары орналасқан сумен жабдықтау жүйелерінде суды есептеуді ұйымдастыруға қолданылмайды. Осыған байланысты Әдістемелік нұсқауларда сумен жабдықтаудың өз бетінше ағатын (қарқынсыз) құбырлары мен ашық арналарында суды есептеуді ұйымдастыру сипатталмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының су бұру жүйелерінде шығындарды есептеулердің, техникалық талаптардың және сәйкес есептегіштерді орнатудың талаптарының мемлекеттік стандарты жоқ. Шетел мемлекеттерінің стандарттау саласындағы құжаттарына негізделген есептеу құралдарына қойылатын техникалық талаптарын Қызмет көрсетушімен анықтау барысында Қызмет көрсетушінің Қазақстан Республикасының тиісті ережелерімен белгіленген ҚР СТ 1.9-2007 сәйкес қажетті құжаттарды есептік тіркеуін жүргізуі міндетті. Осыған байланысты Әдістемелік нұсқауларда су бұру жүйелерінде суды есептеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар көбіне анықтамалық түрде берілген.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қызмет көрсетушіге Тұтынушылардың орындаулары міндетті техникалық талаптарды белгілеу құқығы беріледі. Осы Әдістемелік нұсқаулар Қызмет көрсетушілерге сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есептеуді ұйымдастыруда талаптарды анықтау бойынша көмек ретінде жасалынған.



2. Терминдер мен анықтамалар
Есептеу түйіні – суды есептеуді, сондай-ақ оның параметрлерін бақылау мен тіркеуді қамтамасыз ететін құралдар мен жабдықтар жинағы.

Есептеу түйінін пайдалануға рұқсат бері – суды есептеу түйінінің пайдалануға дайын екендігін анықтаушы және белгіленген үлгідегі Актіге қол қоюмен аяқталатын процедура.

Қазақстан Республикасының Мемстандарты – техникалық реттеу және өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитеті).

Қызмет көрсету компаниясы ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты емес, есептеу құралдарын дайындаушының лицензиясына және аккредитациясына ие, есептеу құралдарын орнатушы, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсетуші ұйым.

Қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау және су бұрудың толық технологиялық процессін жүзеге асырушы, Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін іске қосушы, сондай-ақ Тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайына техникалық қадағалау жүргізетін, елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реттеуші және бақылаушы сушаруашылық ұйым (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорыны).

Өлшеулік-ақпараттық жүйе (әрі қарай - ӨАЖ) – су параметрлерін өлшеуге, судың көлемі мен шығынын анықтауға, есептеу құралдарынан Қызмет көрсетушінің диспетчерлік пунктеріне ақпараттарды беру мен сақтауды өңдеу техникалық құрылғыларын анықтауға арналған, құралдар (өлшеу құралдары) жинағы, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету.

Суесептегіш – жылжымалы қабырғалары бар көлемді камералар немесе турбинаның немесе крыльчатканың қозғалмалы элементтерінің айналу жылдамдығына әсер етуді қосатын механикалық қағидаға негізделген, ол арқылы өтетін судың көлемін үзіліссіз есептейтін жеке өлшеуіш құрал.

Техникалық тексеріс – олардың техникалық құжатарға, салыстыру туралы қолданыстағы сертификаттардың барлығына, есептеу құралдарында және АӨЖ құрылғыларында зақымданулардың жоқтығына қатысты пломбылардың тұтастығын тексеру үшін жасалынатын есептеу шиеліністерін және АӨЖ құрылғыларын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешені.

Тұрғын үйлік емес ғимараттар – меншік иелері болып мемлекеттік мекемелер, заңды тұлғалар табылатын ғимараттар (өндірістік, қоғамдық, әкімшілік және т.б.) мен үй-жайлар.

Тұрмыстық тұтынушы – сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұрмыстық мақсаттарда қолданатын жеке тұлға (пәтер иелері, сондай-ақ жеке құрылыс секторының тұрғын үй иелері).

Тұтынушы – өз меншігінде немесе заңмен негізделген басқа да негіздерде сәйкес елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне ие және Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін келісім-шартқа сәйкес пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға.

Шығынды есептеуші құрал, шығын өлшегіш – суқұбырында аққан судың сол мезетте шығынын өлшеуге арналған құрылғы.

Әдістемеде қолданылған басқа да терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.



3. Жалпы ережелер
3.1. Әдістемелік нұсқаулардың ережелері су жинау, су тазарту құрылғыларына, таратушы желілерге, суқұбырларын ендіруге, елді мекеннің су бұру жүйелерінде ластанған суларды ағызуларға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызметтеріне өзара қаржылық есептесу кезінде тұтынушылардың барлық нысандағы объектілеріне қолданылады.

3.2. Суды беру мен тұтынудың есептелуі және тіркелуі мынадай мақсатта ұйымдастырылады:

- Қызмет көрсетуші мен Тұтынушылардың арасында қаржылық есептесуді жүзеге асыру;

су көздерінен су алу, Тұтынушыларға берілген су көлемі туралы деректерді құжаттандыру;

- сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі судың есеп беру баланстарын құру мен анализдеу, судың коммерциялық шығынының деңгейін анықтау;

- суды тиімді пайдалануды бақылау;

- сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмысының гидравликалық режимдерін бақылау.

3.3. Тұтынушылардың пайдаланған су үшін Қызмет көрсетушілермен есептесуі тұтынушыларда орналастырылған және осы Әдістемелік нұсқаулардың талаптарын сәйкес коммерциялық есептегіш ретінде пайдалануға берілген суды есептеу түйіндері құралдарының көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.Судың көлемін есептеу үшін автономды құралдар да, АӨЖ бар жиынтықтағы құралдар да қолданыла алады.

3.4. Тұтынушылардың пайдаланған су үшін Қызмет көрсетушілермен есептесуі бойынша өзара міндеттері Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету жөніндегі келісім-шартпен, Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерімен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету көлемдерін есептеу Әдістемесімен (әрі қарай - Әдістеме) анықталады.

3.5. Суды есептеу түйіндерін жабдықтау мен пайдалану кезінде осы Әдістемелік нұсқауларды, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетекшілікке алу қажет.

3.6. Осы Әдістемелік нұсқаулар Қызмет көрсетушінің су жинаушы құрылғыларында және көтерілімді насостық станцияларындағы суды есептеу түйіндерімен қамсыздандырылуының деңгейін және Тұтынушының категориясына және суды тұтыну көлемінің келісімдік көлеміне байланысты тұтынушылардың суды есептеу түйіндерінің өлшеу құралдарымен және АӨЖ қамсыздандырылуының ең төменгі деңгейін белгілейді.

3.7. Осы Әдістемелік нұсқаулардың мәтінінде келесідей өлшем бірліктері қабылданған:

- қысымның – мПа;

- көлемнің – м3;

- шығынның – м3/сағ;

- уақыттың – сағ.

3.8. Жобалау, монтаждауды қоса алғанда есептеу шиеліністерін жабдықтау жұмыстары белгіленген тәртіпте жабдықталған осындай қызмет көрсетуге құқығы бар ұйымдармен ғана жүзеге асырылуы тиіс.

3.9. Осы Әдістемелік нұсқаулардың талаптары «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Әдістемелік нұсқауларды қолданысқа ендіргенге дейін іске қосылған есептеу шиеліністері құралдарына қолданылмайды.



4. Сумен жабдықтау құрылғыларында суды коммерциялық есептеулер
4.1.Жалпы ережелер
4.1.1. Есептеу түйіндері су жинау құрылғыларында «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 талаптарына сәйкес орналастырылады.

4.1.2. Шығынды өлшеуші құралдың типі және оның метрологиялық сипаттары қысымды жоғалтудың мүмкін деңгейін, шығынның болуы мүмкін көлемдерін, құрылғының нақты шарттарына келетіндігін ескере отырып анықталады.

4.1.3. Есептеу түйіндерін монтаждау ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009, ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 талаптарына және шығынды өлшеуші құралдың конструкциялық құжаттарының (әрі қарай - КҚ) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады..

4.1.4. Есептеу түйіндерінде келесідей параметрлері анықталады:

- шығынның ағымды маңызы, м3/сағ;

- шығынның әрбір тәуліктегі маңызы, м3/сут;

- құралдың жұмыс істеу уақыты, сағ (мин);

-штаттан тыс жағдайлардың болуы.



4.2. Ұңғымалық су жинаулардағы есептулерді ұйымдастыру
4.2.1. Ұңғымалық су жинаулардағы есептеу түйіндері электромагниттік (1-сур.) және ультрадыбыстық (2-сур.) өлшеуші құралдармен негізделеді. Есептеу түйіндерінің орналасу орыны монтаждаудың барлық талаптарын сақтай отырып, скважинаға жақын жерден таңдалынады.

4.2.2. Электромагниттік өлшеуші құралды (әрі қарай -ЭӨҚ) таңдау барысында қамтылады:

- өлшеуші құралдың тез тозудан қорғайтын орындалуы;

- ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 сәйкес өлшеуші құралдың ЭӨҚ дейінгі және 5 D (әрі қарай - D) кейінгі шартты өту жолының тікжелілі учаскесінің ұзындығы 10 диаметрден кем емес;

- тікжелілі учаскелерінде сұйықтық ағынының құрылымында өзгерістерді болдыратын құрылғылар мен элементтердің болмауы;

- сұйықтықтың қысымы газды болдырмауы қажет және суқұбырының толық түрде толтырылуын қамтамасыз етуі қажет.

4.2.3. Есептеу құралының орналасуы тігінен болады. Шығынды өлшеуші құралдың көлденеңнен орналастырылуына тек сұйықтықтың жоғарылайтын қысымда болғанында ғана жол беріледі.

4.2.4. Өтпелі Q2 максималды Q4 дейін интервалда шығынды өлшеуші құралдың жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі суқұбырына қатысты аз диаметрліге көшу қажет. 1-суретке сәйкес шығынды өлшеуші құралды орналастырудың сызбасы





1-сурет. Электромагниттік өлшеуші құралды орнатудың сызбасы:

1 – электромагниттік өлшеуші құрал; 2 – қолданыстағы суқұбыры; 3 – тікжелілі учаскелер.
4.2.5. Ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралды таңдау кезінде келесідей талаптар жетекшілікке алынады:

- шығынды өлшеуші құралдың құрамына кіретін өлшенетін учаскенің (әрі қарай – ӨУ) параметрлері Қазақстан Республикасының Мемстандарының өкілетті органының уәкілетті тұлғасымен қол қойылған аттестация хаттамасымен және монтаждаушы ұйыммен бекітіледі;

- ӨУ дейінгі және кейінгі тікжелілі учаскелердің ұзындығы шығынды өлшеуші құралдың КД талаптарына сәйкес жергілікті қарсылық типімен анықталады.

4.2.6. Жақын жерде орналасқан суқұбырлары тобындағы судың шығынын өлшеуде көпарналы шығын өлшеуші құралдар қолданылады. Орнату мысалы 2-суретте көрсетілген.





2-сурет. Ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралды орнатудың сызбасы:

1 – шығынды өлшеуші құралдың екінші блогы; 2 – шығынның бірінші қайтақұрушысы; 3 – разъем; 4 – байланыс кабелі; 5 – қуат алу кабелі; 6 – розетка; 7 – 220В, 12 В қуаттану желілік блогы.
4.3. Көтерілімдер мен су беру насостық станцияларында есептулерді ұйымдастыру
4.3.1. 1, 2, 3-көтерілімдер сораптық станцияларда және су беру станцияларында 4.1.4-тармақтың параметрлеріне қосымша түрде су сорғышты және қарқынды суқұбырларында артық қысымды бақылауды қамтамасыз ету қажет. артық қысымды өлшеудің жол берілетін нақты болмауының көрсеткіші нормаланбайды.

4.3.2. Сораптық станциялардың суқұбырларындағы судың қозғалу жылдамдығының мәні «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 1-кестесіне сәйкес қолданылады.


1-кесте


Суқұбырының диаметрі, мм

Судың қозғалу жылдамдығы, м/c

250 дейін

0,6 – 1,0

0,8 – 2

250 жоғары 500 дейін

0,8 – 1,5

1 – 3

800 жоғары

1,2 – 2

1,5 – 4

4.3.3. ± 2,0 % жоғары емес салыстырмалы артықшылықтарға жол берілетін және ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралды қолдана отырып, суды өлшеу қажеттілігі болғанда біршұғылалы шығынды өлшеуші құралды қолдану қажет. ± 1,0 жоғары емес салыстырмалы артықшылықтарға жол берілгенде – екішұғылалы.

4.3.4 Ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралдар базасында есептеу түйіндерін монтаждауға қойылатын талаптар 4.2.6, 4.2.7-тармақтарға сәйкес. Қажетті ұзындықтағы тікжелілі учаскелердің болмауы жағдайында тікжелілі учаскелердің ұзындығын 2 есеге қысқартуды қамтамасыз ететін судың ағуын түзетуші орнатылады.

4.3.5. Сыртқы электромагниттік алаңдардың әсерін жою үшін және механикалық қорғаныш үшін экрандалған арнайы прокладкалар қорғалмалы металл құбырларында жүзеге асырылады.



5. Су бұру жүйелерінің құрылғыларында коммерциялық есептеу
5.1 Жалпы талаптар
Су бұру нысандарында суды есептеу түйіндері ұйымдастырылады:

- Тұтынушы-заңды тұлғалармен елді мекеннің су бұру жүйесіне лас суларды құюы кезінде;

- су нысандарына тазартылған суларды құю кезінде;

- су бұру сорғы станцияларында;

- ағын сулардың тазартушы құрылғыларға құйылуы кезінде;

- сызды тұнбаларды және балдырлы алаңдарға артық балдырларды құю кезінде.

Осы Әдістемелік нұсқаулардың мәні болып алдыңғы екі жағдай табылады.

5.2. Қарқынды құбыр желілерінде есептеулерді ұйымдастыру
5.2.1. Кәріздік сорғы станцияларының (әрі қарай – КСС) қарқынды құбыр желілерінде суларды есептеу өлшенетін учаскені КСС ғимаратында ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралды көлденеңнен орналастыру базасында жүзеге асырылады.

5.2.2. Ультрадыбыстық шығынды өлшеуші құралды КСС аумағынан тыс жерлерде орналасуы жағдайында өлшенетін учаске «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009, ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 сәйкес қорғанысты камерада монтаждалады.

5.2.3. Кәріз құбыр желілерінде кері айналымның болуы жағдайында ӨУ кейін тіке желілі учаскелерге қойылатын талаптардың барлығын сақтай отырып, кері айналымды клапан орнатылады.

5.2.4. КСС жұмысының өзіндік сипатын (сорғы топтарының эпизодтық қосылуы) ескере отырып, есептеу түйіндерінде шығынды өлшеуші құралдың жұмысына қатаң бақылау жасалуы және штаттан тыс жағдайларды тіркейтін электрондық сағаттық мұрағаттардың болуы қажет.

5.2.5. Монтаждау талаптары 4.2 және 4.3-тармақтарына сәйкес.

5.3. Өз бетінше ағатын құбырлар желілері мен арналарда есептеулерді ұйымдастыру
5.3.1. Өз бетінше ағатын құбырлар желілері мен арналарда есептеу түйіндерін ұйымдастыру үшін мына шарттарды орындау қажет:

- сыртқы желі жағынан тіреудің болмауы;

- арналарда тыныштандырғыш құдықтардың және аттестацияланған су жіберудің болуы;

- шығынды өлшеуші құралдар орнатылған жерлерде құбырлар мен тыныштандырғыш құдықтарды тазалау.

5.3.2. Өз бетінше ағатын құбырлар желілері мен арналарда есептеу түйіндері акустикалық жүйеден (әрі қарай – АЖ) және сағаттық және тәуліктік мұрағаттарда өлшемдік ақпараттарды идентификациялау мен сақтауды қамтамасыз ететін екінші блоктан тұрады ( 3-сур.).

5.3.3. Нысанда шығынды өлшеуші құралды құру кезінде су шығару немесе құбырлардың параметрлеріне екінші блоктың бейімделуіне жүзеге асырылады.

5.3.4. Жабық типті өз бетінше ағатын құбырлардағы (қарқынсыз құбырлар) есептеу түйіндері камераларда немесе құдықтарда құрылады.

5.3.5. Шығынды өлшеуші құралды объектіде орналастыру үшін акустикалық жүйені орналастыруға керек ашық арналардың бос учаскесі болуы қажет. АЖ жауын-шашыннан, желден, күннен қорғау үшін қорғаныс конструкциясын орнатуды ескеру қажет. АС бекітілген конструкция берік болуы қажет, ол оны пайдалану барысында алғашқы орнатылған жағдайынан өзгермеуі қажет.

5.3.6 АС орнатылған жерде пайдалану режимдері қалқып жүрген қоқыстың, басқа да бөтен заттардың болмауын талап етеді. Акустикалық жүйенің дыбыс ішінде бөтен заттар болмауы тиіс.

5.3.7. 3-суретке шығынды өлшеуші құралды монтаждау мысалы.



3-сурет. Шығынды өлшеуші құралды орнатудың сызбасы

5.4. Тұтынушы - заңды тұлғалардың объектілерінде есептеулерді ұйымдастыру
Тұтынушы-заңды тұлғалармен елді мекеннің су бұру жүйесіне лас суларды құюын есептеу түйіндері 5.2 және 5.3 тармақтарға сәйкес жабық типті қарқынды және қарқынды емес құбырларда жабдықталады.

6. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелерінде коммерциялық есептеу
6.1. Жалпы талаптар
6.1.1. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі есептеу түйіндері қолданыстағы «Ғимараттардың ішкі су құбырлары мен кәрізі» ҚР ҚНжЕ, «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар» ҚР ҚНжЕ қарастырылған жерлерде жабдықталады.

6.1.2. Қызмет көрсетуші ғимараттар мен құрылғылардың құрылыстарын реконструкциялар, модернизациялауда және оларды жаңадан салу барысында техникалық тапсырмаға сумен жабдықтау жүйесіне қосылғанда ақпараттық-өлшемдік жүйелері бар есептеу түйіндерін орнату талаптарын қосады.

АӨЖ ендірудің шығындарын азайту мақсатында Қызмет көрсетушімен оның балансында бар барлық АӨЖ қажетті параметрлері көрсетіледі.

Сумен жабдықтау жүйесіне қосылуға өтініш білдіруші немесе қандай да болсын тұтынушы Қызмет көрсетушінің тізімінде көрсетілмеген жаңа АӨЖ орната алады. Жаңа АӨЖ параметрлері Әдістемелік нұсқаулардың 4-бөлімінің талаптарына сай болуы керек. Мұндай АӨЖ пайдалануға рұқсат оның жұмыс істеуін 3 айдан кем емес уақыт тексергеннен кейін жүзеге асырылуы қажет.

6.1.3. Барлық меншік түрлеріндегі тұрғын үй ғимараттарында тұрмыстық Тұтынушыларға арналған АӨЖ-ны, сонымен бірге есепке алу аспаптарынан (модулі) мәліметтерді беру бойынша техникалық құралдар орнату мен қосуды Қызмет көрсетуші өзінің қаражаттарынан немесе қарызға алынған құралдар есебінен жүзеге асырады. Бұл жағдайда Тұрмыстық Тұтынушылар өз бетімен немесе белгіленген тәртіпте Қызмет көрсетуші арқылы техникалық сипаттамасы бойынша Қызмет көрсетушінің АӨЖ-на сәйкес келетін тек жеке және жалпы үйлік есептеу құралдарын орнатуды қамтамасыз етеді. Мәліметтерді беруге қатысты мұндай есепке алу құралдарына қойылатын талаптар осы Әдістемелік нұсқаулардың 7.1.10- тармағында көрсетілген.

6.2. Тұрғын үйлерде есептеулерді ұйымдастыру
6.2.1. Жалпыүйлік және жеке есептеу түйіндерінде мыналар анықталу қажет:

- есептеу құралдарының жұмыс істеу уақыты;

- әрбір сағатта тұтынылған су көлемі;

- судың жоспарланбаған кері айналымы.

6.2.2. Тұрғын үйлерде суды есептеу нүктелерін және АӨЖ құралдарын орналастырудың принциптік сызбасы 4.1 және 4.2 суретте көрсетілген.

6.2.3. Жеке құрылыстар секторының бірпәтерлі тұрғын үйлерінде суды есептеу түйіндері жалпыүйлік есептеу түйіндерімен теңестіріледі.



6.3. Тұрғын емес үйлерде есептеулерді ұйымдастыру
6.3.1. Тұрғын емес үйлердің суды есептеу түйіндерінде мыналар анықталу қажет:

- есептеу құралдарының жұмыс істеу уақыты;

- әрбір сағатта тұтынылған су көлемі;

- судың жоспарланбаған кері айналымы.



6.3.2. Тұрғын емес үйлерде суды есептеу нүктелерін және АӨЖ құралдарын орналастырудың принциптік сызбасы 5-суретте көрсетілген.
























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет