Құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігерлік № келісім-шарт Талдықорған қаласы 06. 07. 2011ж. «Талдықорғанмемсараптама»



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі389.34 Kb.
  1   2

Құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігерлік

____ келісім-шарт


Талдықорған қаласы 06.07.2011ж.


«Талдықорғанмемсараптама» Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорыны (2009 жылғы 9 желтоксандағы №12048-1907-МК мемлекеттік куәлігі, 2006 жылғы 01 ақпандағы № 40612538 статистикалық карточкасы бойынша КҰЖК коды), Талдықорған қаласы әкімиятының 2006 жылғы 23 қаңтардағы №3-35 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде іс-әрекет жасайтын Тапсырыс беруші атынан ЕМК бастығы Б.Б.Шымбаев бір жақтан, және «с» ЖШС Жарғы негізінде (2009 жылғы 05 наурыздағы №12041-1907-ЖШС мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі, 2005 жылғы 24 тамыздағы №40604877 статистикалық карточка бойынша КҰЖК коды), іс-әрекет жасайтын директоры Г.А. , бұдан әрі Мердігер деп аталатын, екінші жақты тараптан, осы Келісім-шарт жасасты және төмендегідей келісімге келді:




1. Келісім-шарттың мәні
1.1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303–ІІІ-ҚРЗ, сонымен бірге (№87-IV 2008ж. 20.11. дейінгі өзгерістер мен толықтыруларға) және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 27 желтоқсанда бекіткен № 1301 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу Ережелері туралы» қаулысына, сонымен бірге (2008ж. 31.12. өзгертулер мен толықтыруларға), және 2011ж. 05.07. № 9 бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес Мердігер «Қаратал ш.а. Талдықорғанмемсараптама ЕМК-ның офистік ғимараттың құрылысы___» бойынша құрылыс–монтаж жұмыстарын орындауға міңдеттеме алады.

1.2. Тапсырыс беруші ««Қаратал ш.а. Талдықорғанмемсараптама ЕМК-ның офистік ғимараттың құрылысы___» жұмыстарын қабылдауға және ақысын төлеуге міндеттеме алады.

1.3. Бюджеттік бағдарламаның атауы:

1.4. 2011 жылғы 30 мамырдағы № 02-0279/11 «Мемсараптама» РМК Онтустік ф-лы қорытындысы.





  1. Келісім-шарттың бағасы мен сомасы

2.1. Негізгі Келісім-шарттың жалпы құны_173 235 810_ (_______) теңге. Аванс төлемі 30% 51 970 743_______ (_______) теңге көлемінде.


2.2. Қаржыландыру кестесі:


р/т

Күнтізбелік ай

Сомасы

1

сәуір



2

мамыр



3

Маусым 30 %



4

Шілде 10 %



5

Тамыз 10 %



6

Қыркүйек10 %



7

Қазан 10 %



8

Қараша 10 %



9

желтоқсан 15+5=20%



Барлығы келісім бойынша:




3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Тапсырыс беруші жұмыстардың орындалған көлемдері бойынша Ф-2 КС, Ф-3 КС актілер түрінде міндеттемелердің орындалу барысы туралы ұсынылған ақпаратты 3 күндік мерзімде қабылдайды немесе негізделген ескертпелер бойынша қайта өңдеуге қайтарады.

3.2. Тапсырыс беруші Мердігерге құрылыс жүргізуге бөлінген жер тілімін толығымен пайдалануға рұқсат береді. Егер құрылыс жүргізуге бөлінген жер телімі келісім шарттың Ерекше жағдайларында көрсетілген күні берілмесе және осы себепке байланысты жұмыстардың орындалуы кідірілсе, мұндай жағдайда Тапсырыс беруші осы жер тілімін берудің кідірілген мерзіміне жұмыстардың аяқталу мерзімін ұзартуы тиіс.

3.3. Тапсырыс беруші немесе оның өкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама дайындаған авторлар Келісім-шарт бойынша, жұмыс орындалып жатқан немесе орындалатын жер телімінің кез келген жеріне кіруге қашанда рұқсаты бар.

3.4. Тапсырыс беруші Мердігерге жобалау-сметалық құжаттаманың екі данасын, Келісім-шарт тіркелген күннен бастап 10 күн мерзімде өткізіп береді.

3.5. Мердігер осы Келісім-шартпен қарастырылған барлық жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

3.6. Мердігер қосалқы мердігерлік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің 2/3 аспайтын (келісім-шарт бағасынан) Келісім-шарттар жасай алады, бірақ Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаға Келісім-шартты бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы келісім-шарттың қағидаларын өзгертпейді.

3.7. Құрылысқа жалданған қосалқы мердігерлер болған кезде Мердігер олармен өз жұмыстарын үйлестіруі тиіс.

3.8. Мердігер негізгі лауазымдарға Біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Осы лауазымды адамдарды басқаларға ауыстырған кезде, Мердігер ауыстыруға Тапсырыс берушіден келісім алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі Біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлердің біліктілігімен бірдей немесе одан жоғары болуы тиіс.

3.9. Егер Тапсырыс беруші, бұл ретте себептерін көрсете отырып, Мердігерден Мердігер немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны нысандағы жұмыстарды орындаудан шеттетуді өтінсе, Мердігер 72 сағаттың ішінде құрылыс нысанынан осы тұлғаны шеттетіп тастауға міндетті, содан кейін бұл тұлға осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалуына ешқандай байланысы болмауы тиіс.

3.10. Келісім - шартты орындау барысында және оның салдарынан туындайтын зардаптарға байланысты Мердігер залалдарға немесе Тапсырыс берушінің мүлкіне, өз қызметкерлерінің жеке меншігі мен денсаулығына зиян келтірілуіне, сондай-ақ өз қызметкерлерінің қаза болуына, барлық қауып-қатер үшін жауап береді.

3.11. Тапсырыс беруші мен Мердігер келісім шарт бойынша олардың арасында туындаған немесе барлық келіспеушіліктерді және дауларды тікелей ресми емес келіссөздердің барысында шешуге барлық күш-жігерлерін салулары тиіс. тиіс тиіс тиіс тиіс тиіс
3.12. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күннің ішінде Тапсырыс беруші мен Мердігер Келісім - шарт бойынша бейбіт жолмен дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мәселені шешуді талап етуі мүмкін.

3.13. Егер Мердігер техникалық құжаттамада және ҚНжәнеЕ талаптарын бұза отырып орындалған жұмыстарды түзету жөнінде өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау - сметалық құжаттамаға сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші жұмыстардың тұтас немесе оның бір бөлігінің тоқтатылуы туралы Мердігерге жазбаша нұсқамамен өкім етуі мүмкін.

3.14. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келтіру) және бұл туралы Тапсырыс берушіден жазбаша ескертулер алғаннан кейін жеті күннің ішінде жазбаша немесе іс-қимыл жасалуымен жауап бермесе, Тапсырыс беруші көрсетілген жеті күндік мерзімі өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқығы бар. Табылған ақауларды жоюға бағытталған іс-әрекеттер жасаламаған жағдайда Тапсырыс беруші, Мердігер барлық қажеттті жұмыстарды орындағанша жұмысты тоқтата тұрады.

3.15 Мердігер «2020 қамту бағдарламасы» бойынша жұмыс орындарымен қамтуды өз мойнына алады.




  1. Тараптардың жауапкершілігі




    1. Мердігер жұмыстарды жүргізудің техникалық қауіпсіздігі үшін толық жауап береді.

    2. Құрылыс жүргізуге бөлінген жер телімінде табылған тарихи немесе басқа да мүдделілік пен құндылығы бар кез келген табылған зат (олжа) Тапсырыс берушінің меншігі болып табылады. Мердігер осындай олжа туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуі және оларды акті бойынша Тапсырыс берушіге тапсыруы тиіс.

    3. Егер Тапсырыс беруші қабылдаған шешім Мердігерге Келісім шарт талаптарының шеңберінен шығып кетткендей болып көрінсе, жоғарыдағы шешім бойынша Мердігер сотқа шағым беруге мүмкіншілігі бар.

    4. Мердігер жұмыстардың орындалу сапасына, құралдарына, әдістеріне, техникасына және кезектілігіне бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ Келісім шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіруге толық жауап береді.

    5. Мердігер өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігердің, Қосалқы мердігер қызметкерлерінің және сенімді тұлғаларының, сондай-ақ Мердігермен жасалатын шарттың негізіндегі Келісім - шарт шеңберінде жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да тұлғалардың іс-әрекеттері мен олқылықтары үшін Тапсырыс берушінің алдында жауап береді.




  1. Жұмыстарға тапсырыс беру мерзімдері мен тәртібі




    1. Негізгі Келісім - шартқа қол қойылған күннен бастап 10

күн мерзім ішінде Мердігер Тапсырыс берушіге жұмыстардың жүргізу кестесін бекітуге береді, онда нысанның құрылысы бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімдері баяндалады.

5.2. Төмендегі оқиғалар жұмыстың ұзақтығы мерзімдерін өзгертуге әкеп соқтырады:

1) Тапсырыс беруші нысананың барлық жер телімдерін пайдалануға рұқсат етпейді, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Мұндай жағдайда Тапсырыс беруші осы Келісім - шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;

2) Тапсырыс беруші Келісім - шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге нұсқау береді. Егер осы сынақтар қандай да бір Ақауларды көрсетпеген жағдайда, сынақ жүргізу үшін жұмыстар тоқтатылған уақыты Келісім – шартта көрсетілген жұмыстардың орындалу мерзіміне қосылады;

3) Алдын ала төленетін төлем кідірілсе;

4) Тапсырыс беруші қабылданған жұмыстарға ақыны 30 күнтізбелік күн ішінде төлемейді.


6. Жұмыстардың орындалу мерзімдері мен тәртібі
6.1. Егер ойлағаннан басқадай әрекет жасауға мәжбүр ететін жағдайлар немесе ауытқулар орын алса, жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етілсе, сондай-ақ жұмыстарды орындау барысында қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталса, Тапсырыс беруші оларға өзі ұсынған жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көзделген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

6.2. Мердігер Тапсырыс берушімен келісіп, осы Келісім - шартта көзделген жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

6.3. Мерзімінен бұрын орындалған жұмыстар келесі кезеңде орындалатын жұмыстардың есебіне жатқызылады.

6.4. Негізгі Келісім - шарт бойынша жұмыстардың жеткізілетін жері: Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданы.

6.5. Негізгі Келісім -шартта көзделген жұмыстар бас жобалаушы «Мегастрой фирмасы» ЖШС ұсынған жұмыс сызбаларына толық сәйкестендіріліп орындалады.
7. Жұмыстардың орындалу сапасы
7.1. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция Ақаулы болып табылса, Мердігер жұмыстардың Ақауын түзетеді және конструкцияны ауыстырады.

7.2. Тапсырыс беруші табылған Ақаулардың түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша хабардар етеді.

7.3. Ақаулар туралы хабарлама алғаннан кейін Мердігер Тапсырыс беруші келісілген уақыт кезеңінің ішінде Ақауды жоюға тиіс.

7.4. Мердігер Тапсырыс берушімен негізгі материалдар және жабдықтардың үлгілеріне қатысты келіседі және Тапсырыс берушіге шарт бойынша берілетін материалдар мен жабдықтың сапасы жақсы және жаңа болатынына, жұмыс жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін деңгейде болатынын және оның сапасын төмендететін ақауларсыз орындалатынына, жұмыс құрамы жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді. Негізгі талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсат берілмеген өзгерістері бар жұмыс ақаулы болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мерзім Мердігер ұсынатын кепілдікке Мердігер (Қосалқы мердігермен) пайдалану кезінде, түрлендіру ережелерінің бұзылу себебі бойынша, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану кезінде жол берілген тозу немесе жабдықты бүлдіру себебі бойынша зиянды өтеу немесе Ақауды түзету енгізілмейді. Тапсырыс берушінің талаптары бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын растайтын Құжаттарды беруі тиіс.

7.5. Мердігер жеткізетін жабдықтардың, қосалқы бөлшектері мен механизмдерінің кепілдік мерзімі дайындаушы-зауыттың кепілдік мерзіміне сай келеді.
8. Өзара есептесудің мерзімдері мен тәртібі
8.1. Мердігер Келісім - шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін Тапсырыс берушінің депозиттік шотына немесе банктік кепілдік ретінде, бөлінген сомадан 3 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем сомасын, кепілдік ретінде ақшалай аударады, жоғарыдағы төлем Тапсырыс берушінің шотына аударылғаннан кейін ғана, Мердігердің шотына Келісім - шарт бойынша, қажетті құрылыс материалдарын, жабдықтарды сатып алу және жалақы беру үшін үстіміздегі жылға бөлінген ақшалай қаражаттан 30 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем сомасы аударылады.

Егерде мердігер уақытында, келісім-шартқа отырғанан кейін 10 күн ішінде, тапсырыс берушіге қол қойылған келісім-шартты ұсынбаған уақытта немесе келісім-шартқа отырып бірақ келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда мемлекеттік сатып алу заңының 4 тармағы 37 бабына сәйкес, мердігер келісім-шартықа отырудан бас тарты деп танылады.

Егерде мердігер келісім-шарттан бас тартқан болып танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

1) мердігердің конкурсқа қатысу үшін қамтамасыз еткен өтінімін қайтармауға және үәкілетті органдарға қатысты мәліметті ұсынып және мемлекеттік сатып алу қатысушысының ісіне ықылассыз деп мойындап сотқа шағым беруге құқығы бар;

2) мердігерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырмауы жайлы іске тартуға және келісім-шатрқа отырудан бас тартуы себебінен шыққан шығымдардың орнын толтыру үшін сотқа шағым беруге құқығы бар.

8.2. Тапсырыс беруші Мердігердің орындаған жұмыстарының ақысын Мердігердің берген төлемдік талаптарына (шот-фактураларына) сәйкес 7 күнтізбелік күнде төлейді.


8.3. Орындалған жұмыстардың көлемі үшін есептесу Тапсырыс берушіге әр айдың 22-нен кешіктірілмей берілетін, тек Ф-2 кс, Ф-3 кс нысандары бойынша орындалған жұмыстардың көлемінің актілеріне екі тарап міндетті түрде қол қойған соң ғана жүргізіледі, (орындалған жұмыстардың актілері – сметалық құжатамадағы көрсетілген құнынан аспайтын, шынында шығарылған шығындармен оған ұсынылған сапасын растайтын сертификаттар және бағалар анықтамалығына сәйкес 2 КС, 3 КС формалары қабылданатыын болады), мердігерге және қосалқы мердігерге әкелген құрылыс материалдарымен құрылымдардың және бұйымдардың көлемі, және өндірген мемлекеті көрсетілген мәліметті ұсынулары қажет. До подписания актов выполненных работ Поставщик обязуется предоставить Заказчику информацию о казахстанском содержании, в соответствии с утвержденной Единой методикой расчета организациями казахстанского содержания при закупке ТРУ, утвержденной Постановлением Правительства РК от 20 сентября 2010 года № 964, предоставить в подтверждении данной информации имеющиеся сертификаты СТ-КЗ на товары, а также информацию о фонде оплаты труда, и оплату труда казахстанских кадров

8.4. Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында орындалған жұмыстардың көлемі үшін есептесу ақшасыз есеп айырысу жолымен орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес жүргізіледі.


8.5. Ай сайынғы төлемдер орындалған жұмыстардың көлемінен бара-бар мөлшерде алдын ала төлем сомасы ұсталып қалып отырады.
8.6. Мердігерге осы Келісім шарт бойынша жалпы құнның 5 пайызы мөлшерінде түпкілікті төлем жасауды, келісім - шарттар келісім - шарт бойынша барлық міндеттемелер өтеліп және Ақаулар түзетілген жағдайда ғана, Тапсырыс беруші төлем ақыны толығымен жүргізеді.
9. Форс-Мажор
9.1. Тараптардың әрқайсысының өзіне алған міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындауына кедергі жасайтын күтілмеген жағдайда туындаған, осы Келісім - шарт бойынша міндеттемелердің атқарылу мерзімін өзгерту туралы келісім - шарт жасасып, өздері белгілеген мерзімге, кейінге қалдырады.
9.2. Егер Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылауы мүмкін емес дүлей зілзала, әскери іс-қимылдар немесе қандай да бір ойламаған басқадай әрекет жасауға мәжбүр ететін төтенше жағдайлар Келісім - шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Келісім - шарттың тоқтатылуын куәландырады. Мердігер тоқтату туралы хабарлама алғаннан кейін, қысқа мерзімде Нысанның сақтауға қойылуын қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Нысанды тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін  және Нысанды сақтауға қойылуына байланысты жұмыстар үшін Мердігерге ақысын төлейді.
9.3.Тапсырыс беруші жоғарыда айтылған себептер бойынша олардың толық аяқталуына және қабылдауына дейін Мердігер жұмыстарының қандай да болмасын залалдары немесе қандай да болмасын зақымданулары үшін жауап бермейді және Мердігер жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде туындаған қандай да болмасын залалдың, қандай да болмасын зақымданулардың және өзге де ақаулардың барлық түзетулерін қосымша өтеусіз жүзеге асырады.
10. Өзге талаптар
10.1. Негізгі келісім - шартта төменде аталатын ұғымдар төмендегідей түсініктемені қамтиды:

- Тапсырыс беруші – «Талдықорғанмемсараптама»ЕМК.

- Бас мердігер (бұдан әрі Мердігер) – «Г құрылыс» ЖШС.

Қосалқы мердігер – Келісім - шарт бойынша жер телімінде (нысанда) жұмыстардың бір бөлігін орындау туралы Бас мердігермен шарт жасасқан тұлғаны немесе ұйымды білдіреді.



  • Техникалық қадағалау – Келісім - шарттың

талаптарына сәйкес Мердігердің мердігерлік жұмыстарын орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарландырылған тұлғаны білдіреді.

Нысан «Талдықорғанмемсараптама ЕМК гимараттың салу»

Жер телімі – Нысанның құрылысына немесе

жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген аумақты білдіреді.



  • Шарттың құны - Мердігер оның конкурстық өтінімінде

көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған Келісім -шарттың жалпы сомасын білдіреді.

  • Шарт - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып

алу туралы" Заңына және ғимараттар мен құрылыстарды салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында жасалған азаматтық-құқықтық келісім - шарт. Келісім - шартқа қол қойылғаннан кейін, оған барлық толықтырулар мен өзгерістер өзгерістерді қабылдау арқылы жасалуы мүмкін. Келісім - шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасында, қандай да бір шарттық қарым-қатынастар жасау мақсатында түсіндірілмеуі тиіс.

  • Уақытша құрылыстар - Нысанның құрылысы мен

жөндеу үшін қажетті Мердігер тұрғызатын, қондыратын және Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін алынып тасталатын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды білдіреді.

Материалдар – Мердігер мен Қосалқы мердігер Нысананың құрылысы үшін пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді.

  • Жабдық - Нысанның құрылысы үшін жер телімінде

уақытша орналастырылған Мердігер мен Қосалқы мердігердің барлық машиналары мен механизмдерін білдіреді.

  • Құрылыстың ұзақтық мерзімі - Мердігер оның

ішінде Нысананың құрылысын аяқтайтын мерзімді білдіреді.

  • Күндер - күнтізбелік күндер, Айлар - күнтізбелік айлар.

  • Өзгерістер – Келісім - шартқа қол қойылғаннан кейін

Тапсырыс беруші берген өзгерістер.

  • Ақау - Келісім -шарт талаптарын бұзушылықтармен

орындалған жұмыстардың бір бөлігі.

- Кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі - жұмыстардың орындалуын тексеру барысында анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі.


10.2. Мердігер жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлыққа және өзге де себептерге байланысты залалдың, зақымданудан, жойылуын, қараудың барлық түрлерінен орындалған жұмыстарды және барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстар мен өзге де жұмыстарға байланысты тұрған қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өз жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және де жолдарды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын әрі жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің өзге де түрлерін қоса алғанда, (бірақ осымен шектелмей) зақымданудың қандай да бір түрлерінен немесе басқа да себептерден оған тиесілі ғимараттарды қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Жоғарыда айтылғандарға байланысты Мердігер шеккен барлық шығындар Тапсырыс беруші тарабынан қосымша өтеуге жатпайды.
10.3. Тапсырыс беруші немесе Мердігер, егер екінші басқа тараптан Келісім - шарттың көзделген принциптік қағидаларын бұзатын елеулі жағдайлар орын алған болса, араларындағы шартты бұза алады.


    1. Келісім - шарттың елеулі түрде бұзылуы мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгендермен шектелмейді:

  1. Егер Мердігер жұмыстардың Орындалу кестесінің мерзімін бірнеше мәрте бұзатын болса, Тапсырыс беруші Келісім - шартты бұза алады;

  2. Жұмысты тоқтатуға Тапсырыс беруші тарапынан рұқсат

етілмесе де, Мердігер 5 күнге дейінгі мерзімге жұмыстарды тоқтата алады;

  1. 3) Мердігер Тапсырыс беруші анықтаған негізделген уақыт кезеңінің ішінде көрсеткен Ақауларды жоймаса;

  2. Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстардың барысын кідіртуге нұсқау берсе, және де мұндай нұсқау 5 күн ішінде күшін жоймаса;

  3. Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе біріктірілуін қоспағанда, қандай да болмасын себептер бойынша банкроттыққа ұшыраса немесе таратылса;

  4. Тапсырыс беруші техқадағалаушы растаған және Тапсырыс беруші қабылдаған соманы, расталған күннен кейінгі 15 күн ішінде Мердігерге төлемесе.

  5. 7) Мердігер жобалау құжаттамада және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелеріне, нұсқаулықтарына және Ережелеріне мән бермесе.

10.5. Егер Келісім - шарт бұзылса, Мердігер жұмыстарды дереу тоқтатуы, Нысанды сақтауға қойылуын және оны Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіппен тапсыруды қамтамасыз етуі тиіс.
10.6. Егер Келісім шарт Мердігердің Келісім - шартты елеулі түрде бұзуына байланысты бұзылса, Тапсырыс беруші алдын ала төленген сомалар мен жаңа Мердігерді таңдау шығындарын шегеріп тастағаннан кейін іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған сомаларды Мердігерге төлейді. Егер Келісім - шарттың бұзылуына байланысты Тапсырыс беруші шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге төленуге тиіс борышты құрайды.
10.7. Тапсырыс беруші кез келген уақытта оның одан әрі орындалуын Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, орынсыз екендігіне байланысты Келісім - шартты бұза алады. Хабарламада Келісім - шарттың бұзылу себебі көрсетіледі, Келісім - шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Келісім - шарт оның бұзылуы күшіне енгізілетін күні келісіледі.
10.8. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың, сатып алынған материалдардың құны үшін, Нысаннан машиналар мен механизмдерді әкетуге жұмсалатын шығындарға және Нысанды сақтауға қою құны үшін ақы төлеуді жүргізеді.
10.9. Келісім - шарттың осындай мән-жайларға байланысты күші жойылса, Мердігер Келісім - шарт бойынша бұзылуға байланысты тек іс жүзіндегі шығыстар үшін бұзылу күніне дейін ғана, ақы төлеуді талап етуге құқығы бар.

10.10. Нысанда тұрған барлық материалдар мен Жабдықтар, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады. Егер Келісім - шарт Мердігердің Келісім - шарттың қағидаларын елеулі түрде бұзуы себебі бойынша бұзылса, Келісім - шарттың бұзылуымен байланысты қаржылық анықтаулар шешілгенге дейін оның иелігінде болады.


10.11. Мердігер Нысанға жеткізілуі тиісті барлық материалдар мен жабдықтарды жеткізуді, тасымалдауды, түсіруді және сақтауды ұйымдастыру үшін жауап береді. Жеткізілетін өнім тек қана Мердігердің атынан жүзеге асырылады. Басқадай жағдайда Тапсырыс беруші жеткізуге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының бос тұрып қалуына ақы төлеуге байланысты шығындар үшін жауап беруге тиісті емес. Басқа жеткізулер Тапсырыс берушінің атына бағытталуы тиіс емес.
10.12. Мердігер Жер тіліміне материалдар мен жабдықтарды алу кестесін Тапсырыс берушіге ұсынады. Сақтау, қалап немесе текшелеп жинау үшін тек Тапсырыс беруші рұқсат еткен жер телімдері пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер жүк түсіруді және өз материалдары мен жабдықтарын сақтауды кідірткен жағдайда және мұндай кідіріс тұтас алғанда, жұмыстарды жүзеге асыруға нұқсан келтірсе, Тапсырыс беруші Мердігер есебінен жүк түсіруді және Мердігердің материалдары мен жабдықтарын сақтауды жүзеге асыра алады (бірақ мұны істеуге міндетті емес). Егер осындай жүк түсіруді немесе сақтауды Тапсырыс беруші жүзеге асырған жағдайда, жоғарыда аталған зиян немесе зақымдануға байланысты барлық қаып-қатерді Мердігер өз мойнына алады.
10.13. Мердігер Жер тілімі аумағын тазалықта ұстайды. Мердігер Жер телімінен барлық құрылыс қоқысын шығаруға және Жер тілімін жедел тәртіпке келтіруге міндетті.
10.14. Егер Мердігер Жер телімін тазалықта ұстауға шамасы келмеген жағдайда, оны осы Келісім - шартта талап етілгендей Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігер есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
10.15. Мердігер Келісім - шартта келісілген барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстардың аяқталуы туралы Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Келісім - шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны белгілейді. Жұмыс комиссиясының құрамына Бағдарлама Әкімшісі өкілі енгізілуі тиіс.
10.16. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен жүргізіледі, оның ескертпелері жойылғаннан кейін Нысан Мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдауына беріледі.
10.17. Жұмысшы топ кемшіліктердің тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Кемшіліктерді жою күні Келісім - шарттың аяқталу күні болып табылады. Барлық кемшіліктерді жою дерегі Нысанды пайдалануға түпкілікті
қабылдаудың Актісімен (Мемлекеттік комиссия актісі) анықталады.
10.18. Жұмыстардың басталу мерзімі осы Келісім - шарттың тіркелген күні болып саналады.
10.19. Мердігер жұмыстардың барлық түрлерін 2011 жылдың 15 желтоксансына дейін аяқтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
10.20. Төменде саналатын құжаттар Келісім - шарттың қосымшасы болып саналады, яғни:

1) Келісім - шартты орындауды қамтамасыз ету;

2) Жобалау - сметалық құжаттама.
10.21. Келісім - шарт орыс және қазақ тіліндерінде құрастыралады. Келісім - шартқа тиесілі барлық хат-хабар және тараптар алмасатын басқа да құжаттама осы талаптарға сай келуі тиіс.
10.22. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері Келісім - шарттың құқықтық нормалары болып табылады.
10.23. Нысан құрылысының мәселелеріне қатысты Тапсырыс беруші, Мердігер және Бағдарламалардың Әкімшісі арасындағы ресми қатынастың жазбаша түрде ғана күші бар.
10.24. Өтінім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгертпеу шартымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер еңгізуге:

1) ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаны өзгертпейтін шартпен сатып алынатын жұмыстардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе ұлғаюына байланысты шарттың бағасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында осы жұмыстарды сатып алу үшін көзделген соманың шегінде жол беріледі;

3) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгерісіне байланысты еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ тиісті өгерістер еңгізу шартымен шарттың орындалу мерзімдерін тиісінше өзгерту бөлігінде жол беріледі.


10.25. Егер Мердігер Келісім шартта (2.2.-т., 10.19-т.) көрсетілген мерзімдерде жұмыстарды орындамаса, онда Мердігер мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде бюджетке айыппұл төлейді. Айыппұл санкцияларын төлеуден бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші есептелген соманы ағымдағы төлемнен ұстап қалуға және оны бюджет кірісіне аударуға құқылы.
10.26. Негізгі Келісім - шартта белгіленген тәртіппен Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қағидалар көзделуі мүмкін.

10.27. Жұмыстардың басталу мерзімі соңғылардың нұсқауы қабылданған, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық аумақтық органында тіркелген күннен бастап, Негізгі Келісім - шарттың күшіне енген күні болып саналады және 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.


10.28. Негізгі Келісім - шарт заңдық күші бірдей екі данада құрастырылған.

Каталог: sites -> gosexpertiza -> files
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 Хаттама Қызылорда қаласы «07» ақпан 2012 жыл Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Қызылордамемсараптама»
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №1 Хаттама
files -> Кейбір шет елдердегі құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сарапатама жүргізу тәжірибесі туралы
files -> Мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған үлгі шарты қ. 20 жыл Бұдан әрі «Тапсырысшы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет