Рыскиева Айымжан Әбуқызы



Дата16.06.2016
өлшемі7 Kb.
#139548
Рыскиева Айымжан Әбуқызы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін, 2004 жылы философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының аспирантурасын, 2007 жылы Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-нің француз тілі факультетін бітірді. Шет тілдерінен француз және түрік тілдерін еркін меңгерген. Түркі дүниетанымы мен философиясы, қазақ философиясының тарихы, рәміз философиясы, тіл философиясы, француз философиясының тарихы мәселелерімен айналысады. 2009 жылы сәуір айында 09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша «Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі түркілік дүниетанымның рәміздік негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жұмысын қорғаған. 25-тен аса ғылыми мақалалардың авторы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет